1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы



бет21/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

24.Найман,Керейіт,Жалайырлар
Найман, керейіт, жалайырлар Моңғолияның батыс жәнеорта ауданларын мекендеген. Қазақстан жерін 10ғасырдан бастап мекендеген. 
Наймандардың аты-12ғасырдан бастап шыға бастаған. Орталығы-Балықты қаласы. Наймандардың қарақытайүстемдігінен құтылып, бас қосып мемлекет болуыныңнегізін салған-Инанч-білге хан. Мемлекет Бұйрық пен Даянхандар тұсында екіге бөлінді. 1201жылы құрылтайғаШыңғысханға қарсы болып, найман, меркіт, қырғызтайпалары бірігіп жиналған. Соғақ суаты деген жердеодақтастар Шыңғыс пен Ван хандарының әскеріменсоғысып, жеңілген. Бұйрық хан Алтайдың оңтүстігінежылжиды, бірақ оны Шыңғыс хан әскері ұстап алыпжазалайды. 1204жылы Шыңғыс хан Даянға қарсы шығып, оны жеңеді, Даянның ұлы Күшлік Жетісуға қашып кетті. 
Керейіт тайпалары-Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойын мекендеген. Битөбе-орталығы болды. Керейіт мемлекеті 10-12ғ аралығында Маркус пен баласыҚұршақұз хандар кезінде шарықтаған. 1202жылы Торы хан мен Шыңғыс хан күресіп, Шыңғыс хан оларды басыпалады. Керейіттердің жартысы Қазақстанның шығысынакеліп орналасқан. 
Жалайырлар моңғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері мен Орхон өзенінің жоғары ағысы жағында, Қарақорым таулықыраттарында мекендеген. Шыңғысханның жалайырларішіндегі ең жақсы, сенімді адамы-Мұқылай. Шыңғыс хан оның адал еңбегіне риза болып өзінің сол қанатыныңтүменін басқартқан. 
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында басқару ұлыстықжүйе болған. Малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Керейіттерде басым болған жылқы өсіру.
25.Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы
Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басынан бастап, негізінде ежелгі ғұндар арқылы тарих сахнасына шыққан және біздің заманымыздың 542 жылындағы қытай жылнамаларында «құдіретті империя мемлекет құрған, олармен бәсекелес ірі суперэтнос» ретінде баяндалған. 
Ал VII-VIIII ғасырларда болса, өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер («түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. 
Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған. Бұл толықтай жаңсақ көзқарас. Себебі мәдениет ішінде мәдениеттердің болу фактісін растау, жалпы алғанда, мүмкін емес. Белгілі бір өркениет жүйесінің өз ішінде оның даму сатылары секілді жеке-жеке мәдениеттер қалыптасады. Түркі өркениеті де тарихи даму заңдылығына сәйкес бір-бірімен генетикалық байланысы бар әртүрлі мәдениеттер тудырған. Бұл ұлттық мәдениеттер (түрк, әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт,татар және т.б.) ғасырлар бойы өзіне тән ерекшеліктер алуына қарамастан, ұқсас сипаттарын да жоғалтпаған. Сонымен қатар, олар түркі өркениетінің ішінде әмбебап құндылықтарға ие мәдениеттер секілді тармақтала түскен. Түркілердің саяси басымдығы исламды дін, өркениет және саясат ретінде өз тарихының ең жарқын сатысына шығарды. Гүлденген дәуірінде өзара байланыстар құрған үнді, қытай, ислам, батыс және славян өркениеттері шеңберінде түрк өркениетінің жинақтаушы қызметі адамзаттың тарихи дамуын бағыттау жігеріндегі мақсаттылығымен көрінген. Тарих жадында қалған ең маңызды фактілердің бірі – түркі империяларының ешбірінде ұлтаралық кемсітушілікке (бөлушілікке) жол берілмеген, керісінше, өзге ұлт, дін және өркениет өкілдері мемлекет істерінде алға тартылып, тіпті, жоғары билікте болған. Түркі әлемінің тек қана әлеуметтік-саяси тұрғыдан емес, әрі көркемдік-эстетикалық мәдениет тұрғысынан да бөлінбес біртұтастығы және алуан түрлілігі басқа өркениет пен оны тудырушыларға ізгі ниетті байланыста барлық тамаша жақтарымен көзге түскен. Түркілер саяси тұрғыдан басқа халықтар мен дін мәселесінде қандай да бір кемсітушілікке жол бермегені секілді, өзге халықтардың ахлақи және рухани заңдарына, өнер технологияларына, тарихи ескерткіштеріне де құрметпен қараған. Мысалы, Орталық Азиядан Анадолыға дейін бүкіл түркі елдеріндегі көне өркениеттердің барлық іздері қиратылмай, қорғалып, сақталып қалған. Түркілер өздерін әлемге жоғары тектен шыққан, текті халық ретінде көрсетумен қатар, басқа халықтар мен мәдениеттердің шығармашылық стилін, озық тәжірибелерін де пайдалануға тырысқан. 
«Жібек жолы» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға 1877 жылы неміс географы Фердинанд Рихтгофен ендірген болатын. Атынан да көрініп тұрғандай, Шығыс Азиядан, нақты айтқанда, Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне негізінен жібек саудасының жолы ретінде қызмет атқарса да, уақыт өте келе ежелгі дүниенің одан да кең мәдени-сауда байланыстарын қамтамасыз еткен аса қажетті коммуникация кұралына айналған. Алайда Ұлы Жібек жолының әртүрлі қауіп-қатерге толы болғанын, сондай-ақ тағдырының да әр түрлі кезеңдерде белгілі бір әскери-саяси күштердің, мәдени-экономикалық орталықтардың орын алмастыруына, геосаяси жағдайларға тікелей тәуелді болғанын да ескеру керек. Әр түрлі деңгейде өзгеріп отырса да, негізгі бағыттарын сақтап қалған Ұлы Жібек жолы негізінен түркі мемлекеттері мен мәдениеттері орналасқан аймақтардан өткендіктен, түркі әлемі түрлендіруші саяси өркениет жүйесі ретінде Еуразиядағы барлық геосаяси өзгеріс жағдайларында аталмыш сауда жолының үнемі қолданыста болуын қамтамасыз еткен басты фактор ретінде қызмет атқарған. Осы күнге дейін даму процесі жалғасып жатқан Транс-
Еуразия коммуникация жүйесінің іргетасы Ұлы Жібек жолы өз қызметін бастамастан көп бұрын біздің заманымызға дейінгі IV-III мың жылдықтарда қаланған еді. Сол кезде Месопотамия мен Эламнан Үнді ойпаты мен Памир тауларының етектеріне дейін созылып жатқан жолдар жақсы мәлім болатын. Осы жолдар арқылы Таяу Шығыс елдерінің саудагерлері Бадахшан лазуритін тасымалдайтын. Адамзаттың ең ежелгі өркениет мекені болып саналатын Хараппа мен Мохенджо-Дароны екі өзен арасы - Месопотамиямен жалғайтын оңтүстік керуен жолдары болған. Месопотамия мен Үнді ойпатының мәдени орталықтары арасындағы сауданы өз қолдарында ұстап тұрған эламдықтар біздің заманымызға дейінгі IV-III мыңжылдықтарда Орта Шығыста қалаға дейінгі және сондай-ақ алғашқы қала орталықтарын бір-бірімен байланыстырған көп салалы коммуникация желісін құрған. Жалпы алғанда, Еуразия кеңістігінде көшпелі халықтардың мәдениетін, алғашқы өркениет қоныстарын екі жакты байланыстар деңгейіне көтеріп, олардың сауда-саттығына және тәжірибе алмасуларына жағдай туғызған көне керуен жолдары мүмкіншіліктерінің артуы нәтижесінде бұрынғыдан да көбірек тармақталып, ал халықтар бір-бірін жақыннан танып, сауда және мәдени байланыстарында бір-біріне көбірек сенім артатын болған. Еуразия континентінде түрлі бағыттарда тармақталған бұл жолдар кейде жетекші сипатта болған. Осы жолдардың ұдайы қолданылғандары, ұзақ уақыт мәдени қоныстарды бір-бірімен байланыстырғандары «үйреншікті бағыттар» ретінде көбірек беделді болып, сенімді жол ретінде танылған. 
Мұндай тармақталудың себебін Еуразия континентіндегі саяси жағдайдың үнемі маңызды, түбегейлі өзгерістерге ұшырап отыруымен түсіндіруге болады. Ежелгі дүние мен оның айырбасқа негізделген мәдениеті көштен қалмай, сауда-саттықты жалғастыру үшін үнемі өзіне балама жолдар іздеп отырды. Ұлы Жібек жолы осындай саяси-экономикалық амал-әрекет жасай алу қабілеті арқылы өз жұмысын ұдайы жалғастырып отырған.Ұлы Жібек жолына тарихи тұрғыдан қарар болсақ, бұл жолдың негізгі бағыттары арқылы адамзат өркениетінің даму барысында қол жеткізген табыстарының озық үлгілері, материалдық және рухани құндылықтары (жібек, бағалы тастар, дәмдеуіштер, тері, жүн және басқа да тоқыма өнімдері, қағаз, фарфор ыдыстар, әйнек, шай, шарап, күріш, өсімдік және жеміс тұқымдары, киім, маталар мен әшекей бұйымдары, косметика, қару-жарақ, кітап, қолжазбалар мен діни рәміздер, ою-өрнектер, шаруашылыққа қажетті барлық құралдар, жабдықтар мен үй жиһаздары, аңшы иттер, аңшы құстар (бүркіттер), тоты құстар, барыс, арыстан, тіпті адамдар мен құлдар) тасымалданғанын көруге болады. Бұл жолдың бойындағы керуен сарайлар, сауда жүргізілген қалалар, алынып-сатылған тауарлар, қолданыстағы ақшалар, қарым-қатынас тілдері, сауда жолдарын бақылауында ұстаған мемлекеттер мен империялар өзгеріп, жаңаларымен алмасып отырған. Бірақ сауда-айырбас мәдениетінің «алтын қағидасы» өзгеріссіз қалды. Адамдар мен мемлекеттер тарихтың барлық кезеңінде екі жақты байланыстардың кең көлемдегі жоғары деңгейіне көтерілуге, бір-бірін тереңірек тануға, озық материалдық және рухани игіліктерін бір-бірімен бөлісуге, нәтижесінде, өндіруші және тұтынушы мәдениеттің тиімді технологияларын иемденуге тырысып отырды. Бұлардың барлығы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырған басты қозғаушы күш болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет