Ұлы отан соғысы жылдарындағы тұТҚындар мəселесі



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#12011
Байланысты:
Үлкен Түркістан



224

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 

ТҰТҚЫНДАР МƏСЕЛЕСІ

М.М. ТАЛҒАТБЕК,

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

тарих факультетінің 3-курс студенті,

Алматы қ., Қазақстан

Миллиондаған адамның өмірін жалмаған, əрі мерейін үстем еткен 

со ғыс халық санасынан ұмытылған жоқ. «Ер басына күн туып, етігімен 

қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын ке-

зең де, біздің ондаған мың жерлестеріміз, кешегі ортақ Отанымыздың 

бос тан ды ғы мен тəуелсіздігі үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жо-

лында кеуделерін оққа тосты. Соғыс жылдары Қазақстанда 14 ат қыш-

тар, 6 атты əскер дивизиясы жəне 7 атқыштар бригадасы жа сақ тал ды. 

Олар дың бəрі де қысқа мерзімді жаттығудан кейін кезек-кезек май дан-

ға аттандырылып жатты. Жалпы, қазақстандық жауынгерлер шай қас-

па ған бірде-бір майдан болмаған шығар. 

Адамзат  тарихына  көз  жіберсек,  тіршілік  үшін  күрес  болғандығы 

анық куəлар табылады. Əр заманның соғысу себебі де, мақсат-мүддесі 

де, тіпті соғысу əдіс-тəсілдері де сол қоғамның даму деңгейлеріне қа-

рай түрліше болды. «Заманалар өзгереді, заманалармен бірге адамдар 

да  өзгереді»  деген  екен  ежелгі  Эллада  даналығы [1]. Жұмыр  жердің 

тарихында  адамзат  талай  қоғамды,  талай  «қылышынан  қан  тамған» 

ке зең дер ді өз қолдарымен жасап, табиғат жаратылысына қарсы ке ліп, 

талай  адам  тағдырын  ессіздің  қолындағы  жансыз  ойыншықтай  жан-

түр ші гер лік күйге енгізді емес пе? 

Ұлы Отан соғысының да бізге беймəлім қыры мен сыры көп, деген-

менде, сол соғыстың нағыз куəгерлерінің қатары азайған сайын, уа қыт 

толассыз өткен сайын, ол да қат-қабат тарих болып қалыңдана бе ре ді. 

Əрине, бұл дүрбелеңдегі фашис шапқыншыларының оз быр лы ғын тіл-

мен жеткізу қиын. Кеңес жауынгерлерінің жанқиярлық ерлігі ғана, дү-



225

ние ні жалмаған «аждаһаны» тоқтатты. Əсіресе, Мəскеу түбіндегі шай-

қас шешуші сын болғаны сөзсіз. Жауға қарсы бұл тойтарыста генерал 

Панфилов дивизиясының атқарған рөлін бүкіл əлем мойындап, жо ға ры 

ба ға ла ды. Ленинград қаласының тұрғындары да 900 күндік қор шау да 

болып ажалмен арпалысқанда да қазақ жауынгерлері ерлік көр се ту ден 

кенде  қалмады.  Тізе  берсек  шегі  жоқ  ерліктер  мен  өлім  құш  қан  тағ-

дыр лар... Мектеп оқулықтарына оның бəрін тізіп көрсету мүм  кін емес. 

Төрт  жылға  созылған  соғыс  даласында  шейіт  болған  əрбір  адам ның 

тағ ды ры өз алдына бір тарих, бір ерлік. 

1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай, Германия қыс қа 

мерзім ішінде, Архангельск – Еділ – Астрахань шебіне шығуды көз де-

ді. Бұл қауырт соғыс – блицкригтің негізгі мақсаты еді. «Барбаросса» 

жоспарын жасағанда КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды əрі əл сіз 

бірлестігі», «ішкі  бірліктен  айырылған  этникалық  конгломерат  (қос-

па)» ретінде қарастырылды. Фашистер басып алынған кеңестік ау мақ-

та, Остланд рейхскомиссариаттарын – герман провинцияларын құ ру ды 

жоспарлады.  Германияның  Қазақстанға  қатысты  жоспары  ай қын  еді. 

КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орталық Азия мен Оң түс тік Қа-

зақ стан да бірыңғай герман аумағын құруды көздеді… [2]. 1941 жыл дың 

соңында түрік-монғол халықтарын жою жоспарланған болатын. Не міс-

тер дің жоғарғы барлау мектебі болашақ отарлаушы ел дер дің кар та ла-

ры ның жобасын дайындап, 1942 жылдың басында «Еділ-Жа йық» жəне 

«Үл кен  Түркістан»  мемлекеттік  құрылымдарын  құ ру ды  жоспарлады. 

Үл кен  Түркістан  отарының  құрамына  Қазақстан,  Орта  Азия,  Татар-

стан, Башқұртстан, Əзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қы рым, Синьцзянь, 

Ау ған стан ның солтүстік бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекеттерді құру 

ар қы лы гитлершілер экономикалық жəне саяси мақсаттарды: ұлы гер-

ман империясы үшін қуатты шикізат жəне қосымша азық-тү лік база-

сына  ие  болуды,  кеңестер  елін  отарға,  оның  халқын  құл дар ға  айнал-

дыруды  көздеді.  Сондай-ақ  Қазақстанның  орталық,  сол түс тік  жəне 

оң түс тік-шығыс аудандары – Қарағанды, Новосібір жəне Кузнецк «ин-

дус трия лық облыстарының» құрамына кіруге тиіс болды. Бұл жерлер-



226

ге фашистік Германияға қызмет ету үшін украиндар, белорустар мен 

поляктарды,  венгрлер  мен  Шығыс  Еуропаның  басқа  да  ха лық та рын 

қоныстандыру жоспарланды. Кейінірек қауырт соғыс жос пар ла ры ның 

күйреуіне байланысты фашистер өз жоспарын қайта қарап, КСРО-ның 

орыс  емес  халықтарына  өзін-өзі  басқаруға  уəде  беруіне  тура  келді. 

Сөйтіп, фашистер бұл халықтарды Мəскеуге қарсы күресте пай да лан-

бақ шы болды [3].

1941 жылы Үшінші рейхтың шығыс министрі Альфред Розенберг 

Түркістан  мұсылмандарын  Кеңес  өкіметінен  азат  ету  комитетін  құ -

ру ды  ұсынды.  Бұл  идея  Герман  армиясының  басшыларының  жос-

парларына сай келіп, бірден қолдау табады да, 1941 жылы күзде төрт 

ротадан тұратын «Түркістан полкі» құрылады. Фашистер оған же тек-

ші  ретінде  мұсылмандарға  дінімен  де,  ділімен  де  жақын  қазақ  Мұс-

та фа Шоқай мен өзбек Вали Каюм ханды тағайындайды. 1942 жылы 

осындай барлығы 24 батальон жасақталады. Бұдан бөлек, 1944 жылы 

«Жаңа Түркістан» СС дивизиясы жəне «Шығыс мұсылман» СС полкі 

құ рыл ды.  Түркістан  легионы  бірінші  рет 1942 жылы  Астрахань  ба-

ғы тын да ғы соғысқа жіберілді. Көпшілігі Паулюстің армиясында бол-

ды. Гитлершілердің ойынша, олар ары қарай Қазақстанға көктей өтуі 

көз дел ген  еді.  Түркістан  легионында  «Біртұтас  Түркістан»  журналы, 

«Ұлт əдебиеті», «Жаңа Түркістан» газеттері шығып тұрды. Ұлы Отан 

со ғы сы  жылдарында  фашистердің  арнайы  барлау  қызметтерінің  Ор-

та лық  Азия  елдеріне  парашют  арқылы  агенттер  мен  терроршылар 

тас та ға ны  жəне  олардың  тылда  жасаған  ойрандары  туралы  кеңестік 

тарих жұмған аузын ашпай келді. Фашистердің «Цеппелин» атты ди-

вер сия лық барлау органының 1942–1944 жылдары Қазақстанға да əуе-

ден  тек  қазақтардан  құралған  бірнеше  агенттік  топтар  түсіргенінен 

хабарсыз  болып  келдік.  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  мұрағат  де-

рек те рі не  сүйенсек,  Қызыл  Армияның  бұрынғы  аға  лейтенанты, 35 

жас та ғы  қазақ  Əлихан  Ағаев  бастаған 18 жау  десантының  парашют-

пен Солтүстік Қазақстанға түсірілген құпиясын білген рес пуб ли ка ның 

мем ле кет тік  қауіпсіздік  органы  қызметкерлері  тарапынан  же рі міз ге 



227

ішкірлей  енген  жау  десанттарын  қырағылықпен  аңду  басталынды. 

1944 жылғы мамыр айының 19-нан 20-сына қараған түні Ағаев бас қар-

ған бандылар Ақшелек деген жерде ұсталып, қалтасынан өз қо лы мен 

жаз ған 263 түркістан  легионерінің  тізімі  табылған.  Соғыс  аяқ тал ған 

соң  түркістандық  легионерлерді  Сталиннің  бұйрығымен 25 жыл дық 

ла герь де гі  айдау  күтіп  тұрды.  Олардың  кейбіреулерін  аме ри кан дық 

жəне  ағылшын  барлауы  өз  қызметтеріне  алып  қалса,  біразы  Түр кия 

сияқ ты  шетелдерге  бас  сауғалап  кетті.  Соғыстан  соң  Алматыда 600 

легионерге  сот  болды.  Кейіннен  КГБ  қызметкері  Серік  Шəкібаевтың 

«Үл кен Түркістанның күйреуі» атты кітабы жарық көрді. 1987 жылы 

Əнуар  Əлімжанов  Г.Колбиннің  алдында  Түркістан  легионының  не-

гі зін  салушы  М.Шоқайды  ақтау  мəселесін  көтерді.  Бірақ  сол  кездегі 

Қа зақ стан ның  Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы  Г.Колбин  та-

рапынан  қолдау  көрсетілмеді [4]. «Түркістан  легионы»  туралы  тың 

де рек ті  соғыс  жылдарында  Германияда  болған,  зейнеткер,  соғыс  ар-

да ге рі Ғайпен Бейісовтың мақаласынан көруге болады. «...Екінші дү-

ние жү зі лік  соғыста  Германияның 3 рейхы  соғыста  тұтқынға  түскен 

со ғыс  тұтқындарынан  «Түркістан  легионын»  құрады.  Ерікті  деп  жа-

риялап,  еріксіз  легионға  алды.  Əуелі  тұтқынға  түскен  тұтқындарды 

аяусыз қырып, азайтып алды. Істемегендері жоқ. Тез өле қоймағасын 

сү зек ауруын жұқтырды. Тұтқындарды адамгершілік бейнесінен, сана-

сезімінен айырды. Соғысты тез арада «жеңеміз» деп бастаса да, жеңе 

алмайтындарына  көздері  жеткен  соң,  тыңнан  жаңа  күш  іздеді.  Сон-

да ғы тапқандары Легион болды. Осындай жағдайда Парижде тыныш 

жат қан Мұстафа Шоқайды алдырды. Оған тұтқында қырылып жат қан 

кеңес  тұтқындарын  көрсетті...».  Осылай  Мұстафа  Шоқайды  өз  мақ-

сат та ры на  жету  үшін,  оны  кеңестік  тұтқындарға  көмек  беруші,  жақ-

тау шы сы, Легион басшысы ретінде көрсетіп, тұтқындарды өз сөз де рі-

не  мүлтіксіз  сенуге  мəжбүр  етті. «...Тұтқындардың  келісімін  сұ ра ған 

емес.  Əлі  дұрысталып  болмаған  тұтқындарды  адамдық  кон ди ция ға 

жақындағасын  Легион  лагеріне  əкелді.  Тұтқындардың  алдында  екі 

таңдау тұрды. Бірі – легион киімін кию, тірі қалу. Екіншісі – өлу. Басы 



228

ай нал ған тұтқындар əуелгі кезде Легионова мен легионды да айыра ал-

мады...» [5]. Міне, осылай құрылған легион тұтқындарынан өз Отан-

дары бас тартуына тура келді, оған себеп Сталиннің №271 бұй рық пен 

«бəрі де сатқындар» атағы тағылған үкім болатын. Легион құ рыл ған-

нан кейін, оның құрамы үшке бөлінген. Легион Варшавадан 19 ша қы -

рым  жерде  орналасқан  Легионова  селосында  орман  арасында,  ағаш 

барақтар салынып, айналасы сым жебелермен қоршалып, əс ке ри қа ла-

шық болып бой көтерді. Қысқа мерзім ішінде Легионовада Түр кіс тан-

ның 1, 2, 3-батальондары құрылды, батальон командирлері таза не міс 

персоналдар құрамынан болды. Түркістанның 162-жаяу əскер ат қыш-

тар  дивизиясы  Полтава  жерінде,  шығыс  мұсылман  «СС»  дивизиясы 

Чехославакия  Миава  жерінде  құрылды.  Барлаушылар,  диверсанттар 

құ ра мы Лукенвальдыда, Симферопольде, Востроу, Ромененкода, Топ-

пель,  т.б.  қалаларда  жаңбырдан  кейін  шығатын  саңырауқұлақтардай 

самсап өсе бастады. Осы құрылған əскери құрамалар 3-рейхқа қандай 

пайда  келтірді?  деген  сұрақтар  өз  жауабын  күтеді. 1-Түркістан  бата-

льон командирі қазақ Уəлихан Құрамысовтың батальоны 1800 ле гио-

не рі мен Майков бағытында кеңеске қарсы соғысқа салынды. Нə ти же-

сін де, батальон бір оқ атпастан Қызыл армия жағына берілді. 2-Түр-

кіс тан  батальон  командирі  қазақ  Амиров  Беларусь  партизандарына 

қар сы  соғысқа  салынды.  Нəтижесінде,  Амиров  батальонымен  пар-

тизандар  жағына  шығып  кетті. 3-Түркістанның  батальон  ко ман ди рі 

Исин Алимжан – қазақ. Француз альфасында, француздар «сопротив-

лениясына» қарсы соғысуға салынды. Исин батальонымен со ғыс пас-

тан, «сопротивленияға»  қосылды.  Сол  сияқты  Сеуіл  Мұратов,  Тө леу 

Мұр  за бе ков, Залин Мирзамир, Дауыл Қосымбаев (шын аты Дəу леш), 

Те  мір  хан  Жангелдиндер  отандарына  оралды.  Чехославакия  же рін де 

тау  да  ғы словак партизандарына соғысқа салуға əзірлік жасап жат қан 

шы ғыс мұсылман «СС» дивизиясының Түркістан полкінің ко ман ди рі 

Ға зиз жан Азимов, (Алимов) бір түн қараңғысын пайдаланып, пол кі мен 

словак партизандарына өз еріктерімен қосылды. Бұл тек менің бі ле тін-

де рім, ал білмейтіндерім, ұмытқандарым қанша [5].



229

Одақтастар соғыс тұтқындарын отандарында оларды не күтіп тұр-

ға  нын  ескертіп,  сол  елдерде  қалып,  бейбіт  өмір  сүруді  ұсынғанына 

қа ра мас тан,  елге  оралып 10–25 жылдан  ГУЛАГ-қа  да  айдалды.  Осы 

ГУЛАГ-та  тұтқында  болған  адамдардың  басым  көпшілігі  жазықсыз 

жандар екендігіне дəлел ретінде Ішкі істер Органдарының мұ ра ға тын-

да  жасырын  сақталған  СтепЛАГ-та  болған  атақты  Кеңгір  кө те рі лі сі 

бас шы ла ры ның бірі, Капитон Иванович Кузнецовтың баласына жаз ған 

ха тын да ғы мына бір жолдарға назар аударайық: «Сендерге біз ді қо ғам-

ға, мемлекетке аса қауіпті жау деп көрсетеді. Оған сенбеңдер. Шынын-

да біз кімбіз? Біздің арамызда отырғандар: профессорлар, инженерлер 

мен  техниктер,  мұғалімдер,  дəрігерлер,  агрономдар,  генералдар  мен 

офицерлер,  солдаттар,  нашар  тұрмысы  немесе  құдайға  сенгені  үшін 

жа зық ты болған қарапайым жұмысшылар мен колхозшылар, əйел дер, 

жас өс пі рім жігіттер мен олардың қалыңдықтары, ең сұмдығы – шах-

талар мен карьерлерде, далада, қамауда үнсіз көз жұмып, бұл дү  ние-

ден ке тіп жатқан қарттар, мүгедектер мен балалы əйелдер. Ай на ла ның 

бə рін де  тұтқындардың  қаны  сорғалауда», – деп  жазады.  Оның  бала-

сына «сенің əкең кінəлі болғаны үшін отырған жоқ, жазықсыз отыр ға-

ны үшін кінəлі» деген сөзі осы жағдайға алып келген зұлым сая сат тың 

ащы шындығын анық көрсеткендей болады [6].

Ұлы Отан соғысының соңына қарай, тұтқындардың саны 40 мың-

нан асқан. Соғыстан қайтқан тұтқындарды Отанға деген ұлы сезім шет 

елде қалдырмай, кіндік қаны тамған топыраққа жетеледі. Олардың қа -

та  рын  да болу кезкелген жауынгердің тағдырына да жазуы мүмкін еді. 

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қатаң сталиндік жүйенің құрбаны бол ған 

тек  қазақтың  ғана  емес,  түркі  ұлтының  өзге  боздақтарының  да  адал 

атын ұлықтау – өскелең ұрпақтың міндеті. Мұстафа Шоқайдың тұл ға-

лық бейнесі – өз алдына бір бөлек тарих. 

Бүгінгі Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихында қайта зер де леу-

ді қажет ететін өзекті тақырыптар қатарында осы тұтқындар мə се ле сі 

болу керек. Əсіресе Түркістан легионының қазақ жəне өзге түр кі мем-

ле кет те рі нің тарихындағы алар орнын анықтау қажет. Бəріне уа қыт өзі 



таразы болары сөзсіз, десе де, «тарихты білмей өткенді, қазірді білу, 

келешекті болжау қиын» деген ұлылардың сөзін ұмытпағанымыз жөн.

Сол Ұлы Отан соғысындағы əлі де болса жабулы күйінде жатқан құ-

пия лар жетерлік. Оларды көзімен көрген куəгерлер саны азайып бара 

жат қа нын ескеріп, келешек ұрпаққа олардан қалған ұлы істердің ақ пен 

қарасын ажыратып, кейінгі ұрпақ санасына дұрыс таразылау – бү гі нгі 

тарихшылардың міндетінде. Олай болса, өз еліміздің тарихын оқы ту-

да олқылықтарға жол бермей, өзгелердің беделін биіктете отырып, өз 

ұлтымыздың намысын шыңдай түсейік. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1. Əбіш Р. Жаппай қырғынға жазықты кімдер. 2000.

2. Қожахметұлы К., Шүпеков Ə., Ғұбайдуллина М., Бекіш Р. Қазіргі дүниежүзі 

тарихы. Алматы: «Мектеп» баспасы. 2006.

3. Тəшенов Т. «Алаш» батальоны // Айқын. 31 тамыз, 2005 жыл.

4. Бейісов Ғ. «Түркістан легионы». «Атамекен», 2000 жыл.

5. Садықов Т. «Халықтар түрмесі» // Егемен Қазақстан. 27 мамыр, 2009 жыл.

6. Төлеуханқызы А. «Ұрпақтарымыз ұмытпайды» // Егемен Қазақстан. 8 ма-



мыр, 2010 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет