философиялық
романтизмнің
негізін
қалаушы.
Шығармалары: «Пайғамбар», «Нимфы долины», «Духовный
мятеж», т.б. Оның ойынша, абсолюттік поэзия жасауға
болады, ал абсолюттік философия құруға мүмкіндік жоқ,
себебі өмір қозғалысы мәңгілік және көп ретте бейғам. Өмір
рефлексиясы (ағысы) қалай өзгерсе, философия да солай өзгеруі тиіс. Ол
ақын ретінде, «ақын – өмірді рух көзімен, ал философ – зердемен көреді»
дейді.
ДИДРО, Дени Дидро (1713–1784) — француз жазушысы,
ағартушы-философ (материалист) және драматург, Атақты 25-
томдық
француздың
«Ғылым,
өнер
және
кәсіп
Энциклопедиясының» бас редакторы. Шығармалары: «Жиен
Рамо», «Табиғатты түсіндіру туралы ойлар», «Соқырлар
туралы көзі көретіндерге өсиет хат», «Даламбер мен Дидро
әңгімесі», «Философиялық принциптер», «Материя және
қозғалыс туралы», т.б. Дүниенің барлық негізі материяда деп
білді. Дуалистік пікірді сынай келіп, ол жан мен дене бірлікте деп қарады.
Таным теориясына келетін болсақ, Дидро материалистік сенсуализмді
қолдады. Субъективтік идеализмді сынап, оны жақтаушыларды ой
соқырлары деп есептеді. Қоғамдық саладағы ой-пікірі негізделді.
ДИЛЬТЕЙ, Вильгельм Дильтей (1833–1911) — неміс
арасынан шыққан мәдениет тарихшысы және философ-
идеалист, өмір философиясының өкілі, әдебиеттанушы.
Психологияның және «рух тарихы» мектебінің негізін
қалаушы. Шығармалары: «Сипаттау психологиясы», «Рух
туралы ғылымға кіріспе», «Герменевтиканың пайда болуы».
ДИОГЕН, Диоген Синопский (шам.б.д.д.412ж.–10 маусым
б.д.д.323ж) — Антисфеннің шәкірті, Киниктер мектебінің
негізін қалаушы, А.Македонскийдің замандасы, Киниктік
философиясының теоретигі мен практигі, әйгілі философ.
Өмірде материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда
қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз
данышпандық, рақымшылдық, бақытты іздеген.
Достарыңызбен бөлісу: |