Кук. ТАБУЛА РАСА («таза тақта») — адамның жаны, санасы, яғни қоршаған
дүние, табиғат сол тақтаға өз белгілерін, иероглифтерін түсіреді, таным
процесі осылай жүзеге асады.
ТАМАС — енжарлық, шектеулілік пен қараңғылықтың шешуші элементі.
ТАЛИСМАН (грекш. – арнаулы, арбаулы) — көне сенім, көне ырымшылдық
бойынша иесіне бақ–дәулет әкеліп, жолын ашады, бәлекеттен қорғайды деп
сенетін зат, бұйым. Талисманға деген сенім ежелгі сиқыр – дуа,
фетишизммен тығыз байланысты.
ТАЛМУД (көне евр. – кітап) — иудейлер дініндегі киелі кітап. Көне өсиеттің
5-кітабынан және дінге сенушілердің іс-әрекетін құқықтық нормалар
тұрғысынан реттеуші трактаттардан тұрады.
ТАНАТОЛОГИЯ (грек мифологиясы бойынша, Танатос - өлім құдайы) —
өлім туралы ілім, яғни адамның өлімге деген қатынасын анықтайды.
ТАНЫМ —
обьективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы.
ТАНТРИЗМ (санскр.«тантра» – орағыта айту, айла–тәсіл, киелі мәтін,
сиқыр) — өздерінің киелі мәтіндері ретінде тантраны танитын индуизмнің
секталары мен мектептерінің жалпы атауы.
ТАРИХАТ (жол, бағыт) — адамның моральдық-психологиялық өзіндік
жетілуі.
ТАРИХТАНУ, ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ — адамзат тарихын пайымдау
ілімі. Тарихи сананың шынайылығы, бағыты, даму нұсқалары жөнінде пікір
қалыптастырып, тарихи дамудың әмбебап, жалпыға бірдей заңын табуға,
абсолюттік мағынасын зерделеуге тырысады.
ТАФСИР (арабш. – түсіндіру) — Құранды түсіндіру.
ТӘҢІРІ, КӨК-ТӘҢІРІ (көне түркі тілінен ауд. – мықты, ер, құдіретті) —
көне түркілердің діни наным–сеніміндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі
есебіндегі аспанмен теңдестірілген басты Құдай образы. Бұл көзқарастың
негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға сыйыну болды.