1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет141/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

МОНТЕСКЬЕ
,
 
Шарль-Луи де Секонда барон Ла Брэд и де 
Монтескьё
 
(1689–1755) — француз жазушысы, құқықтанушы 
әрі философ, «Фарсылық хаттар» романының, «Римдіктердің 
ұлылығы мен күйреуінің себептері туралы пікірлер», 
«Энциклопедии, или Толкового словаря наук, искусств и 
ремёсел» мақалаларының авторы. 
Деизм
 
және 
механикалық 
материализм
өкілі. Монтескье әр халықтың және елдің 
заңдарын, саяси өмірін табиғи және тарихи жағдайлардың 
ерекшеліктерінен деп түсіндіреді. «Заңдар табиғи және қоғамдық болып екіге 
бөлінеді. Табиғи заңдарға әр елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа-
райы, жер-реңі, т.б.) қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. 
Бұл заңдылықтар – мәңгі, өзгермейді. Осы заңдар негізінде өзгермелі 
қоғамдық заңдар
қалыптасады» - дегенді айтты. Монтескьенің 
саяси-
әлеуметтік ілімдері
қоғам дамуының қозғаушы күштерін айқындауға
қоғамдағы болашақ реформалардың тиімді жолдарын қалыптастыруға 
негізделгендіктен, оның біршама ойлары мен көзқарастары кейінгі 
дәуірлерде өмір сүрген ойшылдарға, саясаткерлерге зор әсер етті.


303 
МОР
,
 
Томас Мор
(1478–1535) — ағылшын ойшылы, жазушы.
Католик Шіркеуінің әулиесі. 
Утопистік социализм
нің 
негізін салды. Мордың атақты шығармасы «Утопия» деп 
аталады («Утопия» – грекше «орны жоқ орын», «Жерұйық» 
дегенді білдіреді). Онда, ол индивидуализмге қарсы, жеке 
меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған 
адамдардың бәрі тең. Мемлекет басшысы – терең ойлы 
философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, 
жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам – қиялдағы аралды 
жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет