1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Э.Леруа енгізді. Араға ондаған жыл  салып, Ноосфера теориясы  Вернадский



Pdf көрінісі
бет224/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

Э.Леруа
енгізді. Араға ондаған жыл 
салып, Ноосфера теориясы 
Вернадский
мен 
Тейяр де Шарден
нің бір кезде іс 
жүзінде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Вернадский ғылыми 
білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы 
деп танып жоғары бағалады. 
НУС 
(грекш. - ақыл, ой, рух) — Адамның және Ғарыштың санасы мен 
өзіндік санасының бастауын білдіретін ежелгі грек философиясының 
категориясы. 
НЬЯЯ 
(«тәртіп», «негіз», «тәсіл», «түйін») — I-ғасырдың аяғында пайда 
болған ертедегі үнді философиясының бір ағымы. Оның негізін 
қалаушылардың бірі – Готама. Ньяя – ойлану туралы, сыни талдау туралы әрі 
таным әдістері мен логика жөніндегі ілім ретінде дамыған ежелгі үнді 
философиясындағы ортодоксальді бағыттағы мектептердің бірі, логика, 
гносеология, метафизикалық мәселелер. 
ОБЬЕКТ
— субьекттің тәжірибиелік немесе танымдық іс-әрекеті 
бағытталған нәрсені белгілейтін категория. 
ОНТОЛОГИЯ 
(грекш. – болмыс және сөз, ұғым, ілім) — болмыс туралы 
философиялық ілім. 
ОЙЫН, ОЙЫН ТЕОРИЯСЫ 
— дәлел–дәйегі нәтижесінде емес, процестің 
өзінде болатын қимыл-әрекет түрі. Ойынның мәдениет пен оның жекелеген 
формаларының пайда болуы және жұмыс істеуінің негізі ретіндегі теориясы 
ХХғ. 
Х.Ортега–и–Гассет, 
И.Хейзинга, 
Е.Финк, 
Г.Гадамер 
т.б. 
тұжырымдамалары қалыптасты. 
ӨЗІНДІК ЗАТ 

 
Канттың түсінігі бойынша, танушы субьектіден тәуелсіз, 
өзі үшін өмір сүретін зат. 
ӨЗІНДІК САНА 

 
адамның өзін обьективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниеге 
қатынасын, өзін тұлға ретінде, өзінің іс-әрекеттерін, ойларын, тілектерін 
түсінуі және бағалауы. 
ӨНДІРГІШ КҮШТЕР 
— қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат 
арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субьективтік және заттық 
элементтер жүйесі. 
ӨНДІРІС ӘДІСІ 
— өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың нақты 
бірлігі. 


371 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет