1-тақырып. Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау.
|
8
|
|
1-сабақ. Саптық тәсілдер және орнында қозғалыстар.
1. Саптық қалып.
2. Командаларды орындау: «САПҚА ТҰР», «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «ЕРКІН ТҰР», «РЕТТЕЛ», «ТОҚТАТ», «Бас киімді – ШЕШ (КИ)».
3. Орнында бұрылулар.
|
Практикалық сабақ – 2 c.
|
ҚР ҚК, БӘ мен ӘҚ саптық жарғысы, Астана, 2016 – 28-31-тармақшалар.
|
2-тарау. Саптық тәсілдер және қарумен және қарусыз қозғалыс жасау
1. Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау
Саптық қалып
28. Саптық қалып (1-сурет) «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.
Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.
29. «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.
30. Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін – «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.
Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады (2-сурет).
Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.
|
1) 2) 3) 4)
|
1-сурет. Саптық қалып
|
2-сурет. Бас киімнің шешілген күйі: 1) фуражка; 2) пилотка; 3) далалық мақта-мата фуражка; 4) құлақшын
|
Орнында бұрылулар
31. Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
екінші тәсіл – қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.
Достарыңызбен бөлісу: |