1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер



бет6/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

6Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер.
Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан терри¬ториясында орна¬ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған.
Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру¬лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған.
Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді.
Ешкіөлмес тауындағы жартаста жүз шақты ежелгі екі аяқты күйме арба, жануарларды құрбан шалған сахнасы соғып жасалынған. Осы петроглифтер біздің заманызғадейін екінші мыңжылдықта соғып жасалынған. Ол туралы ескі екі аяқты күйме арба, қару түрлері (балта, шоқпар) және тау бөктерінде орналасқан қола дәуірінің ежелгі қоныстануы айта алады. Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған .
7 Сұрақ
Көшпеліліктің қалыптасуының алғы шарттары: табиғи - географиялық және әлеуметтік - мәдени факторлар.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. 
Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны арқылы) ретінде сипаттады.Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс, ғылымға "Дала өркениеті" – деген атпен ене бастады. Оныңәлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткеріД.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде әділ бағаберіп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығыныңқойнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өзалдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сияқты. Ал тарихты оқитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі біркезеңде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанатжайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзақ уақыт Азияныңотары сияқты болды» - деп атап көрсетті. Азия мен Еуропаарасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсіндеэволюция жолымен қалыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылайотырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихижүйесін Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегікөшпелі мал шаруашылығы далалықтардыңгеоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілібір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістіктұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы әлеуметтенуүрдісі мен нәсілдік-генетикикалық бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осығанорай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениетдаңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өңдеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіпқарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылыалғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орнығабастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтікұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесіқалыптасты. Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшытайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтардықыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудіңмеридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерінигерді. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз— белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малдықұдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалартәжірибесінде болған. Ендік көшпелілік — батыстаншығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжыпотыратын көшпеліліктің түрі. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңажетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ерболған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет