15
Соған қарамастан Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына
кіретін рулар мен тайпалар
, кейіннен құрылған
Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай
деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан
Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі
жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек
сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды.
Осында көшіп
келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін
қалады.
Хандықтың
басында
Керей
хан
мен
Жәнібек
сұлтандар
тұрған
еді".
Жоғарыда айтылған жайттардан Ақ Орданың тайпалары мен рулары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуы мен
халқының қалыптасуына әсер етті деген түйін жасауға болады.
31.
XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы Моғолстан. Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы.
14 ғасырдың
ортасында Шағатай ұлысы ыдырап
, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды.
Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді
тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп
сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл
аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің
орталығы – Алмалық қаласы.
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша
дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы
саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге
әрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент
қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға
алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады.
Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды. 1462
жылы Есен-бұға
қаза болған соң Жүніс
Моғолстанға оралып
, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс
ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ
хандығының құрамына енді.
Достарыңызбен бөлісу: