1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде Қазақстан аумағындағы қола дәуірі Қазақстан тас ғасыры дәуірінде


Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата20.09.2023
өлшемі1,89 Mb.
#109214
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы.
Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер. 
 
1. ХҮІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы. Кіші және
Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.
2. Ұлы жүз қазақтарының қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Қаратай, Арынғазы,
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер. 
3. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
4. К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс.
5. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы. 
1.
 
ХҮІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы. 
Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 
 
Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, әр жүзде 
жеке хандар сайланып, бұл хандар Абылай хан ұрпағы Уәли ханға бағынуға 
ниет білдірмеді.
 
Әр жүздің өзіне тән тарихи-географиялық аймағы болды. ХІХ 
ғасырдың басында Кіші жүз Батыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық 
пен Тобыл өзеніне дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тән территория 
шығыста Қытай шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік 
Сібір жеріне дейін қамтыды. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс және оңтүстік 
Қазақстан территориясын мекендеді. 
 
Табиғи - климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық қырынан 
байқалды. Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, “ертеден қазақтардың негізгі 
шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының 
ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі 
өзіне тән айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды 
(жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар 
арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды.
 
Қазақтардың 
көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта 
болды. ХІХ ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы 
мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына 
қарсыласуына мүмкіндік әперді.
 
Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының 
дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мәнге ие болды. Қой саудасы 
орыс және Орталық Азия көпестері тарапынан жоғары бағаланды. Ірі қара 
малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік 


99 
ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау 
жағдайға қарай бір түйеге 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетті.
 
ХІХ ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами 
бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. ХІХ ғасырдың 
30-жылдарында 
жер 
шаруашылығымен 
кедейлерден 
басқа 
ауқатты
қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің және 
Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар – бидай, сұлы, арпа егіп, 
суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған.
 
ХІХ ғасырдың 40 жылдары 
шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер 
шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе, олар Көкшетау, Ақмола, 
Баянауыл округі және Сырдария аудандарында байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет