49
ынталылығы тӛмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село
тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп,
туған жерлерінен кетуіне
тыйым салынды. Еңбек ақы тӛлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда ӛндірілген астықтың
тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз
жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді.
Ауыл-селодағы мұндай ауыр
жағдайды ӛзгертумәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін кӛңілбӛлінген жоқ. Сайып
келгенде, ӛнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге кӛтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.Тың
игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің өзгеруіне әсер етті. Тың игеру кезінде Қазақстаннан тыс
жерде өмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі туды, қазақ зиялылары сондай пікір де көтерді ,
бірақ
бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға тың игеруге көптеген басқа ұлттың адамдары келді. Олардың ішінде
басшы қызметкерлер, мамандар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды. Жергілікті жерлердегі қазақ
мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ тіліндегі газеттер жабылды.
Мұндай көріністеринтернационализм мен ұлттар достығының белгісі деп бағаланды. Тың және тыңайған
жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен кӛлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда,
басқа
республикалардан келгендердің саны шамадан тыс кӛбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер
жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектепинтернаттарда оқытыла бастады. Олардың
басым кепшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның ӛзі, бір жағынан, қазақ жастарының ӛз ұлтының
тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты
орыстандыру
саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне кӛшірілді.
Мұндай орыстанупроцесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл үдеріс
соның ӛзінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бӛлігін ӛз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ
күйінде қалдырды. Осындай саясаттың салдарынан қазақ халқы ӛз республикасында азшылыққа айналды.
1959 жылғы сынақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы (табиғи ӛсуіжоғары болса да) 8%
кеміп, жалпы халықтың 29 пайызына түсіп қалды. Солтүстік облыстардағы қазақтардың үлес салмағы
республикалық орташадан кӛп тӛмен болды. Жер, су, қала, қыстақ аттары орысшаланды.
Достарыңызбен бөлісу: