1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


  Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата21.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#95614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Тарих

10. 
Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
 
Сақ және сармат тайпаларының кезеңдері. Сақ және сармат тайпалары туралы деректер. Темір дәуірі— 
тас дәуірі және мысты мен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады. Қазақстан 
және оған көршілес аймақтарда ерте темір дәуірі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында басталып, б.з. 1 
мыңжылдығының орта шеніне дейін жалғасады. Ал жалпы темір дәуірінің аяқталу уақытын кей 
ғалымдар Еуропадағы өнеркәсіп төңкерісінің басталу мерзімімен байланыстырса, ал енді бір 
тарихшылар үшін темір дәуірі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Себебі темірдің қорытпасы болып 
табылатын болат пен шойын осы заманның да негізгі конструкциялық материалы болып табылады. Ерте 
темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен 
сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен 
Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік 
Қара 
теңіз
, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға 
туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары 
өмір сүрген. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар — 
парадарайя сақтары, тиграхауда сақтары және хаомаварга сақтары. Парадарайя сақтары дегеніміз — 
теніздін арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін 
Қара теңіз жағалауы деп есептейді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің 
шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек 
жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар.Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-
Шаньды мекендеген.Грек жазба деректерінде хаомаварга сақтарды кейде амюргия сақтары деп те 
атайды. Олар Ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің 
жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары 
қазіргі Ташкент 
облысын
, Ферғана маңын жайлаған. Б.з.д. III ғасырдан бастап массагеттердің аты көп аталмайды, 



олардан гөрі дайлар (дах) тарихи мәліметтерде көбірек аталып, бұлар Каспийдің оңтүстік-шығысынан 
Парфия шекарасына дейінгі жерді алып жатты.«Авестада» сайрим деген тайпалар жөнінде айтылады. 
Осы сайрим тайпаларын кей ғалымдар грек деректеріндегі савромат, сарматтар деп есептейді. Олар 
Каспийдің солтүстік-батысынан Азов теңізіне дейінгі аралықты жайлаған Сонымен, ғалымдардың 
тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс 
Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар 
аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдениэтникалық жақын, туыстас тайпалар болған. Қазақ 
мемлекеттігінің 
тұптамырын зерттеуді сақ
, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік 
құрылымынан бастаған жөн .Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VIII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда 
малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік 
құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп 
түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар 
қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек 
шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да 
жасалады. Бұл кейін мүлік 
теңсіздігіне әкеліп соғып
, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Сақ 
патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, 
басқа елдерге елші тағайындады
, сырт елдермен одақ 
құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, 
оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел 
құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын 
көрсетеді. Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстың қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың 
патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған. Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік 
тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде 
құлдар болды. Әдетте, басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы 
көшпелілердегі құлдың мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бұгінгі 
ғылыми тұжырымдар бойынша

көшпелі елдерде құлдың отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көншелілерде құлдықтың тек алғашқы 
түрі — үй ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты 
адамдардың есігінде жүріп, үй ішілік жұмыстар атқарған. Сонымен сақ қоғамы — патшасы, нөкер 
жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтері, байлары, кедейлері, құлдары бар 
қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет