1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


б.д.III-VIғ.ғ. белгілі антикалық кезеңдегі ірі,  ықпалды ойшылдар  Аммоний Саккс, Плотин, Порфирий, Прокл



Pdf көрінісі
бет222/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

 
б.д.III-VIғ.ғ. белгілі антикалық кезеңдегі ірі
ықпалды ойшылдар 
Аммоний Саккс, Плотин, Порфирий, Прокл, 
Ямвлих
тардың ілімдері арқасында қалыптасқан ежелгі грек-римдік 
философияның соңғы түрі. Неоплатонизмнің қалыптасуына, бір жағынан, 
Платонның іліміне Аристотельдің, стоиктердің, пифагоршылардың кейбір 
идеяларының араласып, қосылуы үлкен әсер етсе, екінші жағынан, Шығыс 
мистикасы мен христиан дінінің әсерін байқаймыз. Бірақ бұл байланыс бір 
жақты болған жоқ, христиан дініне неоплатонизмнің әсер еткені белгілі. 
Неоплатонизмнің бастапқы ілімінде Құдай дегеніміз – оның табиғаты, мәні 
туралы ешқандай нақты пікір айтуға болмайтын және ол туралы ақиқат білім 
алуға болмайтын болмыс. 
НЕОПОЗИТИВИЗМ (ЛОГИКАЛЫҚ ПОЗИТИВИЗМ) 
— ХХғ. І-ші жарт. 
Европа философиясындағы ағым немесе позитивизмнің қазіргі заманғы 
формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет 
түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық 
құралдардың ғылыми танымдағы рөлін, білімді математизациялау 
мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің 
арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті. 
НЕОРЕАЛИЗМ

ЖАҢА РЕАЛИЗМ
— ХІХғ. аяғы мен ХХғ. бас. Европада 
қалыптасқан философиялық ағым. 
НЕОТОМИЗМ 
— қазіргі заманғы философиялық ағымдардың бірі. Басты 
өкілдері: 
Ж.Маритэн, Э.Жильсон, И.Бохеньский, М.Грабиан, Г.Мангер, 


369 
И.Гейзер, Г.Гундлах
және т.б. Бұл ілімнің негізгі қағидасы Ф.Аквинскийдің 
кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілегіне сәйкестендіріп, 
философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып «дамыту». Бірақ 
томизмнің негізгі мазмұны – Құдай ең жоғары болмыс, ал денелер әлемі 
оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. да діни қағидалар
бұлжымастан қалған. Егер Фома философиялық ақиқаттар сенім ақиқатына 
қайшы келе алмайды десе, қазіргі неотомистер бұл пікірді одан ары қарай 
өрбітіп, сенім мен ақылдың (бұл жерде «ғылыми ойлау» деген мағынада) 
үйлесімділігі 
концепциясы 
тұрғысынан 
алғанда, 
ақыл 
өзінің 
пайымдауларында сенімге қайшы келгенге дейін еркін қалады деп 
тұжырымдайды. Сонымен қатар, неотомистердің пікірінше, философия 
ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет