1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.)



бет114/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

116. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.).
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.[1]
Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.
1-нші құрылтай.1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай.
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.

Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.


Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыландыБизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
4Астанадағы дүниежүзi қазақтарының IV құрылтайында Елбасы құзырлы органдарға төрт мiндет жүктедi. Соның ең бастыларының бiрi – қазiр Парламент Мәжiлiсiнде қаралып жатқан "Халықтың көшi-қоны" туралы Заң.
Парламент қабырғасында қаралып жатқан "Халықтың көшi-қоны туралы" Заң жобасына айтылар ұсыныстар мен енгiзiлер өзгерiстердi бiрлесiп әзiрлеу керек. Онда қандастарымыздың құжат тапсыруда, тiркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетiн түрлi кедергiлер жойылуы тиiс, – дедi Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Бiрақ "Халықтың көшi-қоны туралы" Заң жобасында да, былтыр қабылданған арнайы Қаулыда да шетелден келетiндердiң Қазақстан аумағында жүруiн жеңiлдету жағы аз байқалады. Әрине, шетелден келетiндердiң жүрiп-тұруын қадағалау – бұл ұлттық қауiпсiздiгiмiз үшiн қажет. Бiрақ бұған дейiнгi заңдарымызда шетелдерден келетiн қазақтар үшiн арнайы жеңiлдiктер қарастырылушы едi. Қазiр оның көбi алынып тасталған.
Бұл жайында арнайы заң қабылданған жоқ. Соңғы бiр-екi жылда шетелден келетiн қазақтарды өзге шетелдiктермен бiрдей қарайтын Қаулылар қабылданған. Сол себептi де Қытайдан келетiн қазақтардың Қазақстандағы визасының уақыты аяқталғаннан кейiн, оны дереу шығарып жiбередi. Қазiр виза тек үш айға ғана бiр мәрте және көп мәрте берiлiп келедi. Бұрын виза алты айға немесе бiр жылға берiлетiн және оның мерзiмi аяқталғаннан кейiн, Қытайға шығармай-ақ, уақытын созып беретiн. Сыртқы iстер министрлiгiне Қанат Саудабаев басшылық еткен екi-үш жылда осындай өзгерiстер жасалды. Неге мұндай қатаң шаралар қолдана бастағаны түсiнiксiз. Бiр нәрсе айқын – бұл саясаттың Президенттiң, елiмiздiң шеттегi диаспораға қатысты саясатына қайшы екендiгi. Ендiгi мәселе осындай шешiмдердiң күшiн жойып, яки ең алғашқы қазақ диаспорасына берiлген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қайта орнына келуi керек, – дейдi тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұхаметханұлы.

Қазақ диаспорасына арналған жеңiлдiктердiң алынып тасталғаны олардың Кеденде де түрлi кедергiлерге де тап болуына мәжбүрлеп отыр. Бұрын Қазақстанға қоныс аударушы әрбiр шетелдiк қазақ түрлi кедендiк алымдардан босатылатын. Бұл бап әзiр де жұмыс iстейдi. Алайда Кеден комитетiндегiлер шетелден келетiн қазақтарды бұл алымдардан босатпайды екен. Қытайдан Құрылтайға арнайы делегация құрамында келген, "Шыңжаң" газетiнiң тiлшiсi Қалиакпар Сәнiмханұлы Қытайдан қазақ журналистерiнiң бұл құрылтайға бiрiншi рет қатысып тұрғанын айта тұрып, көшi-қон саласында кездесетiн кедергiлер жайында ой бөлiстi:


Менiң ата-анам Астанада тұрады. Осында қоныс аударған. Құдайға шүкiр, алыс-берiс, барыс-келiс жақсы. Екi ел арасының қарым-қатынасы да жақсы. Бiрақ соңғы жылдары Қазақстанға келу визасын алу бiз үшiн қиындап тұр. Биыл ақпанның 15-iнде Үрiмжiдегi Қазақстанның визалық-паспорт бөлiмiнiң алдында виза алуға кезекке тұрғандардың саны 10 мыңнан асты. Сол себептi де тiркеу тоқтатылып, қайта жаңартылмады. Қазiр бұл дауды реттеу үшiн арнайы шаралар қабылданып жатыр. Бiрақ, дегенмен Үрiмжiдегi Қазақстанның визалық-паспорттық бөлiмiнде небәрi 4-ақ адам жұмыс iстейдi. Бұл виза алғысы келетiн, Қазақстанға қоныс аударуға ниеттi қазақтардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұған дейiн күнiне 60-80 паспорт қабылданып келсе, қазiр оның саны 160-қа дейiн өстi. Бiрақ кезек алға жылжыр емес. Сондықтан бiздiң ойымыз Үрiмжiдегi визалық-паспорт бөлiмiнiң дәрежесiн көтеру қажет. Оны Консулдық деңгейiне жеткiзсе. Қазақстанның бұндай консулдықтары Қытайдың iшкi өлкелерiнде – Шанхайда, Гонконгта бар. Егер Шыңжаңда бас консулдық ашылатын болса, виза мәселесiн шешудiң жалғыз жолы осы. Бұл Қытайдағы қазақтар үшiн аса пайдалы болар едi, – дейдi Қалиакпар Сәнiмханұлы.
Үрiмжiдегi визалық-паспорт бөлiмiнiң бастығы Қайыржан Сәрсебаев қазiр визаны тездетудiң жолдарын қарастырып жатқандығын айтады.

Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және өкiлеттi елшiлiгiнiң Үрiмжiдегi визалық-паспорттық бөлiмге басшылық қызметке орналасқаныма көп бола қойған жоқ. Дегенмен мен осы Қытайдағы елшiлiкте 15 жылдай жұмыс iстеймiн. Жағдай маған жақсы таныс. Қазiр күнiне екi жүздей паспорт қабылдап, мәселенi оңтайлы шешудiң жолдарын қарастырудамыз. Қазiр Үрiмжiдегi паспорттық-визалық бөлiмде алты адам жұмыс iстейдi, солардың төртеуi виза рәсiмдеумен айналысады, – деген ол қазiр Үрiмжiден Қазақстанға келгiсi келетiн қазақтарға алты айлық виза рәсiмдеудi қайта қарастырып жатқандығын айтты.Бiз паспорттық-визалық бөлiмнiң меңгерушiсi Қайыржан Сәрсебаев мырзаға Шыңжаң қазақтары жиi қоятын Кедендiк алымдардың қазақтарға да салынатындығы жайында жиi шағымданатындығын алға тарттық:


Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментiнде және шетелдердегi Қазақстан елшiлiктерiнде әлеуметтiк экономикалық жеңiлдiктер беретiн бiр құжат беретiнбiз. Егемендiк алғаннан кейiн 2003-2005 жылдарға дейiн, нақты есiмде жоқ, осындай анықтамалар арқылы олар кедендiк алымдардан босатылатын. Қазiр визалық-паспорттық қызметi ондай анықтама бере алмайды. Бiздiң миссиямыз – тек Қазақстанға кiретiн виза беру, – дедi Қайыржан Сәрсебаев.2017 жылдың 22–25 маусымы күндері Астана қаласында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді.
Құрылтай бағдарламасының негізі ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.
Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып саналады. Ол 1992–2017 жылдар аралығында өткен бес Құрылтайдың өзара сабақтастығының бар екендігін көрсетеді және тәуелсіздік кезеңдерінде Қазақстан Республикасының айтулы табыстарға, соның ішінде этникалық көші-қон саясатының жетістіктеріне қол жеткізгендігін паш етеді.

Құрылтай жұмысына барлығы 750 делегаттар мен қонақтар қатысады, оның 350 адамы алыс және жақын шетелдердегі әлемнің 39 елінен келді. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатысады.750 делегаттар мен қонақтардың басым көпшілігі ғылыми шығармашылық және педогогикалық зиялылар өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болып саналады.Алдыңғы төрт Құрылтайға қатыспаған әлемнің сегіз елінен V Құрылтайға делегаттар мен қонақтар келіп отыр. Олардың қатарында Жапония, Корея Республикасы, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзірбайжан, Молдова елдері де бар.


Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 60 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрайды. Олар дені – түрлі елдердегі және Қазақстандағы жастар ұйымдарының, студенттік бірлестіктерінің көшбасшылары, магистранттар, докторанттар және жас мамандар.Құрылтай аясында тұңғыш рет «Нұр-Отан» партиясының қолдауымен «Жастар рухани жаңғыруды қолдайды» атты дүниежүзі қазақ жастары көшбасшыларының форумы өтеді.Құрылтайға шетелден келетін қандастар қатарында – Молдова Республикасы Парламентінің депутаты, ғалым-саясаттанушы Богдан Кайдарұлы Цырдя (Киікбаев), Ресей Федерациясының Томск облысы губернаторының әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Шыңғыс Ақатаев, РФ-інің Алтай Республикасындағы Турата ауданының әкімі Аманжол Сахарьянов, Омбы облыстық алтыншы шақырылған заң шығарушы жиналысының депутаты Нұрлан Қартабаев, Орынбор облысындағы Орск қалалық кеңесінің депутаты Құрмамбай Құмақбаев, Санкт-Петербордағы Аймақтық экономика және заң университетінің ректоры Ерлан Ысқақов, Қырғызстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Еркін Бөлекбаев, Мәскеуден Алаш Орда тарихының белгілі зерттеушісі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Дина Киселева (Аманжолова), Батыс Сібір қазақтарының этнографиялық және тұрмыстық мәдениеті жөніндегі монографиялар авторы, доцент Шолпан Ахметова Омбы қаласынан, Абай өлеңдерін өзбек тіліне аударған Абдолла Рүстемов, түмендік белгілі журналист, «Көшпенділер» деректі кітабының авторы Қалил Қабдулуахитов бар.
Құрылтайға келетін Ағыпар Бәкей Моңғолия ауылшаруашылығы ғылыми академиясының вице-президенті, Бауыржан Ермекбаев Қарақалпақстандағы аудандық соттың төрағасы, Гүлсім Масақова Берлиндегі (Германия) Гумбольд университетінің Орта Азияны зерттеу Орталығы «Қазақстан тарихы және қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Делегаттар арасында – Ресей екінші Мемлекеттік Думасының депутаты, «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, Түріксіб теміржолын жобалау мен салуды белсенді түрде жүзеге асырушы, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың немересі, металлтану саласындағы философия докторы, канадалық Асқар Шейх-Әлі, атақты дінтанушы-ғалым Халифа Алтайдың Франция және Қазақстанда тұратын ұлдары, Түркиядағы колледж директоры Өзтопырақ Сүлеймен, Өзбекстан, Моңғолия, Ресейдің Омбы облысындағы, АҚШ-тағы (Хьюстон, Техас штаты) қазақ тіліндегі мектептердің директорлары мен мұғалімдері, Моңғолия мен Ресейдің Алтай Республикасындағы қазақ мұражайларының директорлары, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы М. Құрманхан атындағы қазақ драма театрының директоры, моңғол телевидениесіндегі қазақ тіліндегі тұңғыш бағдарлама авторы, таэквондадан Түркия чемпионы, Иранның Сари қаласындағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан тұңғыш инженер әйел бар.
Делегаттардың көпшілігі қазақ тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді, бекзаттық мәдени мұраларды сақтау және насихаттау, гендерлік қозғалысты дамыту жөнінен шетелдердегі танымал қоғам қайраткерлері болып табылады.
Сондай-ақ, Құрылтайға Германия, Франция, Өзбекстан, Ресей елдеріндегі этномәдени қозғалыстың ардагерлері де қатысады. Олардың ішінде Кельннен келген Әбдірахман Четин, Париждегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдулсәмет Алтай, ташкенттік Ташболат Бабажанов, Ленинград облысы және Санкт-Петербор қаласы қазақ қоғамының президенті Сәрсенғали Құспанов бар. Ауғанстан, Түркия, АҚШ, Германия, Франция, Латвия, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей мен Қазақстан елдерінің шағын және орта бизнес өкілдері де Құрылтай делегаттары ретінде өз салаларының проблемалары туралы ой бөліспек. Құрылтай делегаттарының ортасында Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Түркиядағы (алғаш рет) танымал журналистер, ақпарат құралдарының (газет, журнал, телевидение, радио) редакторлары мен бас редакторлары да бар.
Атап айтқанда, Баян-Өлгей аймағы радиосы, «Kasnews.mn» порталы, «Моңғол Заман» газеті, «Қырғыз туы» газеті (Бішкек қ.), «Нұрлы жол» газеті (Ташкент қ.), «Алтын аймақ» телевидениесі (Науайы қ.), «Омбы қазақтары» газеті, «Шүй нұры» газетінің (РФ, Алтай Республикасы, Қосағаш ауылы) тілшілері ұлт жиынының қыр-сырына қанығуда. Құрылтайға қазақстандық баспасөз өкілдері де қатысады.
Түрік тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесі (Түрік кеңесі) Бас хатшысының орынбасары Омер Кожамен, «Түріксой» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, шетелдік әзірбайжандармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік Комитеттің төрағасы Назым Ибрагимов (Баку қ.), Франция қазақтары қауымдастығының президенті Берлин Иришев (Париж қ.), Моңғол Елшісі дәрежесіндегі, Дүниежүзілік моңғол конгресінің жетекшісі Дагва Цахилгаан (Ұлан-Батыр қ.) Құрылтайға алғаш рет құрметті қонақ ретінде шақырылып отыр. Құрылтайға Душанбеден филология ғылымдарының докторы, Ресей-Тәжікстан (Славян) университетінің профессоры, Тәжікстан қазақтарының тарихы туралы ғылыми монографияның авторы Абсаттор Нұралиев қатысады.
Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің Халық жазушысы Олжас Сүлейменов, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері Марфуға Айтқожина, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев, Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов, Қазақ КСР-інің Халық әртісі және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері Айман Мұсаходжаева, олимпиада чемпиондары Ислам Қанат, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Қазақстан чемпионы Ақжүрек Таңатаров, т.б. қазіргі атақты спортшылар, ұзақ жылғы ұстаздық жемісті қызметі үшін елімізде тұңғыш рет Қазақстанның Еңбек Ері атанған Аягүл Миразова да Құрылтайдың құрметті қонақтары болып табылады
Делегаттар қатарында – экономика, ғылым және білім, мәдениет пен спорт, бизнестің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі оралмандар. Айталық, «Құрмет» орденінің иегері, Ресейлік мұнайшы Қайнулла Қасенов, Моңғолияның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Авхий Хавлаш, физик ғалым Досан Баймолда Моңғолиядан, философ Эркин Байдаров Өзбекстаннан, шығыстанушы Ислам Жеменей Ираннан, Қытайдан келген аудандық маслихат депутаты Бәзілхан Әбдіғани, журналист Құтмағамбет Қонысбай Қарақалпақстаннан, суретші рыстан Өмірзақ Моңғолиядан, кәсіпкер Нығарбай Төлеубай Моңғолиядан, опера әншісі Тілеубек Қожанұлы, ақындар Алмас Сақбаев пен Қайрат Құлмұхамед Қытайдан және т.б. қоныс аударған.
Құрылтай жұмысына ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, министрлік пен ведомствалар басшылары, түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың көшбасшылары, Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары қатысады. «Нұр-Отан» партиясының өкілдері де бұл жиынға кеңінен қатыстырылмақ.
Ұлт Көшбасшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемге мәшһүр беделінің нәтижесінде тарихи отандарының қол жеткізген табысымен танысуға деген құштарлық Құрылтайға келетін шетелдік делегаттардың басын біріктіреді.
Құрылтайдың негізгі іс-шаралары
Құрылтайдың басты ерекшеліктерінің бірі қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен өнерінің кең тарауына бағытталған мәдени-көпшілік шараларының көптігінде болып отыр.

22 маусымда Астана қаласы әкімшілігі Елордадағы ҚР Ұлттық мұражайы, Әзірет-Сұлтан мешіті, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің кітапханасы сияқты көрікті орындарға саяхат ұйымдастырады.


Бұл күні Құрылтай делегаттары мен қонақтары «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қояды, Этноауылды аралайды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылған «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында біздің ұлттық музыкамыздың алтын қорына кірген Евгений Брусиловскидің «Қыз Жібек» операсын тамашалайды.
23 маусымда Тәуелсіздік Сарайында Ұлт Көшбасшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа Төрағасы – Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Құрылтайдың салтанатты ашылуы болады. Түстен кейін делегаттар мен қонақтар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен танысады. Кешкілік мезгілде «Салтанат» сарайында шетелдік қонақтарды ҚР Президенті атынан қабылдау болады.
24 маусымда (сенбі) бес министрлікте Құрылтайдың шетелдік қонақтарымен «дөңгелек үстел» отырысы өткізіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерімен тұңғыш рет жүздеседі.
24 маусым күні түстен кейін бір мезгілде екі бірдей маңызды шара өтеді: Ұлттық академиялық кітапханада белгілі дінтанушы-ғалымның 100 жылдығына арналған «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайының тарихында алғаш рет «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жастар рухани жаңғыруды қолдайды!» атты әлем қазақ жастары көшбасшыларының форумы өтеді.
«Дөңгелек үстел», конференция және жастар форумының қабылдаған ұсыныстары ҚР Президенті Әкімшілігіне, Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығына, шетелдегі қазақ мәдени орталықтарына жолданады.
25 маусымда Құрылтай қонақтары Қазақстаннан өз елдеріне аттанып кетеді деп жоспарлануда.

Министрліктер мен ведомстволардың Құрылтай бағдарламасындағы іс-шараларға дәстүрлі түрде қамқорлық көрсетуі бұл жолы да көрініс табады деп күтіледі.


Өзінің қайнар бастауын сонау 1992 жылдан алатын әлем қазақтарының Құрылтайлары жер шарының түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың іскерлік сұхбаты алаңына айналуда.
Құрылтай қазақ халқының мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, оны молайтуға мүмкіндік береді. Ол, сондай-ақ, біздің отандастарымыздың Қазақстанға өз еркімен қоныстануына жол ашады.
Осынау маңызды іс-шара көші-қонға жауапты мемлекеттік органдарға шетелден қоныс аударушылардың өздерінің тарихи отандарында бейімделуіне, этникалық көші-қон мәселелерін шешуге, көші-қон жәнен білім туралы заңдарына байланысты уақыт талабын ескеруге жаңаша тұрғыдан қарауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет