1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері



Pdf көрінісі
бет16/80
Дата21.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#95614
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
 
24. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.
Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “Меркіттер” атауы 
Мэргэд
 (Мерген – түбір сөзі де, “д” – тунгус-моңғолша 
көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер 
болған. 
Рашид ад-Диннің
 айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда 

Цзубу
” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (
Байкал
) Селенга өзенңнің 
орта бойы 
Орхонға
 дейін, 
Бүрэн жотасы

Хан тауы

Қасқа бүркіт жотасы

Ноян

Дэлгэрхан
 жотасын 
мекендеген. Үш меркіт одағы (
Мэә-Ли-Зи
) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне 
көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Меркіттер көрші 
наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (
керейлер
) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. 
Шыңғыс 
хан
 бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен Меркіттер болды. 
Олар 1178 жылы Тэмужиннің (Шыңғыс хан) жаңа түскен келіншегі қоңырат қызы Бөртені қолға түсірді. 1179 
жылы Шыңғыс хан Меркіттер ордасына тұтқиылдан шабуыл жасады. Бұл тарихта Бугур-Кегер шайқасы деп 
аталды. Осы шайқастан кейін Меркіттер Орталық Азиядан ығыстырыла бастады. Тоқтыбек бастаған 
Меркіттер 1205 жылға дейін моңғолдарға қарсылық көрсетіп, қазіргі 
Солтүстік Қазақстан
 жеріне шегінді. 
1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыс ханның ұлы 
Жошы
 
Ырғыз өзені
 бойында қыпшақтармен 
соғысып, 
Хорезм шаһ
әскерлерімен кездесті. 
Найман,керейіт,жалайырлар олар мемлекеттiлiк бастауларына үлес қосты. Найман тайпалар одағы VIII 
ғасырдың орта кезiнде Ертiстің жоғары тұсы мен Орхон өзенінің аралығында сегiз-оғыз атаумен пайда 
болған. Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. Х-ХІІ ғасырдың 
басында наймандар Ляо империясына тәуелдiлiкте едi. Керейiттер (керейлер) мен меркiттермен 
одақтасқан наймандар iрi мемлекетті құрылымға айналды. Наймандар өздерiн 
қоршаған көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз этникалық 
саяси және мәдени байланыс орнатты. 1125 жылы Қидан мемлекетi күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше 
мемлекеттік бiрлестiктер құрылды. Олардың арасынан жетекшiлiк рөл керейiт хандарының қолына көштi. 
Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер Х ғасырдың басында кездеседі. Олар Шыңғысхан шапқыншылығына 
дейінгі кездерде Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдiк еткен. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының 
өрлеу кезiне қарай қазіргі Моңғолия жерінің Хилок және Орхон сағасы аймағын мекендеген. Наймандар, 
керейiттер, жалайырлар құрған ұлыстар — алғашқы феодалдық мемлекеттік құрылымдардың бір көрінісі 
болып табылады. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрады. «Ұлыс» 
ұғымы ол кезде «халық" дегендi бiлдiрген.
25.  Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Ұлы Жiбек жолының ашылуы. Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3–2 
мыңжылдықтардан
, Шығыс 
Түркiстаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы 
Қытайдан император У-дидiң Батыстың беймәлім елдерiне (күн қайда батса, сол жаққа) жiберген елшiлiк 
керуенi жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тiке жол тартты. Са- пар барысында сауда үшін 
қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады. Тарих ғылымында б.з.б. II 
ғасырды Ұлы Жiбек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшiсiнен 
кейiн iлешала бұл жолмен Батысқа жiбек керуендерi жүрдi. Рим мен Византия, Үндiстан, Иран, Араб 
халифатынан осы елдерде өндiрiлетiн тауарлар тасылды. Ұлы Жiбек жолының маңызы – халықтар мен 
мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын ХIХ ғасырда ғана 
алды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, 
жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі. 
∆VI–ІX ғасырларда түркілер рухани және материал-Дық дамуда үлкен жетістіктерге жетті. Түркілердің 
руналық жазуы пай-Да болды. Темiрдi өнеркәсiптiк 
негiзде өндiру қолға алынды
, қалалар са-Лынды. 


12 
Тәңіршілдік, будда, манихей, христиан, ислам дiндерi таралды.Түркілердiң ортағасырлық мәдениетi 
көшпелiлер 
мен отырықшыларды бiрiктiрiп
, бiртұтас түркi мәдениетiн қалыптастырды. Түркілер табиғат 
жағдайлары көшпелi өмiрге қо-Лайлы жайылымдық жерлерден басқа аумақтарда да қала және ауыл 
Тұрғындары ретiнде өмір сүрді. Ерте орта ғасырларда қала мәдениетi Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу 
Аймақтарында дамыды. Оңтүстiк Қазақстанда ортағасырлық қала Мәдениетi ежелгі қаңлылар дәстүрінде 
қалыптасты. Осы аумақта қала мәдениетiн өркендетуде соғдылар Маңызды рөл атқарды. VI–ІХ ғасырларда 
Оңтүстiк Қазақстанда түркi-соғдылық аталған мәдени кешен Пайда болды.Қалалардың негiзгi халқын 
түркілер құрады. Бұған қалалардың Түркiлiк атаулары дәлел бола алады. Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» 
Ретінде атап көрсетілді.Қыстаулар мен Көктемгi жайылымдарда халықтың бiр бөлiгi қалдырылды. Олар мұнда 
дәндi дақылдар өсiрдi, осы Жерлерге қолөнершiлер қоныстана бастады, көпестерТоқтады. Олар негiзiнен мал 
айдайтын жолдың бойы-На шоғырланды. Билеушiлердiң ордалары тiршiлiк көзiне қолайлы Жерлерде – өзен 
алқаптары мен сауда жолдарында ор-Наласты. 
Кейін олар да әкімшілік билік
, қолөнер мен сауда орталығына, 
Қалаларға айналды.VІ–ІХ ғасырларда қала мәдениетiн дамытуда Ұлы Жiбек жолы және халықаралық керуен 
сау-Дасы маңызды рөл атқарды. Қарқынды сауда Iле, Шу және Талас өзендерiнiң алқаптарында ондаған 
қалалар мен бекiнiстi Қалашықтардың пайда болуына әсер етті.VI–VІІІ ғасырларда Шу алқабында iрi қалалар 
мен көптеген шағын Қоныстар болды. «Хұдуд әл-алам» деректерiнде қарлұқтар елiнде 25 қала Мен қоныс 
болғандығы айтылады. Олардың көпшілігі Ұлы Жiбек жолы Бойында орналасты. Қалалар туралы деректер 
руна жазуларында сақталған. Мәселен, Көне түркі руна ескерткiштерiнде «балық» – қала, «барқ» – ғимарат де-
Ген түркiлiк атаулар келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет