90.Қаңтар оқиғасы.Тоқаев: «Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы» 2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары(немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы) — сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналды
2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен қаласының наразы тұрғындары сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастады[11]. Халық қала және облыс әкімдерінен бағаны тұрақтатуды және көгілдір отынның тапшылығын жоюды талап етті. Бұл талаптар орындалмағасын наразылық шаралары келесі күні де жалғасын тапты. 4 қаңтар күні Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдеді[12], президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, заңсыздықты болдырмауды сұрады.
Президент ұсынған «Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы»жолдамасында мемлекетіміздің Негізгі Заңына түзетулер енгізу бастамасы саяси-құқықтық саланы жетілдіруге, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған. Қазір әлемде болып жатқан шиеленістер мен экономикалық дағдарыс салдары біздің елімізге де айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Жаhандық сын-қатерлер бұрынғы қалыптасқан қағидалар мен ережелерді қайта қарауды талап етуде. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беру үшін қоғам уақыт талабына сай дамуға тиіс.