1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру



бет59/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88
Байланысты:
Казакстан тарих ГОС

92. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру.
«Қоғамның саяси жүйесі» туралы теорияны XX ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ және Канада ғалымдары Габриель Алмонд және Давид Истон теорияға енгізген. Саяси жүйе дегеніміз қоғамда билік жүргізетін және тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы болып табылады.
«Саяси жүйе» ұғымының дүниеге келуі ХХ ғасырдағы саяси құбылыстарды зерттеумен байланысты болды. Өткен ғасырдың екінші жартысынан кейін кеңінен тарай бастаған «саяси жүйе» категориясы саясаттану мамандарының бір сәт қызығушылығын бәсендеткен емес. Ол заңды да. Себебі саяси жүйе кезкелген қоғамда тұрақтылық және тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін мемлекеттік биліктің президенттік институт, парламент, үкімет, сот сияқты негізгі субъектілері мен басқа да органдарын, саяси партия, қоғамдық –саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жиынтығын құрайды [1]. Сонымен қатар ол - қоғамның барлық мүшелері не оның бір бөлегі үшін өктемшіл-билік шешімдер қабылдайтын және жүзеге асыратын адами қатынастардың тұрақты нысаны [2]. Бұл айтылғандардан мынаны атап көрсеткен орынды. Біріншіден, саяси жүйе – күрделі қоғамдық құбылыс қана емес, ол қоғамның өмір сүру амалы; екіншіден, ол – қоғамдық-саяси үдерістерді басқаруға, реттеуге, билікті жүзеге асыруға бағытталған мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының тәсілі.
93. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.
1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын ілгері дамыту
жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тынайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге тапсырылды. Бұл шаруашылық пен азық-түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн. гектар жер жыртылды, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2 млн. адам жаппай қоныс аударды. Нәтижесінде елдегі демографиялық жағдай одан әрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін төмендеп кетті.
1957 жылы шаруашылық реформасы бойынша экономиканы басқаруда аймақтық принципке негізделген халық шаруашылық кеңестері құрылды. Қазақстан 9 аймақтық халық шаруашылық кеңеске бөлінді. Елімізде 730 өнеркәсіп орындары іске қосылып жұмыс істеп тұрды. Қарағанды (1953 ж.), Шымкент (1958 ж.) және Семей (1958 ж.) цемент зауыттары, Жезқазған мыс байыту фабрикасы (1954 ж.), Шымкент гидролиз зауыты (1959 ж.) т.б. Халық шаруашылығын дамытудағы 1957 жылғы реформа сәтсіз болды.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет