1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарын депортациялау: тарихы және тағдырлары



бет60/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

81. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарын депортациялау: тарихы және тағдырлары.Солтүстік КавказГрузияҚырымҚалмақ өңірлеріне күшпен жүргізілген депортациялар өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады. Шешен-Ингушетияның бір бөлігі, сондай-ақ карашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград пен Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат етілді. Алайда жаудан азат ету аяқтала салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды көшіру туралы қаулы қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Түркістан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы ҚырғызстанғаӨзбекстанға аттандырылды.
Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. 1936 жылы құрылған КабардинБалқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы саны 40 мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады.1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік КавказданГрузияданҚырым автономиялық республикасынан қоныс аударылғандардың жалпы саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.
82. РКП(б) ХХ съезі және И.Сталиннің жеке басқа табынуын сынау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет