1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет145/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

ОККАМ 
Уильям Оккам
(шам.1285–1349) — ағылшынның 
ортағасырлық философы, 
номиналис
тік бағыттың көрнекті 
өкілі, Оккамдық францискандық монах. Номинализмді 
жақтаушылардың бірі, томизмді (Фома Аквинскийді) 
номиналистік тұрғыда сынға алды, яғни адам ерігін 
парасаттан жоғары қойды. Оның пікірінше, философиялық 
ақиқат пен діни ақиқат екі құбылыс. Ғылым мен философия 
үшін ең маңызды нәрсе – интуиция мен білім арқылы 
ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі 


306 
қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен 
құдайды, оның 
бар 
екендігін 
бұлжытпай 
дәлелдейтін 
фактілер 
болмағандықтан, оған сену ғана керек. Оның ілімі Коперниктің аспан 
механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарда геометриялық 
тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады. 
ОРТЕГА-И-ГАССЕТ
,
 
Хосе Ортега-и-Гассет
(1883–1955) 
— рациовитализм ілімін құрушы испандық философ және 
социолог, 
публицист, 
белгілі 
әдебиетші 
Ортеги-и-
Мунийаның баласы. 
Өмір философиясы
ның кейіннен 
экзистенциализмнің өкілі. Өзінің философиялық ілімін 
«өмірлік ой» деп атады.
«Бұқаралық көтерілісі»
деп 
аталатын еңбегімен де танымал. Ол бұқаралық адамды 
талдай келе, көпшілік пен таңдамалы азшылыққа бөліну 
барлық заманаларда қоғам үшін іргелі нәрсе болған деп тұжырымдайды.
ОШО
,
 
Раджниш 
Ошо
, Чандра Мохан Раджниш
(Бхагван 
Шри Раджниш),
кейін 
Ошо
деген есімімен белгілі (1931–
1990) — ол адамның бақытты, азат өмір сүруін аңсап, 
надандықпен, 
соқыр 
наныммен, 
қоғамның 
жалған 
құндылықтарымен, 
бюрократтық 
мемлекетпен, 
бюрократтанған 
шіркеу 
билігімен 
(клерикализммен), 
отбасылық тәртіптің руханисыздығымен күресті мақсат 
тұтатын ілімін дәріптеген. Ол медитацияның музыкамен, 
қозғалыс, тыныстау жүйелерін жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет