Біріншісі - халықаралық терроризм. Оның мемлекеттік немесе географиялық шекарасы жоқ. Бұндай топтар әлемнің кез келген нүктесінде қызмет ете алады. Өздерінің өкілдерін, жақтастарын қажет деп тапқан мемлекетке орналастырып терроршылар кадрларын мұқият тексеруден өткізеді, психологиялық дайындықтар өткізуде террористік актілерді ұйымдастырудың бай әдіс-тәсілдерін үйретеді.
Екіншісі - ішкі саяси терроризм. Ішкі саяси терроризм ең алдымен басқарушы элитаның жүргізіп отырған ресми мемлекеттік саясатына келіспеушіліктен, соған қарсылық ретінде туады. Ішкі терроризм басқарушы биліктің әділетсіз әлеуметтік экономикалық саясатына жауап ретінде жүзеге асырылады. Оның мақсаты - өз тобының саяси, әлеуметтік, экономикалық мүдделерін іске асыру.
Үшіншісі - қылмыстық терроризм. Террористер өздерінің жеке бастарының қамы үшін немесе азғана тұйық топтың талабы үшін террористік әрекеттерге барады.
Терроризм және сепаратизм дегеніміз бар болғаны адамзаттың жасырын дертінің сыртқы көрінісі ғана екенін барынша айқын сезінуге тиіспіз. Сондай-ақ бұл дерт жеке-жеке емдеуге көнбейді, ол барша елдер мен қауымдастықтардың ұжымдық жұмылуын қажет етеді. Ол аз болса, бұл дерт біреулерден белгілі дәрежеде құрбандықты, келесілерден ерікті ынтымақтастық пен татуластықты талап етеді. Терроризмнің қоғамға қауіпті басқа кеселдерден ерекшелігі - оның кесірінен етеңеден бейхабар бейбіт халықтың зардап шегуі, сондай-ақ бұл лаңды алдын ала болжау мүмкіндігінің өте аздығы.
111. Тәуелсіз Қазақстанның көппартиялық жүйесінің қалыптасу кезеңдері. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.2002 жылғы шілденін 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң кабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Сонғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мушесі болуы керек. Соған орай казір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал-демократиялық "Ауыл" партиясы, Республиканың саяси "Отан" партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық "Ак жол" партиясы, "Асар" республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы және т.б. жатады.
Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақ жол» партиясы. Оның басшылары - керінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар, қырықтың қырқасына шыққан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси-экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарастары, тұжырымдама-лары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып отырады." Ақ жол Казакстан", "Эпоха" сиякты басылымдары бар.
Қазіргі электората (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар Республикалық саяси "Отан" партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н. Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақ-стан Республикасы Конституциясы бойынша Президент ешкандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партиядағы мүшелігін тоқтатты. Бұл партиядағылардың басым көпшілігі -мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар. Сондықтан оны билік партиясы деп те атайды. Онын іс-әрекетін жұртшылыққа жеткізіп, үгіт-насихат жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдары, әр түрлі басылымдар мен телеарналар жетіп артылады. Бұл партия кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға, елде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға басты назар аударады.
"Отан" партиясына жақын тұрған — Қазақстанның Азаматтық партиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының кызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ оларды шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей шетелдік капиталдың мүддесін қоздеп, мейлінше, соларға тиімді заңарды қабылдауға ұмтылады.
"Асар" партиясының бағдарламасына қарағанда ол "оңшылдар" ("Отан", Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен "солшылдардың" ("Ақжол", Қазақстан коммунистік партиясы, Қазакстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси-әлеуметтенген мемлекет орнатпақ. Республикамызда өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен кұтқармақ. Жерді жеке меншікке беруді дұрыс деп санайды.
Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер кұрайды. Басым көпшілігі - зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым сынға алып, оппозициялық сыңай білдіреді.
Қалған партияларды көпшілік жүрт жөнді біле бермейді. Ғани Қасымов болмаса, олардың бағыт-бағдармаларын оқып, байыбына бара бермейді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтык мемлекет құру. Оған еліміздегі ешкандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?
Сонымен катар республикадағы барлық партиялар оздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын калайды.
Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың калыптасу процесі акырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, коғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар ете көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы апамдардың мақсаттары мен карым-катынастарының әр алуандығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халыкаралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одактарга, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.