1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет144/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

НЕРУ
,
 
Джавахарлал, Пандит (Ғалым) Неру
(1889–1964) 
— Үнді Ұлттық Конгресінің және Үнді ұлт-азаттық 
қозғалысының сол қанатындағы көшбасшы-лидерлерінің 
бірі, 15 тамыз 1947 жылы Үндістан өз Тәуелсіздігін 
алғаннан кейінгі тағайындалған елдің алғашқы премьер-
министрі. Елдің ішкі саясатында Неру Үндістан халқын 
ынтымақ-бірлікке шақырды, мұсылмандар мен үндістерді, 
билік үшін жауласып жүрген саяси партияларды бір 
ымыраға келуге шақырды, ал экономикада – жоспарлау принциптері мен 
рыноктық экономикаға жол бастауға шақырды. 
Философиялық афоризмі:
«Ақиқат құдықтың түбінде жатады, бетіндегінің бәріне өтірік билік 
жүргізеді. Кейде жасырын түрде, кейде ұят дегенді сыпырып тастап 
ашықтан-ашық». 
НИЦШЕ
,
 
Фридрих Вильгельм Ницше
(1844–1900) — 
неміс ойшылы, өзіндік философиялық ілімді (өмір 
философиясын) құрушы. «Билікке ұмтылған жігер» деген 
концепцияны құрушы. 
Шығармалары:
«Уақытылы емес 
ой-толғамдар», «Тарихтың өмір үшін пайдасы мен зияны», 
«Адами, тым адами», «Көңілді білік», «Ізгілік пен 
зұлымдықтың ту сыртында», «Ар-ұждан шежіресіне 
байланысты», «Антихрист», «Музыка рухынан трагедияның 
туындауы», «Заратуштра осылай деген», «Билікке ұмтылған 
жігер», т.б.
НЫСАНБАЕВ
,
 
Әбдімәлік Нысанбаев
 
(1937) — қалың 
көпшілікке, тіпті шет жұртқа да танымал философ-ғалым, 
философия ғылым докторы (1977), профессор (1980) ҚР 
ҰҒА академигі (2003), Диалектика және таным теориясы, 
ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі 
философиясы, 
әлеуметтік 
және 
саяси 
философия, 
саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол 
570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-
әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке 
кітаптар мен оқу құралдарын жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет