Байланысты: 1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)
89 Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы. Түркістан Легионы-Орталық Азияда туған түркі халықтарынан (қазақтар, өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар, түрікмендер, түріктер, башқұрлар, татарлар, ұйғырларжәне т.б.) тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кейбір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.
КСРО-ға және оны мекендеген халықтарға қатысты нацистік саясаттың жалпы қағидалары 1920 – 1930 жылдары айқындалды – КСРО неміс отарлау кеңістігі ретінде қарастырылды («Ostraum»). 1933 жылы нацистер билікке келгеннен кейін «Шығыс саясатын» дамыту нацистік Германияның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігіне айналды, 1930 жылдардағы соғысқа дайындыққа байланысты Германияда КСРО ұлтаралық қатынастарды және КСРО үкіметінің ұлттық саясатын зерттейтін ғылыми орталықтар құрылды. КСРО-ға қарсы соғыс басталмай тұрып-ақ, 1941 жылы 30 наурызда қарулы күштердің үш тармағы басшыларының жиналысында Гитлер болашақ соғыстың сипатын анықтап, қарулы күштер басшылығынан соғыс жүргізудің жалпы қабылданған ережелерін сақтаудан бас тартуды талап етті[1].
Түркі халықтарымен (нацистік Германияның «нәсілдік теориясы» тұрғысынан алғанда «арий емес» халықтарға жататын және толыққанды «адам» емес деп есептелетін) ынтымақтастықты немістер бастапқыда қарастырмады[2]. Сонымен бірге Германияның арнайы қызметі мен әскери-саяси басшылықтың кейбір өкілдері КСРО халықтарын бір-біріне қарсы қою және бөлу мақсатында қалыптасқан ұлтаралық қайшылықтарды пайдалануды, сондай-ақ осы халықтардың жекелеген өкілдерді ынтымақтастыққа тартуды және халықтың антикеңестік санаттарының әлеуетін пайдалануда пайдалы деп санады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының құрамына енген Түркістанға келетін болсақ, олар Түркістанның тәуелсіз мемлекеттілігін жақтаушылар, ислам дінінің өкілдері, азамат соғысы мен басмашылар қозғалысының қатысушылары болды.
1941 жылдың мамыр айының соңында үгіт-насихат рейхсминистрлігінде «Ресейге қарсы дайындық шаралары» әзірленді. Үгіт-насихат жөніндегі арнайы нұсқаудың ережелеріне сәйкес неміс әскерлеріне Германияның жауы Кеңес Одағының халықтары емес екенін жан-жақты баса көрсету бұйырылды. Оның үстіне неміс қарулы күштері елге жау ретінде емес, керісінше, «адамдарды кеңестік озбырлықтан құтқаруды» көздеген «азат етушілер» ретінде келді.
КСРО-ның Орта Азия республикаларының аумағында «Түркістан»рейхскомиссариатын құру жоспарланды[3](әйтсе де үгіт-насихат мақсатында Түркістан легионының әскери қызметшілеріне Орта Азия мен Қазақстаннан басқа Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаңды қосатын Германияның протекторатындағы — Ұлы Түркістан мемлекеттін құру уәде етілген еді.
Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады.
Түркістан Легионының Әскерлеріне Ұлы Түркістан Мемлекетінің құрылуы уәде етілген еді. Сонымен қатар, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған болатын.
• Түркістан Легионының туы Түркістан Автономиясының туы негізінде жасалған.
• Кеңес адамдары бір бөлігінің неміс-фашист басқыншыларымен ынтымақтасуы мәселесі аз зерттеліп отыр. Неміс құрамаларының қатарында өз отанына қарсы соғысқан КСРО азаматтарының саны бір миллионнан асты. Олардың арасында негізсіз құдаланып, Кеңес өкіметіне наразы болған адамдар да бар. Осындай фактор көптеген кеңес жауынгелерінің тұтқынға түсуі және соғыс аяқталған соң Отанына қайтпай қалуына себепші болды.