1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


«Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері



бет61/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   88
Байланысты:
Казакстан тарих ГОС

96. «Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері.
Жас тұлпар —1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген бірқатар қазақ студенттері тарапынан құрылған ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубы.
Тарихы
Бұл Ұлы істің Ұлы мемлекеттің астанасы Мəскеуде, онда оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдастыруымен өмірге келуі заңды құбылыс деуге болады. Өйткені бұл қалада өмір сүретін адамдарға (соның ішінде студенттерге де) алыстағы, жақындағы тіршіліктің қарекеттері аңығырақ көрінетін сияқты. Біздерге – Қазақ жерінің əр түпкірінен келген жастарға КСРО-ның орталығынан туған елдің ішкі жағдайларын басқа елдермен салыстырудa ой өрісіміздің кеңеюіне мүмкіндік бергендей еді. Маған, студенттік өмірге ересек жаста (25 жас) келгендіктен болар Қазақ жастарының арасында өзіме тиісті рөлді атқаруға тура келді. Ойымды (ересектік жөнінде) аңығырақ түсірдірейін. Осы жасымның он жылдық мектепті бітіргеннен кейінгі 3 жылы Гурьевтің Мұнай техникумын бітіруге, 3 жылы Совет Армиясында қызмет етуге кеткен еді. Сонымен, 1963 жылдың Қазан айында Мəскеу энергетика институтының 2-курс студенті едім. Осы институтта оқитын Қазақстан жастарының көбі Алматы қаласынан келген қазақтар жəне олардың бірқатары өзінің ана тілін білмейтін еді. Мұндайды (қазақтардың қазақ тілін білмеуін) мен бұрын – соңды кездестірмеп едім. Осындай өзімнің ішкі өкінішті ойымды бірде (1963 жылдың Қазан айында) Алтайдың (Қадыржанов) бөлмесінде (энергетика институтының жатақханасында) кездескенде Мұратқа (Əуезов) қынжыла айттым. Мұрат бұл уақытта Мəскеу мемлекеттік университетінің 4-курс студенті екен, оның өзі де қазақ тілінде өте шорқақ сөйлейтін.
97. М.С. Горбачевтың реформалары
Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған.
Тарихы
«Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.
Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)
Қайта құрудың бастапқы кезені:
-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.
-Алкогольге қарсы компания
-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты
-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу
т.б. қадамдарымен белгіленді.
1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.
Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)
1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.
1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.
Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.
Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.
Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.
Үшінші кезең (маусым 1989-1991).
Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.
Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет