Байланысты: 1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)
94-сұрақ:Д.А.Қонаевтың қызметі.1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл – 22 тамыз 1993 жыл) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитетіДінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуғажібереді.
Еңбек жолдары:
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженерімамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндеріндетылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірікәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесініңтөрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргендеҚазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіпсайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдықжұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларынбілікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзегеасырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасыболды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық КомитетініңБірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетініңбірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орыналды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «ҚазақстанКомпартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғандареспублика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Игі істері мен жетістіктері:
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басындаболған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықтыболғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақжерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оныңішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлеригерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оныңішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақжерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байытукомбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іскеқосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлеміартты.