1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет194/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ҚҰҚЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ — бұл аталмыш термин XVIIIғ. аяғында пайда 
болды, оны ғылыми айналымға енгізген голланд ғалымы – Гуго Гроций
Оның кең көлемде таралуына және осы күнге дейін өз маңызын 
жоғалтпауына 1820 жылы жарық көрген Г.Гегельдің «Құқық философиясы» 
кітабының зор ықпалы болды. Құқық философиясы адам мен адамзат 
тағдырындағы құқықтың мағынасын, оның мәні мен ұғымын, негіздері мен 
дүниедегі орнын, құндылығы мен маңыздылығын және сонымен бірге қоғам 
мен мемлекет мәселелерін зерттейді. Сондай-ақ, құқық философиясы 
философиялық-құқықтық білімдер саласы, ол практикалық юриспруденция
заңнама мәселелерін шешуге тікелей бағытталмай, құқықтық мәнін, шығу 
тегін және мағынасын зерделеуге, оның бастамаларын, принциптерін тануға 
негізделген. 
ЛАМАИЗМ — будда дінінің ірі ағымдарының бірі. Тибетте VІІ ғ. 
қалыптасты. 
ЛЕГАЛЬДЫ  — заңдастырылған, заңмен рұқсат етілген. 
ЛЕГИЗМ (латынш. «легис» – заңшылдық, қытайша «Фа-цзя» – заң мектебі, 
заңшылдар) — ежелгі қытай философиясындағы негізгі алты мектептің бірі. 
Заң мектебінің негізін қалаушы ретінде дәстүрлі түрде ірі саяси қайраткерлер 
Гуань Чжун (б.д.д.VIII-VIIғ.ғ.аяғы), Цзы Чань (б.д.д.Vғ) және Ли Куй 
(б.д.д.Vғ), У Ци (б.д.д.IVғ) айтылады. Легизмнің басты теоретиктері - Шан 
Ян (б.д.д.IVғ), Шэнь Дао, Шэнь Бухай (б.д.д.IVғ.) және Хань Фэй (б.д.д. 
IIIғ). Біріншілердің көзқарастары «Шан цзюнь шу» («шан аумағын 
басқарушының кітабы») кітабында, ал екіншілерінікі – «Хань Фэй-цзы» 
жазба ескерткішінде баяндалған. Легизм теориясына көп дәрежеде үлес 
қосқан Шан Ян (Гунсунь Ян, б.д.д.390-338ж.ж.). Легизмнің негізгі 
доктринасы - юридикалық заңның (фа) мемлекет пен қоғам өміріндегі 
шартсыз басшылығы туралы ілім. Заңды тек билеуші ғана шығарады. Легизм 
теоретиктері деспоттық мемлекеттің концепциясын жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет