97. М.С. Горбачевтың реформалары 1985 жылы Қазақстанның экономикасы дағдарыстың алдында тұрды. 1971-1985ж. аралығында өндірістік өнімдердің өсу қарқыны 9,3%дан 3,5%ға қысқарды, ұлттық табыс – 10,3%дан 1%ға дейін төмендеді. 1985 жылы өндірілген ұлттық табыс 5,7 млрд. сомға жеткенімен, оны өндірумен және жинақтауына жұмсалған қаржыдан төмен болды.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай бұданда ауыр болды. 1972 1985ж. аралығында басты өндірістік қорлар үш есе, ал азық-түліктер өндірісі бір жарым есе көбейді. Совхоздар мен колхоздардың жартысы шығынға ұшырап, тиімсіз болған. Олардың мемлекетке қарызы 12 млрд. сомға дейін жеткен, ал өнімдердің өзіндік бағасы жоспарланғаннан 7 млрд. сомға жоғарылады. Бұл жағдай ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын төмендету нәтижесінде қалыптасты. Сонымен, Қазақстан жыл сайын өкіметке 1971-1985ж. аралығында 300 мың тонна ет өткізіп отырды.
1кг. ет шамамен 2 сомға бағаланды.Бұл 9 млрд. сом кіріс беруді, ал шығынға 18-27 млрд. салуы талап етті.
1985 жылдан бастап экономиканы қалпына келтіру шаралары қолға алына бастады. Бірақ ол экономикалық саясаттың негізіне сеп болмады, сондықтан олда сәтсіздікке ұшырады. Енді шаруашылықты басқару жүйесін өзгерту жоспарға алынды. Жаңа батыстық техникалардың технологиялық өнімдері көбейтілді. Алайда олда нәтиже беріп, үмітті ақтамады. Өндірісте тәртіптің тұрақтануына бағытталған күрес, ішімдікке қарсы компанияларға бет бүрды. Бұл нашақорлық, ішімдік жасаудың, таксикомпанияның табыстары мемлекет қазынасына құйылатын кірістердің қысқаруына әкеліп соқты.
1987ж. бастап өндірістердің қарқыны төмендей бастады. 1988ж. шілдеде өкімет кооперативтердің яғни мемлекеттік емес, меншігі бар кәсіпорындардың қызметін легализациялауға мәжбүр болды. Бірақ кооператив секторы экономиканың негіздерін қозғай алмады. Қазақстанда 1991 ж. дейін кооперативтердің саны 15 мыңға жетті, ал оларда 220 мың адам жұмыс істеді. Бұл 10-15 жұмысшысы бар ұсақ кәсіпорындар болды.1987ж. бастап өкімет меншік қатынастарын өзгертетін жоспарлы нарықтық экономиканы құра бастады. 1988-1989жж. Қазақстандықтардың тұрмыс дәрежесі төмендей бастады. Г.Колбиннің ұсынған кең көлемді тұрғын үй құрылысы туралы жоспары көп қаржы бөлінгеніне қарамастан нәтижесіз болды. 1989ж. бастап бұқаралық толқұлар бел ала бастады. Шілде айында Қарағанды бассейінінің шахталарында баскөтерулер бой көтерді.1990ж. бірінші рет мамырда КСРО өкіметі нан және нан өнімдерінің бағасы 3 есеге өсетіні туралы хабарлады. 1991ж. қаңтарынан бастап – көтерме және айырма бағалар0,5-2 есеге өсті. Сұраныстар тауарлардың тапшылығын күшейтті. 1991ж. басында іске асырылған ақша реформасы халықтың тұрмыс дәрежесіне тағы соққы берді. Экономикалық реформалардың сәтсіздігі КСРО өкіметінің өндіріс қаржыларын жекешелендіру және нарықпен социализмді ұштастыру шараларынан бас тарту әрекеттерінен байқалды. 1990ж. Қазақстанның тәуелсіздік алуы республиканың рынокқа өту концепциясының пайда болуына әкелді.
Қазақстан Республикасының Президентінің қарамағында Жоғарғы экономикалық кеңес, мемлекеттік меншік комитеті және т.б. құрылды. Бағдарламаның негізгі баптары әлеуметтік саланы жекешелендіру және барлық кәсіпорындарды мемлекет қарамағына беру, кәсіпорындардың табысын әділ бөлу, шетел инвестициялары болды.Орталық ведомстволардың Қазақстанның табиғи ресурстарына варварлық, жыртқыштық қатынасы 70-90жж. Республикада экологиялық дағдарысқа әкеліп соқты. Кейбір аймақтарда ол апатты сипатта болды.
Күрделі экологиялық мәселелердің бірі Қазақстан территориясының радиациялық ластануы болып табылады. 1949ж. бастап Семей полигонында іске асырылған ядролық сынақтар Орта және Шығыс Қазақстанның орасан зор территориясының улануына әкеліп соқты. Республикада ядролық сынақтар өткізілген тағы 5 полигон болды. Оның шекарасына жақын Лоб-Нор қытай полигоны орналасқан. Радиациялық көрсеткіш Қазақстанда Байқоңыр космодромынан космос кораблін жіберу кезінде озон тесіктерінің пайда болу нәтижесінде көтерілді. Қазақстан үшін радиоактивтік қалдықтар үлкен мәселе. Сонымен, Ульба комбинаты уран және ториймен ластанған шамамен 100 мың тонна қалдықтарын шығарған. Әрі қалдықтарды сақтау орны Өскемен қаласында орналасқан. Дәл радиациялық ластану мәселесінің күрделілігі 1991ж. 30 тамызда “Семей полигонында сынақ өткізуге тыйым салу туралы Заңнын” қабылдануына әкелді.
Қазақстанның күрделі экологиялық мәселелерінің бірі су ресурстарының азаюы. Амударьямен Сырдарья суын дұрыс пайдаланбау салдарынан апатты жағдай Арал теңізінің азаюына әкеліп соқты. Егер 60ж. Теңіз суы 1066 км3 болса, ал 80ж. Соңында су көлемі 450 км3 ғана болды. Судың тұздылығы 11-12г/л-дан 26-27г/л-ға дейін көбейді. Осының салдарынан теңіз жануарларымен балықтарының көптеген түрлері жойылып кетті. Жыл сайынғы шаңды борандар Евразияның орасан территорияларына тұзды ұшырды. Дәл осындай жағдай Балқаш көлінде орын алды. Оның деңгейі 10-15 жылда 2, 8-3метрге төмендеген. Осы кезде Каспий теңізінің көлемі өсуде. Ертіс өзенінің ластануының себебі – Зырян қорғасын және Лениногорск полиметалл комбинаты. Тек 1989 жылы Ертіс өзеніне 2139 тонна органикалық заттар, 263 тонна мұнай өнімдері тасталынған.
Іле және Орал өзендерінде де қауіпті экологиялық жағдай қалыптасты.
Республиканың жер ресурстарыда дағдарыс жағдайында, жайылымдар шөлге айналуда, құнарлы егістік жерлер тозуда. 69,7 млн. га астам жерлер эрозияға ұшыраған. Сонымен қатар күрделі проблемалардың бірі ауаның ластануы болып табылады. Әсіресе ірі өнеркәсіп орталықтарында.
“Қайта құрудың” алғашқы уақыттарында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыруға арналып ресми қарар жарияланды. Алайда Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары бұл идеяның да аңыз болып қалатынын, әкімшілік-командалық жүйе аясында жүзеге аспайтындығын ашып берді.Бұл қайғылы жағдайға себеп болған жайттар былай өрбіп еді.1985-4986 жылдары-ақ М.Горбачев аппараттық дәстүр жолымен Л.Брежневтің “ескі гвардиясынан” біртіндеп құтыла бастады. Олардың арасында Д.А.Қонаев та бар еді.Қазақстан партия ұйымының бүкіл тарихында ол ұйымның бірінші хатшысы болған үшінші қазақ болатын.Д.Қонаев өмірінің соңғы күндеріне дейін (1992ж. қайтыс болды). Жүйенің адамы болып қала берді, “социалистік таңдау” мен“коммунистік идеяға” шынайы сенді. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы ретінде Орталық саясатын өмірге енгізді. Аз ғана республика көсемдерінің арасында КОКП ОК Саяси бюросының мүшелігіне тағайындалды. Ол сонымен қатар үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Д.Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін жасаған еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Кең эрудиция мен мәдениетті игерген партия қайраткерінің типін көрсете жүріп ол ғылымның, әдебиеттің, өнердің, жалпы зиялы қауымның жарқын өкілдеріне барынша қамқорлықпен қарады. Бәлкім Д.Қонаев “сауатты көсем” атағына талаптанған, басшының авторитарлық типі болды деп айтқанымыз дұрыс шығар.
Сонда да оның уақыты өтті. 1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов облысында қызмет атқарған “партия сарбазы” Г.Колбин келді.
Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.
Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіллінен шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.
Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.Осы көптеген себептерге одан да тереңірек факторлар: әлеуметтік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен Тындаушы жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.
17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген Тындаушытері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 Тындаушы оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.Осылайша Кремльдегі “адал интернационал-лениншілердің” қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.Қуанышқа орай халықтар қашанда саясаткерлерден ақылды.Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ 1986ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік нәрсе екендіктерін көрсетіп берді. Сондықтан да оларды көзіміздің қарашығындай сақтау талап етілді.Орын алған іс-әрекеттердің насихаттық мәнінің бұрмаланып берілгендігін атап өту қажет. Мұндай жағдай ұлтаралық алауыздықты қоздырып қана қойған жоқ, сондай-ақ солтүстік аймақ қазақтарын оңтүстіктегі қандастарына қолдан қарсы қойып, республиканың билік салаларына көп орын алып отырған соңғыларына “мафиялық Техас” деген айдар тақты.
1986ж. желтоқсанның үш күні ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің едәуір өскендігін байқатты. Олар бірінші болып ғасырға жуық уақыт бойы халықтарды казармалық режимде өмір сүруге мәжбүрлеп келген тоталитарлық жүйе алдындағы қорқынышты жеңіп шықты. Жастар өз халқы атынан кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс сезімін таптауға енді ешкімге жол бермейтіндігін ашық айтты. Қазақ тарихында есте қаларлық минуттар, сағаттар мен күндер аз болған жоқ. Ұлттың қазіргі заман тарихындағы есте қаларлық минуттардың бірі — 1986 жылғы желтоқсандағы үш күн. Кейіннен маған бірнеше рет көп адамды, оның ішінде М.С.Горбачевті де өз халқымнан ұлтшылдыққа байланысты айыптауды алып тастауға көндіруге тура келді. КОКП ОК Саяси Бюросы өз шешімін жоюға мәжбүр болды.