1. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясатының белсенділік деңгейімен танысып, әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасына ядролық қарусыз әлем ұстанымын қолдайтын мемлекет ретінде қарайтын ұстанымына мән беріңіз
1. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясатының белсенділік деңгейімен танысып, әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасына ядролық қарусыз әлем ұстанымын қолдайтын мемлекет ретінде қарайтын ұстанымына мән беріңіз.
Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды. Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған.
«Дүние жүзінде ядролық қару саны кеміп жатқанымен, ядролық қаруы бар елдер өз арсеналын модернизациялап жатыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл қару түрінен бас тартпақ емес» деп мәлімдеген болатын Стокгольмдегі (Швеция) Халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI – Stockholm International Peace Research Institute) ғалымдары.
Аталған институттың мәліметі бойынша, 2017 жылдың басында қуатты қаруы бар тоғыз мемлекетте жедел қолданысқа дайын барлығы 4 150 дана ядролық қару болған. SIPRI есебінше, бұл елдердің жалпы қорында осы жылдың басында ядролық оқтұмсықтардың саны 14 935-ке жеткені айтылады. Дегенмен, бұл өткен 2016 жылғы көрсеткіштен 15395 дана аз екені де белгілі болды. Ядролық заряды көп елдер тізімін көршілес Ресей Федерациясы бастап тұр. Ресей арсеналында бас-аяғы 1 950 ядролық заряд бар. Ал АҚШ-тың иелігінде бұл көрсеткіш 1800 ядролық заряд пен 5000 өзге де оқтұмсықтарды құрайды. Институттың дерегі бойынша көш соңындағы Солтүстік Корея елінде 10-нан 20-ға дейін ядролық заряд бар екен.
2. Қазақстанның заманауи өзгерістер жағдайындағы саясаты туралы әлеуметтік желілердегі материалдармен танысу барысында Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам мен демократияландыру институтының даму.
Қазақстан дамудың демократиялық жолын таңдап алған мемлекет ретінде оның өрістеуіне мүдделі. Сондықтан елде демократияға тән ұжымдық шешімдер саласы, идеалды жүйе, онда барлық қауымдастыққа қатысты шешімдерді оның бүкіл мүшелерінің қабылдауы және олардың қандай да бір шешімді қабылдауға тең құқықтары бар. Бұл екі қағиданы ұстау дегенді білдіреді: ұжымдық шешімдерді қоғамдық бақылау және осы бақылауды жүргізу кезінде теңдікті сақтау мақсат етілді. Шешім қабылдауда азаматтардың мұндай қатысуы саяси бағыт пен әлеуметтік-экономикалық реформалар барысына әсер ету формасымен көрінеді. Мұндай әсер тиімді түрде қоғамдық бірлестіктер, ең алдымен, партиялар мен қозғалыстар арқылы жүзеге асырылады. Шынымен де, азамат тек өзге азаматтармен бірлескенде ғана қоғамға тиімді ықпал ете алады.
Партиялық жүйенің мемлекет пен азаматтық қоғам арасында делдал қызметін орындай алу мүмкіндігі бірнеше факторларға байланысты: мемлекеттік құрылымдардың әрекетіне және қоғамдық даму қажеттілігі туралы ақпараттық оларға дүрыс түсуіне; бұл ақпараттардың мемлекеттік және азаматтық инстиуттарға әсер ету күшіне; бұл институттардың қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында пайда болатын қайшылықтар мен шиеленістерді көтере алуына қазақстандық саяси партиялар осы талаптар деңгейінде қызмет жасауды мақсат етуде.