1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет154/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

РОРТИ
,
 
Ричард Рорти
 
(1931– ... ) — өзінің «Философия 
және табиғат айнасы» еңбегінде субьект деп ажыратылатын 
дәстүрлі ақиқатты «ой мен зат арасындағы өзара біржақты 
қатынас» ретінде түсіндіретін идеяны сынайды. Рорти 
контекстуализм
позициясын ұстанады. Философтың 
пікірінше констексте базистік құндылықтар болады және ол 
пайдалылық дәрежесін анықтайды. Оның ойынша барлық 
нәрсе контекстуалды және кездейсоқ, сондықтан ешқандай 
да қатаң универсалды және қажетті пікірлер мен нормалар өмір сүрмейді. 
Қазіргі кезде Рорти философиялық дистинкцияларды деконструкциялаумен 
айналысып, оларды экстремалды мәнге дейін жеткізуде, мәтіндерді 
деконструкциялау барысында өзіндік референциялдық қайшылықтарға 
жоламай, балама пікірлерге көбірек дәлелдер келтіруге тырысады. 
РОТТЕРДАМСКИЙ
,
 
Дезидерий Эразм Роттердамский
(1466–1536) 
— 
нидерландтық 
философ-гуманист. 
Шығармалары:
«Ақымақтықты 
мадақтау», 
«Аспанға 
жіберілмеген Юлий», «Мақалдар». Өз заманының атақты
гуманистерінің бірі ақымақтықты даналықтан күшті деп 
пайымдайды. Себебі, сезімдік адам тәнімен байланысты, 
сондықтан ол адамның басында жиналған ақыл-ойдан 


313 
күрделі, яғни, адамға адамгершілікті сақтау қиынырақ. Өмір иррационалды. 
Адамның бақыты оның адаспауында емес, керісінше, адасуында, даналыққа 
ақымақтықты кішкене болса да араластырып отыруында. Бақыт заттың өзіне 
емес, адамдардың ол туралы пікіріне байланысты. Сол себепті адам өмірі 
күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін емес. Тек «табиғат қана 
адаспайды», ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, ғажайып, керемет күш 
жоқ, ол тек табиғаттың өзі, бірақ табиғатты да танып-білу мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет