1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих



бет1/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127

1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы.
Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Деректану пәні. Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Тарихи деректердің анықтамасы Деректану реальды дүниені тану құралы. Адамдар қолымен жасалынған мәдениет құндылықтары: - шығармалар, заттар, жазбалар, құжаттар - деректану ғылымының зерттеу объектісі.
тарихнама пәні – тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымының әр кезеңдердегі дамуының әлеуметтік жағдайы зерттеледі. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, ұлт-азаттық қозғалысты, ежелгі және орта ғасырлар тарихы, еуропа елдері және Америка тарихының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан тарихының әр кезеңдерін сараптайды. Бағдарламада пәннің теоретикалық және тәжірибелік бөлімдерінің мазмұны ұсынылған әдебиеттер тізімі қамтылған. Тарихнама пәнінің мақсаты тарих ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерінің, орта ғасыр, жаңа дәуірдегі шетелдік тарихнаманың негізгі мәселелерін оқып білу. Қазақстан тарихнамасын зерделеу, негізгі тарихи мәселелер бойынша жарық көрген монографияларға талдау жасау. Тарихнама пәнінің міндеті студенттерге тарихнама ғылымы туралы негізгі теориялық, методологиялық концепцияларды таныстыру. Шетелдік тарихнаманың қалыптасуы және даму тарихын, негізгі тарихи ой-пікірлерді оқыту. Қазақстан тарих ғылымының негізгі басымдықтары, проблемалары, тарихи білім берудің келешегі, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарасты қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет