1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы



бет39/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
Тарих сессия

66. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы
Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақ гвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.
Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Тамызда Иран мен Каспий сыртына ағылшын әскері енгізілді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылдардың басып алу қаупі төнді. 1918 жылғы наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулады. Сәуірде оларға қарсы “Ерекше армия” құрылды. 1918 жылғы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын жіберді. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өршіді.
Кеңестер Түркістан мен Қазақстанда “Мұсылман бөлімдері” деп аталған әскери бөлімдер құрды. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау басталды. 1920 жылдың соңында Бөкей Ордасында, Орал, Торғай облыстарында 37 əскер бөлімдері құрылды.
Әскер бөлімдерін құру ісін ұйымдастырғандар:
1. Дала өлкесінің төтенше комиссары Ə.Жангелдин
2. Торғай уезінің əскери комиссары А.Иманов
3. Қазақ атты əскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев.
Əскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары – Т.Əлиев, А.Асылбеков, С.Арғыншиев, Б.Алманов, Ж.Жəнікешев, М.Масанчи, А.Розыбакиев, О.Исаев, А.Оразбаева.
1919 жылдың жазында Қызыл Армия Колчак тобын Оралдан асыра қуып тастады.
Түркістан майданының 1-армиясы колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. Оларға Арал теңізі жағынан Ақтөбе майданының бөлімдері қолдау көрсетті. 1919 жылғы қыркүйекте 1-армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта қосылды. 1919 жылдың соңында Орал облысы толық азат етілді. 1920 жылғы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алды. Орал майданы жойылды. 1919 жылғы күзде Шығыс майданның 5-армиясы (қолбасшысы М.Н.Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты. 1919 жылғы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес өкіметі қайта орнады. 1920 жылғы наурыздың соңына қарай Семей облысының солтүстігі азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатігездік пен зорлық “Алаш” өкілдерін Кеңес өкіметі жағына итермеледі. А.Байтұрсынұлы “Төңкеріс жəне қазақтар” мақаласын жазып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.
1919 жылғы 4 сәуірдегі Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысында Алашорда мүшелеріне кешірім жарияланды.
Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.
Еңбек міндеткерлігі бойынша шақырылған адамдардан жаңа батальондар мен роталар құрылды. 1920-1921 жылдары еңбек армиясында 6 мыңға жуық адам болды. Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500-ге жуық жұмысшы келді. Әскери коммунизм саясаты жергілікті бюджетті жойып, бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді.
Империалистік және азамат соғысы экономикалық дағдарыс туғызды. Кәсіпорындардың көпшілігі жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Кеңес өкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілікке қажеттіні коммунистік негізде бөлуді ойластырды. Алайда зорлыққа негізделген азық саясаты сәтсіздікке ұшырады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.
1921 жылғы ақпанда 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. Сібір мен елдің орталығы арасындағы теміржол қатынасы үш апта бойы тоқтап қалды. 1921 жылғы наурызда Оралда 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия жəне кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалар мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат керек екені айқындала түсті.
Азамат соғысының қырғынында 8 млн. адам қаза тапты. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездік көрсетті. Атаман Анненков әсіресе Солтүстік Жетісуда ерекше құтырынды. 1918 жылдың соңында үш күннің ішінде Лепсі уезінің Петровский, Пятигорское, Подгорное қоныстарын тонап, өртеп жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет