1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы



бет53/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

70 сұрақ.
Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды... Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын ойлайтын түзу адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды. Зар заман ағымы отаршылдық дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем
бейнелеуінің көрінісі. Асан ата айтып кеткен («Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып, заң тозып, жаман болар»), Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір дұспан Ақырда шығар сол тұстан») дәуір келіп жеткен соң ақын- жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде
қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлы 1802-1871, Шортанбай Қанайұлы 1818- 1881, Мұрат Мөңкеұлы1843-1906, Әбубәкір Кердері
Шоқанұлы 1858-1903 т.с.с. ақындарды қосуға болады. Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі.
Асылық азған заманда, Алуан- алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты. Қайыры жоқ бай шықты, Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,-
деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.Ол:
Қайыр кетіп байлардан, Бұзауға ақша беріп тұр. Пәлен тенгеторпақ деп,

Тиынға тиын болып тұр. Залым туған сұмырайлар Осылай жұртты еміп тұр,-


дейді.Осының бәрін Шортанбай заманның азғандығы деп ұқты. Шығыстағы Дулаттың, батыстағы Әбубәкір мен Мұраттың, Арқадағы Шортанбайдың бір – біріне ұқсас әуенмен ел мұңын жырлауы көп ойға жетелейді.Заманды сезіну ортақтығы деген осы.Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың
наразылығын оятты. Бұл қарсылық отаршылдық дәуірдің құбылыстарын аяусыз сынға алған зар заман поэзиясында шынайы көрініс тапты: Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді? Ұлы өрісі қысқарып, Кең қонысың тарылды. Шортанбай:
Нысапсыз екен бұл кәпір, Жеріңді алды, малды алды.
Талай ғасырдан бергі жаугершілік жорықтарында қасқыр мінез танытып, намысын ешкімге таптатпаған,кеудесі көтеріңкі, рухы биік қыр қазағы ептеген
жағымпаздыққа бой алдырды. Бұл ең алдымен Дулат Бабатайұлының сынына ілікті: Майырдан алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын. Ел пысығы жортады-ай,
Өз елді қорқытып,
Одан өзі қорқады-ай.
Бұл тұрғыда М.Мырзахметовтің пікіріне жүгінсек, «қазақ әдебиеті тарихында
алғаш рет ұлттық санасы саналы түрде оянған жаңашыл ақын, халқының бозторғайы боп шырылдаған Дулат поэзиясында отаршылдық билік жүйесі және елін сатқан атқамінерлер бейнесін тұңғыш галереясы жасалды» дейді.Жұртшылық арасында «Жаңа низам» деп аталған 1868 жылғы реформа- зар заман поэзиясының негізгі тақырыбы болды.Қарапайым халықтың «Жаңа
низамды» қалай қабылдағанын, қандай күйге түскенін зар заман мектебінің өкілдері тайға таңба басқандай бейнелейді.Әсіресе, Дулат Бабатайұлының

отарлаушылардың астарлы амал-айласы мен қитұрқы қулығын салғаннан-ақ аңғарды:


Батыстан патша түнегі, Жеріңе келіп түнеді. Жоныңнан таспа тіледі, Дулат оны біледі.
Осыны Шортанбай да:
Осы күнде заманның,
Осылайша болып тұр.
Мұсылманды бұл күнде,
Орыс кәпір жеңіп тұр.
Ал Әбубәкір болса:
Қоныстан бірнешелер көшті үркіп,
Штаттың хабарынан білмей қорқып — дейді.
Отаршылдық биліктің ел арасындағы өкілдерінің бейнесі зар заман поэзиясында
типтік тұлға ретінде көрініс тапты. «Өмірдің шындық құбылыстары мен оқиғаларының қалың тасқыны арасынан қажетті типтік сипаттағы маңызды, мағыналы фактілерді көре білу үшін де зергерлік зерде керек» деген талап тұрғысынан қарасақ, халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдау арқылы өзара үндестік танытқан замана жыршыларының шығармаларынан типологиялық ұқсастықтың мысалдарын көптеп кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет