1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Соғытан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары



бет71/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

Соғытан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. 
Соғыстан соң әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.
Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде – Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті
Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. Сом ақша, 540 мың гектар
Жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды iрiлендiру шаралары iске асырылып, республикада соғысқа дейiнгi 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалык базасы нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар істеді. Бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ә. Нүрпейісовтың “Курляндиясы”сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолындағы күресте көрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С. Мүқановтың “Сырдария”, Ғ. Мұстафиннің “Миллионер”, Р. Слановтың “Кең өріс” сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.
92-сұрақ ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.
1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде үлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мүның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп, мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Мұндай орыстапу процесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл процесс соның ішінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі болігін оз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды.Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзінің теріс жағын көрсетті. Бұрын болып көрмеген көлемде жерді жыртып Тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлерінде шаң ,боран тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып .кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды.1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жер эрозиясына ұшырады.
60-шы жылдардың бірінші жартысында қоғамдық өзгерістердін ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табысты кезеңі болды. Сонымен катар, бүл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н. С. Хрущевтін өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. Партияның XXII съезінде (1961 ж.) КОКГІ-ныц жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп, Хрущев: “бұл коммунизмнің Материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешелігі - ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама” . Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді, сойтіп “кеңес адамдарының қазіргі Ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады ”- деп мәлімдеді. 60-шы жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді.Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынтаналдырудың түрлері мен әдістері елдің оидіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді.
Мәдениет және білім беру салаларының даму проблемалары.
Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында ӛзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де ӛз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Орталықта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1940 жылдардың аяғы-1950 жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың кӛрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялықұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Сӛйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа ӛзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет