99
ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау
жағдайға қарай бір түйеге 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетті.
ХІХ ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен
айналысуы да кең дами
бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. ХІХ ғасырдың
30-жылдарында
жер
шаруашылығымен
кедейлерден
басқа
ауқатты
қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің және
Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар – бидай, сұлы,
арпа егіп,
суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған.
ХІХ ғасырдың 40 жылдары
шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер
шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе, олар Көкшетау, Ақмола,
Баянауыл округі және Сырдария аудандарында байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: