1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет116/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   260
Зенон 
Китионский, 
Зенон-стоик
(б.д.д.346/336/333–264/262ж.ж.) — көнегрек философы. 
Киниктер 
мектебінің 
түлегі, 
б.д.д.300ж. 
бері 
— 
философиялық стоиктер мектебінің көшбасшысы. Оның 
пікірінше, адамдар, бір жағынан, қоғамдық жандар, екінші 
жағынан, біртұтас әлемнің бір бөлігі болғандықтан, олардың 
өзін-өзі сақтауға талпынысы, айналып келгенде, мемлекеттік 
игілік үшін қамқорлық деңгейіне дейін, кейбір жағдайда 
әлемдік біртұтастық алдындағы өз міндетін түсінуге дейін көтереді. Осы 
себепті данышпандар өз игілігінен гөрі мемлекеттік игілікті жоғары қойып, 
қажет болған жағдайда, ойланбастан өз өмірін қиюға дейін барады. Стоиктер 
білімнен данышпандықты жоғары қойып, білімді данышпандыққа жетудің 
бірден-бір жолы деп уағыздады.
ЗЕНОН
,
 
Зенон Элейский
 
(шамамен б.д.д.490–б.д.д.430ж.ж.) 
— көнегрек философы, Парменидтің шәкірті. Элейде туып-
өскен. Философия ғылымында өзінің 
апория
ларымен 
танымал. 
Шығармалары:
«Философтарға қарсы», «Табиғат 
туралы», т.б. Ол Парменидтің болмыс туралы пікірін 
дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дәлелін болмыстан 
аяқтаса, Зенон керісінше, өз дәлелін көзге көрінетін, ақиқатқа 


284 
жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның 
пікірінше, физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа 
жатпайды, нағыз біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс. 
Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы тәсілі 
«эпихейрема»
арқылы дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің мәні – «тікелей 
дәлелдеу тәсілінің орнына, кері бұрмалап дәлелдеудің негізінде 
қарсыластарының пікірін абсурдтық жағдайға әкелу арқылы, оған өзінің 
бұрынғы айтқан пікіріне шексіз көп заттар өмір сүретін болса, онда олар 
шындығында қанша болса, тура сонша болулары керек (аз да, көп те емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет