47
жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт
адамдар қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан
155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы
көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші
Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш
өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына
жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл”
ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс”
колхозынан Малжегеровазвенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер
ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе
облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швальковасоғысқа кеткен күйеуінің
комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері
атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес.
Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр.
Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Әбішев, О. Малыбаев,
А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы,
қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан –
майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын,
колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім
ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін
ешкім есінен шығармауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: