254
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ
АБАЙ,
Ибраһим Құнанбайұлы
(1845–1904)
— қазақтан
шыққан ұлы ақын, кемеңгер философ, қазіргі заманғы қазақ
жазба әдеби тілінің негізін салушы, композитор, қазақ
мәдениеті
Ренессансының
көрнекті
классигі.
Оның
дүниетанымында Құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан
мен тән, өмір мен өлім көп орын алды. Абай, бір жағынан,
Құдай бар («Алланың
өзі де рас, сөзі де рас») деп, түсінсе,
екінші жағынан, дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығы бар екенін
мойындайды. Сондықтан
ғылымды меңгеруге, дүниені танып-білуге
шақырды
. Абайдың ойынша адамның ақылдылығы, саналылығы дүниені
зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Таным тұрғысынан
Абай
сананың, ақылдың рөлін жоғары бағалады
. Дүниені тану, ақиқатты
білу, ғылымды меңгеру Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс.
АБЕЛЯР,
Пьер Абеляр
(1079–1142)
— француз арасынан
шыққан философ, теолог-схоласт, схоластикалық тәсілдің
негізін қалаушы және қорғаушысы.
Шығармалары:
«Бар және
жоқ». Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар,
бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы
негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап
жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол
Құдайдың ақыл-ойында бар. Ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып
табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп алған білім де, жалпылардың
шын өмір сүретіндігіне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек.
Адамға керекті нәрсе – оның іс-әрекеті емес, Құдайға деген сенімі. Абеляр
осындай екіұшты пікірлері үшін сынға түсті.
Достарыңызбен бөлісу: