1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!



Pdf көрінісі
бет53/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз! 
 
 Тәжірибие – адамның болмыс туралы білетінінің бәріне жанып-күйіп 
тұрып һәм әлдебір мұңмен күдік келтіру (Ж.Батай). 
 Уақыт – шындық сияқты, көрінгеннің бәрінің тұра қашуынан басқа 
түкті де білдірмейді (Ж.Батай). 
 Ешкімде жападан жалғыз болмыстың шегіне шыға алмайды (Ж.Батай). 
 Болмыс алдындағы қорқыныш адамды саудагерге айналдырып 
жібереді (Ж.Батай). 
 Билікте болмыс деген болмайды: өйткені, ол жылдам қимылдайды 
(Ж.Делез).


163 
 Материя асқақ мүмкіндіктерге толы (П.Т.де Шарден). 
Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, әлсіз һәм күнәлі 
қылып қояды. Бірақ сонымен бірге материя дегеніміз – бұл бар болу 
қуанышы, сезіну бақыты, жеңіске жеткізер күші, өсу-өркендеу 
ғанибеті! (П.Т.де Шарден). 
 Заттың бәрінде де сыртына қоса онымен қатар өмір сүріп жатқан іші де 
бар (П.Т.де Шарден). 
 Уақыт кеңістікті жеңеді (О.Шпенглер). 
 Сана инстинкттен босап қалған жерлерді ғана қоныстайды 
(Э.Дюркгейм). 
 Сана – болмыстың терең түкпірінде болып жатқан құбылыстарға әділ 
қазы бола алмайды: өйткені ол онда жете алмайды (Э.Дюркгейм). 
 Психологиялық талдау – мәнге психологиялық талдау жасау деген сөз 
(Ж.Делез). 
 Тілге бұйырған тағдырдың өзі – тәннен бөлініп шығу (Ж.Деррида). 
 Эволюция – сананың артуы. Сананың артуы дегеніміз – бірлесу үшін 
әрекет жасау (П.Т. де Шарден). 
 Қазіргі сана өзін «Адам-Табиғат» жүйесін түсінуге тым қауқарсыз да 
қабілетсіз сезінеді (А.Адлер). 
 Табиғатта идеал жоқ. Ол өзінен-өзі моральді де, моральсіз де бола 
алмайтын фактілер мен қайталаулардан тұрады (К.Поппер). 
 Біз – табиғаттың өніміміз, бірақ сол табиғат бізге дүниені өзгертуге
келешекті алдын-ала болжап жоспарлауға және сол үшін бізге 
моральдік жауапкершілік жүктелетін маңызды шешімдер қабылдауға 
мүмкіндік туғызатын билік те берген (К.Поппер). 
 Табиғатта – бастаудан асқан нәзік әрі ұшқыр ештеңе жоқ (П.Т.де 
Шарден). 
 Табиғатта денсаулық болса, дерттің де болғаны (Э.Дюркгейм). 
 Табиғатты ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек, ал тарихты түсіндіру 
үшін поэтикалық творчество қажет (О.Шпенглер). 
 Біздің тәніміз жанымыздан бөлек қоректене алмайды (П.Т. де Шарден). 


164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет