1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ДУН ЧЖУНШУ (б.д.д.190ж. немесе 179ж. – б.д.д.120 немесе  104ж.) — философ, мемлекет қызметкері, конфуцийшілікке



Pdf көрінісі
бет103/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ДУН ЧЖУНШУ (б.д.д.190ж. немесе 179ж. – б.д.д.120 немесе 
104ж.) — философ, мемлекет қызметкері, конфуцийшілікке 
мемлекеттік идеология сипатын берген. Оның идеялық 
мұрасы 82 - философиялық және әлеуметтік-саяси эсселер, 
оларды құрастырушылар «Чунь цю фань лу» (Көктемдер мен 
күздердің мол шықтары) деп атаған. Конфуцийшілдіктің 
шекарасында жоғары дәрежедегі натурфилософия жасады
онда даосизм мен иньян цзя идеяларын қолданды. Ол 
әлемде барлығы «алғашқыбастаудан» (алғашқы себеп – юань, ұлы шектік – 
тай цзы) тәрізді пайда болады, ол «пневмадан» (ци) пайда болады және даоға 
бағынады. Даоның әрекеті қарама-қарсы күштер инь мен янның кезектесіп 
ауысуымен және «бір-бірін тудырып отыратын» «бес элементтің» (у син) 
айналымы арқылы іске асады деп санады.
ДЬЮИ, Джон Дьюи (1859–1952) — американдық философ 
әрі педагог, прагматизм философиялық бағытының өкілі. 
Философия, социология, педагогика және т.б. да 30-кітап және 
900-тарта ғылыми мақалалардың авторы. Прагматизмдегі 
өзінің жорамалын инструментализм деп атады. Д.Дьюи 
философиясының жалпы ерекшеліктері: философияның 
негізгі мәселесі, ұғымы – тәжірибие ұғымы болу керек; 
тәжірибиені жүзеге асырушы – сана болып табылады
философияның мақсаты – тәжірибие ағымында адамның алдына қойған 
мақсатына жетуіне көмектесу; және т.б. 
ДЮРКГЕЙМ, Давид Эмиль Дюркгейм (1858–1917) — 
француз социологы және философы, француз социологиялық 
мектебінің және құрылымдық-функциональдық талдау-
анализдеудің негізін қалаушы, социологияны жеке өз 
алдындағы ғылым ретінде құрушылардың бірі. 1896-1913 
жылдары «Социологиялық жыл жаршысы» (Социологический 
ежегодник) атты журнал шығарып тұрды. Шығармалары: 
«Социология элементтері» (1889-1917), «Діни өмірдің қарапайым 
формалары» (1912), «Социология және философия» (1924) және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет