1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


тақырып:”Қазақ” терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны



бет28/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

36тақырып:”Қазақ” терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны.
Қазақ сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде ол Мысырда құрастырылып, 1245 қолжазба бойынша белгілі және 1894 ж. Лейденде басып шығарылған, осы анонимдік түрік-араб сөздігінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”дегенді білдіреді.Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұл сөзді “қаз”және “ақ” деген сөздердің этнимологиясынан құрайды.Енді бір зерттеулер қазақ деген сөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрін білдіретін сөзден шығарады. Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқы мағынасы “үйсіз”, “қашқын” деген болымсыз мәні болған сөзбен байланысты.Сонымен не саяси мәні, не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан немесе өз иесінен бөлініп шыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркін адам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметі және тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркін адамдарды, сондай-ақ еркін жалданушы батрактарды айтқан. Сонымен өзінің қылышыменен өзін асырап жүріп, әр жерде кезіп жүрген. Ол “қазақ”. Алыс жолға жалғыз қиындыққа қарсы жүретін адам.Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады.«Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ.Бұл жөнінде жанама мәліметтер өте көп кездеседі.


37.​Қазақ жүздерінің қалыптасуынаэтносаяси және шаруашылық факторлардың әсері.
Қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар аралығындаҚазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалародағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауыныңтарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденгенортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атаудыәлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулероны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады.Профессор М. П. Вяткин географиялық орта әсеріне қоса, ол аймақтардың экономикалық жәнесаяси жағынан ерекшелене түсуі сол өңірлерде үшбірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына негізболғандығын дәлелдей түсті. Жүздерге бөлу тегітайпалар арасындағы қатынастарды реттеу үшінағалық (үлкендік) және кішілік сыйластық, құрметтұтуға байланысты пайда болуы тиіс. Тұрмыстықжәне қоғамдық өзара қатынастарда да қазақ руларыосы тәртіп бойынша бөлінген. Бұл туралыелбасымыз: «Қазақ ұлысының құрылу үрдісіэтникалық аумақтың қалыптасуымен жәнеэтносаяси, шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайларға орай үш этноаумақтықбірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуыменқатар жүзеге асты» деп атап кеткен болатын. Қазақжүздерінің тарихын зерттеумен кеңестік кезеңдеайналысқан ғалымдар баршылық. М. Тынышбаевқазақ жүздері Бату ханның тұсында қалыптастыдейді. Оның үлкен ұлы Орда Еженнің Ақордасының негізінде қазақтың Ұлы жүзі құрылса, Батудың кенжесі Тоқай Темірдің жерінде Кіші жүз, ал осы екі ұлыстың арасындағы территориядаБатый мен Шейбактың ортаңғы ұлдарыныңиелігінің орнында Орта жүз құрылған деген өзініңтұжырымын алға тартады. Ал «жүз» терминінеқатысты автор зерттеушілердің келтіргенуәждерімен келіспейтіндігін білдіріп, «жүз» сөзініңмағынасы ежелгі түрік тілінен аударғанда «доз», яғни «бекініс», «Орда» деген мағынаны білдіредідейді. Қазақ халқы мен оның этникалық аумағыныңқұрылу дәуіріндегі белгілі бір шаруашылық, мәдени үлгі, этносаяси процестер негізінде іріэтноаумақтық тайпалар бірлестігі ─ жүздерэтноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарыныңбірі болды. Жүздер халқының негізгі кәсібі Евразия далаларында ерте заманның өзінде-ақ қалыптасқанөзінше бір шаруашылық-мәдени үлгі – көшпелі мал шаруашылығы болды» деп, қазақ жүздерініңқалыптасу уақытын Ш. Уәлихановтың пікірінқолдап Алтын орданың ыдырау кезеңіменбайланыстырады. Жүздер бұрынғы Ордалар тәріздіқазақ рулары мен тайпаларының басты-басты үшкөшу аудандарында топтасып өмірге келді. Бұлкөшпелі шаруашылық жағдайында әбден табиғинәрсе еді. Алайда жүздердің құрылуынаэкономикалық-шаруашылық факторлардан гөріХVІ ғ. соңындағы – ХVІІ ғ. басындағы ішкі-сыртқысаяси, тіптен әскери-соғыстық факторлар басым әсер етті. Жүздік ел басқару құрылымы Есімханның ел басқаруның алғашқы жылдарында 1598-1606 жылдары орнықты деп айтуға негіз бар. Бұлжаңа жүйенің негізгі қағидалары бұрынғы ұлыстықбасқару ережелерін жаңа этно-саяси ахуалғаикемдеп негіздеген «Есім ханның ескі жолында» көрініс тапты» деп соңғы сөздерін айтады. Қазақхалқының құрылу үдірісі этникалықтерриториясына байланысты қалыптасты. Этносаяси және этникалық-шаруашылықжағдайына байланысты Қазақстантерриториясында үш жүз қалыптасты: Ұлы, Орта және Кіші жүз.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылықмүдделер негізінде қалыптасты. Алғаш рет қазақжүздерінің атауы ХVII ғ. бас кезіне жатады. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениетіжөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбірайырмашылығы болған жоқ. Үш жүздің пайдаболуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпкенегізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үшжүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзараараздыққа барып көрмеген. Керісінше, олар қазаққақауіп төнгенде, қазақ халқының тағдыры шешілерсәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқабеделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған.
жалпы қазақтың ұраны «Алаш» деп аттан салғанда, бүкіл үш жүздің ұландары атқа қонған. Ақжолбидің ХV ғасырдың екінші жартысында өмірсүргендігі анықталса, жүздердің құрылуы ХVІ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болғандығытуралы тұжырыммен келісуге болады.
Үш жүздің құрамы ежелден өмір сүріп келе жатқанжергілікті ру-тайпалар бірлестігінен құралды. Ұлыжүзде – сарыүйсін, албан, дулат, суан, шапырашты, жалайыр, ысты, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, т.б; Орта жүзде- арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ, т.б.; Кіші жүзде ірі рулардыңүш бірлестігі – байұлы, әлімұлы және жетіру. Бұларды ертеден келе жатқан ру-тайпалар құрайды.
Сонымен жүз дегеніміз-халқымыздың көшпелішаруашылығына байланысты ғасырлар бойықалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалықкатегория. Жүздердің жаз жайлауы, қыс қыстауытарихи географиялық жер жағдайына байланыстыбөлінген. Жүздер Отан қорғау жолында, бірігіпеліміздің тәуелсіздігін қорғау жолында да мемлекеттік міндеттерді атқарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет