15-тақырып. Моғолстан мемлекеті (ХІҮ ғ. ортасы-ХҮІ ғ. басы). Әмір Темір мемлекеті



бет1/3
Дата24.11.2023
өлшемі182,5 Kb.
#125488
  1   2   3
Байланысты:
f60937edb1e5190


15-тақырып. Моғолстан мемлекеті (ХІҮ ғ. ортасы-ХҮІ ғ. басы). Әмір Темір мемлекеті (1370-1405 жж.).
1.Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. Моғолстан –ХІҮ ғ. ортасында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Негізін салушы → дулат тайпасының көсемі Әмір Поладшы. Алғашқы ханы → Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Ол Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі. Астанасы → Алмалық қаласы. Территориясы → Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы- Жетісу.
2.Моғолстан халқының этникалық құрамы. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
Халқы – түркі тілдес тайпалар: дулаттар,қаңлылар,үйсіндер,арғындар,барластар, бұлғашылар,керейттер.

ХІҮ ғ. ортасындағы Моғолстан мемлекетінің картасы
Моғолстан билік еткен хандар: Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), Ілияс Қожа (1362-1385 жж.), Қызыр Қожа хан (1385-1399 жж.), Мұхаммед хан (1408-1418 жж.), Уайс хан (1418-1428 жж.), Есен Бұға хан (1433-1462 жж.), Жүніс хан (1462-1487 жж.).
3.Моғолстан ішкі-сыртқы жағдайы:

  • 1360-1361 жылдары Тоғылық-Темір Мәуереннархрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс –Қожаны Мәуереннахрдың хан тағына отырғызды.

  • 1365 жылы 22 маусымда Ақсақ Темір мен Ілияс Қожа арасында Ташкент қаласының маңында екі жақтың арасында шешуші «Батпақ шайқасы» болды. Шайқаста екі жақтан 10 мың әскер қаза тауып, Ілияс –Қожа хан жеңіске жетті.

  • 1380-1390 жылдары Әмір Темір 120 мың әскері мен Моғолстанға бірнеше ретжорық жасаған.

  • 1425 жылы Ұлықбек Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратты.

  • 1433-1462 жылдары Моғолстан дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұғаның хан тағына отырды.

  • Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар –Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.

Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
4. Әмір Темірдің өмірбаяны. Әмір Темір (Ақсақ Темір, Темірлан; 8 сәуір 1336 жыл, Қожа- Илғыр ауылы, қазіргі Шахрисабз -18 ақпан 1405 жыл, Отырар) – атақты Монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет