1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Қазақстандықтардың майдан іс- қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы



бет66/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

87.Қазақстандықтардың майдан іс- қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. ҚызылАрмияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комисариаттарға мыңдағанарыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып майданға аттануға тілек білдірді. Соғыстың алғашқы күндерінде ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 116-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы 1 дивизия, 3 бригада жасақталды. Соғыс кезінде республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, .20 аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерініңполктері, әр түрлі соғыс салаларының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамаларын ғана емес Қазақстаннан тыс жердегі құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк ,жеңіл автомашина1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы16,2 мың арба жіберді1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде түрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жүматов, К. Әбдірахманов, К. Иманқүлов В. Фурсов т. б. жаумен жан аямай шайқасты. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Сарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь жоне т. б. қалалар үшін шайқасты.
1941 жылғы қараша, желтоқсан.Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді.Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238, 391, 39, 387-ші атқыштар дивизиялары, 74, 75-ші теңіз флот бригадалары қатысты316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді . Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет