1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Кеңестік білім беру жүйесін құру. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу



бет65/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

86. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйеҚазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді.Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқына сталинизмнің догмаларын тықпалады. Мектептің қызметі де бұрмаланды. Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық өмір күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа ЖОО саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университстіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды. Партиялық-мемлекеттік құрылымныңидеологиялардырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, ЖОО оқу орындарының қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді.Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, X. Досмұхамедов , Т.Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті. ЖОО өмірі партиялық және таптық принциптер негізінде құрылды. Сондықтан университет пен институттардың және техникумдардың шет елдердің өздері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасы болды. Көптеген оқу бағдарламаларының мәні мен мазмұны ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар және студенттер кұрамын толықтыруда пара алушылыққа, жершілдікке және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның мәдениеті бірнеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан революңиясының жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық туындылары қазақ қоғамынын таптық және идеялық-саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жалпы-адамзаттық қазыналардан бағалы саналды. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен, Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды. Сондай-ақ, 1925 ж.Өлкелік партия ұйымының басшылығына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бұзыла бастады. 1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә.Бокейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, С. Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын интелегенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты. 1920-шы жылдардың соңынан бастап “жоғарыдан” берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін кең көлемдегі қатігездік шаралары жүзеге асырылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқұрт, татар) сан ғасырлар бойы араб графикасыньң негізінде қалыптасқан алфавиті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әріпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мұның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғаистан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келгеи шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды. 1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар “пантүркист”, “панисламист”, тіпті, “халық жауы» деп жарияланып, қудалауға үшырайтын болды. Кітапхана қорларынанәкімшілдік-торешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды. Мыңдаған ауыл молдалары тұтқындалып, дін адамдарының қаймақтары атылды. Бұл кезең «дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты» деп аталды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу,намысына тию болып,наразылық туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет