РАТЦЕЛЬ
,
Фридрих Ратцель
(1844–1904) — неміс
географы және этнологы, социолог; антропогеография,
геополитика
, сондай-ақ
диффузионизм теориясы
ның
негізін қалаушы.
Басты шығармалары:
«Народоведение»,
1885-88; «Антропогеография», (2-т. тұратын) 1882-91;
«Политическая география», 1877; және «Земля и жизнь», (2-
т. тұратын) 1902;
РАЙХ
,
Вильгельм Райх
(1897–1957) —
Фрейдо-марксизм
деп аталатын бағыттың негізін қалаушы. Оның идеясының
басты қағидасы
– адам өмірі мен қызметінің өзегі
ғарыштық табиғаты бар сексуалдық энергия. Қоғам мораль,
этикет, мәдениет арқылы адам энергиясына, аффекттеріне
аяусыз қысым жасайды. Адам мәдениет «қысымында» өмір
сүруге, қауымдастық нормаларына бейімделуге, билікке,
бастықтарға
бағынуға
мәжбүр
–
бұл
адамды
«невротизацияға», оның өзіндік, ақиқаттық «Менінің» өліміне әкеледі.
РЕРИХ,
Николай Константинович
Рёрих
(1874–1947) —
орыс суретшісі, философ, мистик, ғалым, жазушы,
саяхатшы, археолог, қоғам қайраткері, масон, ақын, педагог.
7000-ге тарта картиналардың (олардың көпшілігі атышулы
әлемдік галереяларда тұр) және 30-ға тарта әдеби
еңбектердің авторы,
Рерих пакті идеясының авторы және
оның инициаторы
, «Мәдениет арқылы бейбітшілікке» және
«Бейбітшілік Туы» атты халықаралық мәдени қозғалыстың
негізін қалаушы.
РЕРИХ,
Елена Ивановна Рерих (Шапошникова)
(1879–
1955) — орыс арасынан шыққан діни философ (кейбір
деректерде философ немесе эзотериялық философ), жазушы,
қоғам қайраткері.
Достарыңызбен бөлісу: |