1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты



бет1/5
Дата12.04.2022
өлшемі342,06 Kb.
#30826
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих дайын сурак


1. « Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты.

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.

Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.

Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы).

Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар.

Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы» оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы».Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау.«Қазақстан тарихы» пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі.

2. Тарих ғылымының методологиясы

Тарих методологиясы – (грек тіл. methodos – әдіс, таным жолы logos – сөзі) – тарих ғылымының әдістемелік таным туралы пәні және тарауы болып табылады. Әдістеме – тарихи зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Әдістемелер арқылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар туралы мәліметтерді нақтылайды. Осылайша, бастапқыда ХІХ ғасырда «методология» тарихи зерттеу әдістері мен тәжірибесінің негізінде қолданысқа енген. Бұл термин ең алғаш неміс тарихшыларының еңбектерінде қолданысқа еніп, кейінірек арнайы оқу пәні ретінде жүргізілген.

Қазіргі заманда «методология» ұғымы бастапқы мағанадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құрайды. Мәселен, ресей тарихнамасында «методология» термині ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында университеттік оқыту жүйесі мен ғылыми зерттеудің тәжірибесінде пайда болды. Бұл методологияның құрамды бөлігі ретінде тарих философиясы да аталып жүр.

Бір сөзбен айтқанда, тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктер және т.б. Тарихшының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде жеке және жалпы проблемаларға сараптама жасайды. Бірақ, кез-келген проблемаға нақты жауапты даярлап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерттеудің жолдарын көрсетеді.

Тарих ғылымында методология мен метод бір біріне тәуелді емес. Бұл методология мен методтың өз алдына жеке танымдық формалары бар. Мәселен, методология жеке зерттеу әдістеріне қоданылмайды. Зерттеу жүйесінде техникалық әдістерді методология емес, метод деп қарастырған жөн. Ал, методология міндеті ғылыми мәселелерді шешуге жалпы теориялық ұстанымдар көрсету болып табылады. Бұл жалпы ғылыми қарым-қатынас сипатын көрінісін байқатады .

Қазақ елінің тарихына қатысты өз пікірін білдірген қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымының теориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.

Методологияның мақсаты - бүкіл әлем тарихының методологиялық және теориялық проблемалары туралы түсінікке ие болу. Пәнді зерттеудің міндеттері - біріншіден, қазіргі тарихнамадағы бүкіл әлем тарихының теориялық және методологиялық проблемаларын зерттеу, ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы бүкіл әлем тарихының дамуының жетекші тенденцияларын анықтау. Екіншіден, тарих философиясының проблемаларын, тарихи сана мен тарихи естелік, тарихи даму түсінігін, әмбебап тарихты талдау. үшіншіден, бүкіл әлем тарихы теориясы мен методология проблемасын: бүкіл әлем тарихының пәнін, тарихи таным мен тарихи теорияны, жалпы тарихи теория, тарихи заң мен заңдылықтар мүмкіндіктерін, бүкәл әлем тарихының, тарихи деректер мен фактілердің, тарихи түсініктемелердің кезеңделуін қарастыру.

3. Тарихи танымның әдістері

Кіріспе. Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылыми және оқу пәні ретіндегі қалыптасуы. Тарихи теория – тарих білімінің ерекше формасы. Тарихи таным және тарихи үрдіс теориясы - тарих ғылымдары жүйесінің іргетасы. Тарихи білімнің мәні, жалпы даму тенденцияларя мен заңдылықтарығ ғылыми және әлеуметтік статусы. Тарихи үрдіс – тарих философиясының пәні. Пәннің оқыту объектісі және әдістер жүйесі. «Тарих» түсінігінің көп мағналылығы. Пәннің категориялық аппараты: әдіс, методология, тарихтың философиясы, историософия, эпистемология, танымның әдістері, тарихи таным, тарихи үрдіс, тарихи теория, өркениет, мәдени-тарихи жүйе, тарихи сана.

Тарихи таным. Тарихи танымның ерекшелігі. Тарихтың позитивтік методологиясындағы субъект пен объектінің арақатынасы. Қазіргі замандағы батыс философиясындағы субъект пен объект мәселесі. Тарихи таным – ғылыми таным. Тарихи танымдағы объект пен субъектінің диалектикасы. Әлеуметтік құбылыстарды танудың ерекшеліктері. Тарихи танымның ментальдық және идеологиялық деңгейлері..

Тарих ғылымының пәні. Тарих пен идеологияның арақатынастары және өзара ықпалы. Тарих және саясат. Тарих ғылымының саяси функциялары және әлеуметтік статусы. Тарихи тәжірибе және бүгінгі заман. Тарих ғылымындағы өзектілік және көкейкестілік. Тарих және қоғамдық сана. Тарих ғылымы және тарихи сана. Тарихи сананың құрылымы.

Тарихи танымның әдістері. Жалпы ғылыми әдістер: болмысты танудың жалпы методологиялық принциптері, ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері, эмпирикалық әдістер, теориялық әдістер. Пәнаралық әдістер. Арнаулы тарихи әдістер. Тарихи зерттеудің методологиясы, әдістері және әдістемесінің арақатынасы. Тарихи әдістің мазмұны мен мәні. Жүйелілік тұрғысынан қарау. Құрылымдық-функционалдық әдіс. Сандық әдістер.

Тарихи танымның негізгі методологиялық принциптері. Тарихилық принципі – болмысты танудың жалпы методологиялық принципі. Тарихилық принципінің негізгі идеялары. Неопозитивизм және тарихилық. Қазіргі кезеңдегі тарихи ойлар жүйесіндегі тарихилық принципінің өзгерістері.Тарихилық принципінің танымның методологиялық принципінің танымның методологиялық принциптері жүйесіндегі орны

4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

Деректану ғылымына сүйене қарастырсақ, Қазіргі Қазақстан тарихының деректеріне Қазақстан республикасының тәуелсіздігі туралы заңының қабылдануы және жаңа мемлекеттік рәміздердің енгізілуі. Қазақстан Республикасының алғашқы Президентін жалпыхалықтық сайлау. Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси турақгылықты сақтау бағыты. Ұлтаралык қатынастар. Ұлттык мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежузі қазақтарының 6ipiнші Құрылтайы (1992ж. қазан). Қазақстан халықтарының форумы мен Ассамблеясы.

Қазақстанда кеңестердің таратылуы. 1995ж. Қазақстан республикасының Конституцисының қабылдануы және Қос палаталы парламенттің сайлануы.

Қазақстан республикасыньң Конституциясына енгізілген толықтырулар, өзгерістер және мерзімінен бұрын президенттік сайлау (1999ж. қаңтар). "Қазақстан 2030" ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттардың айқындалуы. Үшінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне сайлау.

Қарулы күштерді құру және модернизациялау. Қазақстан Республикасының қуатты, әpi тиімді әскери, әye және соғыс теңіз күштерін құруга бағыталган шаралары.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің негізігі кезеңдері. Көп салалы экономиканың қалыптаса бастауы. 90-жылдардың басындағы экономикалық дағдарыстың ушығу жағдайындағы Қазақстан. Бағаның ымырашылдығы және бірнеше мәртеге көтерілуі. Республика түрғындарының өмірлік деңгейінің төмендеуі, экономикалық жағдайдың нашарлауы. Қазақстан сомдық аймақта.

Ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Несие-қаржы жүйесі, Ұлттыұ Банктің құрылуы, құнды қағаздар нарығының қалыптасуы. Акционерлік кәсіпорындардың өcyi. Қазақстан Республикасының Валюта және Алмас, дербес Алтын қорларының құрылуы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастыру барысындағы қиыншылықтар мен қайшылықтар.

Мектепке деінгі білім беру мекемелері мен орта мектептер жүйесіндегі жағымсыз кұбылыстар. Жеке мектептер мен ЖОО-ның пайда болуы. Оқу орындарын лицензиялау мен аккредитациялау жуйесін енгізу. Орта, орта кәсіптік және жоғары білім беру жүйелерін реформалау. Қазақстан ғылымы. Академиялық ғылыми орталықтардың қызметіндегі өзгерістер.

Денсаулық сақтау жуйесінің нарықтық экономика жағдайына өтуі. Денсаулық сақтау жуйесінің нарықтық экономика жағдайына өтуі. Қазақстанның ТМД елдерімен тендік принципінде қатынастарын қайта құру. Ресей және ТМД елдерімен өзара сенімді және тең қатынастар қалыптастырудағы алғашқы қадамдары. Еуразиялық Одақ құру идеясы. Орталық Азия елдерімен өзара тиімді жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Ресей-Казакстан экономикалық ынтымақтастық құжаттарына қол қойылуы. Азия елдерінің кауіпсіздігі жөніндегі халықаралық кездесу. Шанхай келісімі.

Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. Ұлттык Ядролық Орталыктың құрылуы. Байқоңыр туралы келісім. Біріккен Ұлттар Үйымының Қауіпсіздік кeңeci тұрақты мүшелерінен қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу. Kөршi мемлекеттермен шекара белгілеу. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Үйымына (БҰҮ) және басқа да халықаралық ұйымдарға қабылдануы. Әлемдік қауымдыстықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы.

Қазақстанның Халықаралық экономикалық және қаржылық үйымдар жұмыстарына араласуы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

Қазақстан Республикасының Ұлттык қауіпсіздік жүйесінің және әскери қорғаныс доктринасының жасалынуы. Республиканың бейбітшілік миссиясына қатысуы. Дүниежузілік діндер съезі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. "Қазақстан 2050" стратегиялық бағдарламасы. "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы барлығы Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері болып табылады.

5. Тарихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас

Формациялық теория - әлемдік тарихи-әлеуметтік өсу бірізді кезеңдер алмасуымен - қоғамдық-экономикалық формациялар түрінде сипатталған Карл Маркс теориясы. Жалпы әлемдік тарихта К. Маркс мұндай төрт (немесе бес) формацияларды анықтаған: алғашқы қауымдық, феодалдық (азиялық), капиталистік және коммунистік. Формацияның құрылымдық діңгегі - өндіруші күштердің және өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара қарым-қатынасы, өз кезегінде ол сәйкес саяси қондырманы (мемлекет) және қоғамдық сана түрлерін (идеологияны, мәдениетті, дінді және тағы басқа) қалыптастыруға себепкер болады.

Осы уақытқа дейін жалғыз мүмкін және ғылыми көзқарас ретінде формациялық танылды. Басты критерийлері әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) болады. Осы көзқарасты қолдаушы өкілдерінің пікірі бойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис (өндірістік қатынастардың типі) және мемлекет пен құқықтың сай типтері болады. Экономикалық базистердің типтеріне байланысты мемлекеттің келесі типтерін анықтайды: құлиеленуші, феодалдық, буржуаздық, социалистік.

Бұл типологияның жағымды жақтары:

1. мемлекетті әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлу идеясының өзі өнімді, олар шын мәнінде қоғамға әсер етеді;

2. мемлекеттің дамуының этаптылығын, табиғи-тарихи сипатын көрсетеді.

әлсіз жақтары:

1. ол көбінде біржақты, артық бағдарламалануымен сипатталады, ал тарих саннұсқалыжәне әр қашан да оған сызылған сызбаларға сәйкес келе бермейді;

2) рухани факторлар дұрыс бағаланбайды (діни, ұлттық, мәдени және т.б.).

Мемлекеттің типологиясының көңіл аударуға тұрарлық өркениеттік көзқарас.

Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилыќ белгілер - мәдени, діни, ұлттыќ, психологиялыќ ерекшеліктер алынады. Осы көзқарасты демеуші өкілдерінің бірі ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің пікірі бойынша, өркениет – діни, ұлттық, георграфиялық және өзге де белгілердің жинақталуымен ерекшеленетін қоғамның тұйықтылығы. А. Тойнбидің пікірінше, 21 өркениеттен тек еңбекті бөлу негізінде өмірді игере білген, әлеуметтік ұқсау базасында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыра білген, статистикалық жағдайдан динамикалық жағдайға көше білген және сол арқылы адамдардың қызмет түрлерінің барлығында рухани бастауды дамыта білгендері (мысырлық, қытайлық, ирандық, сириялық, мексикандық, батыстық, қиыр шығыстық, проваславиелік, арабтық және т.б.) ғана сақтала алды.

Бұл типологияның жағымды жақтары:

1. мәдениет факторлары белгілі бір жағдайларда мәнді ретінде анықталған;

2. қандай да бір өркениеттің ерекшеліктерін сипаттайтын рухани өлшемдер көлемінің кеңеюіне байланысты мемлекеттің «жерге жақындаттырылған» типологиясы пайда болады.

әлсіз жақтары:

1. әлеуметтік-экономикалық факторлар дұрыс бағаланбайды;

2. істің негізі бойынша бұл мемлекеттен гөрі қоғамның типологиясына көбірек келеді.

6.Қазақстанның қазірігі заман тарихының периодизациясы

1. Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.

2. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазіргі заманғы Қазақстан (XX ғ.).

3. Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды.

4. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.

5. Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір.

6. Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір.

7. Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір.

8. Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлерден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты.

9. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті.

10. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды.

11. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған.

12. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде-ақ Қазақстан жеріндегі халықтардың сол заманға лайық шаруашылығы, кәсібі болды.

13. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды.

14. Шаруашылықтың арасында мал шаруашылығы басым дамыды. Бұған Қазақстан жері қолайлы болды.

15. Қой, жылқы өсіруге көп көңіл бөлінді. Олардан кейін көп өсірілген түйе. Сиыр аз өсірілді.

16. 1960-жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына (Алматыға таяу) жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен.

17. Марқұмға кигізілген бас киімнің, бешпенттің, етегінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ: аттың, барыстың, тау текенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай.

18. Біздің заманымызға дейін II ғасыр мен б.з. XV ғасыры аралығында Еуропа мен Азияны байланыстыратын «Ұлы Жібек жолы» қызмет істеді. Ол Қазақстан жерімен өтті.

19. ІХ ғасырда арабтар Орта Азия мен Қазақстанның біраз жерін басып алды. Осыдан бастап Қазақстанға ислам діні тарай бастады.

20. 1218 жылы Қазақстан жеріне моңғол шапқыншылығы басталды.

21. 1219 жылғы қыркүйекте моңғол жаулаушылары Отырар қаласын қоршады. Ұлы Отырар шайқасы басталды. Қаланы қоршауға қала басшысы Қадырхан басшылық етті.

22. XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар.

23. XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей.

24. Қазақ хандығы тез ұлғайды. XVI ғасырдың басында оның жер көлемі едәуір кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асты.

25. Қазақ хандығының – мемлекетінің XVI – XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар хан (1538-1580), Есім хан (1598-1628), Тәуке хан (1680-1718).

26. Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б.

27. Орта ғасырлардағы белгілі тарихи-мәдени ескерткіштер: Ахмет Иассауи мазары (Түркістанда), Айша-Бибі мазары (Тараз қаласының жанында), Бабаджа қатын (бұл да сонда), Жошы Хан күмбезі, Алаша хан күмбезі (Орталық Қазақстанда).

28. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық ғалымдар: Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр), Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр), Ахмед Иассауи (ХІІ ғасыр), Өтейбойдақ Тілейқабылұлы, Мұхамммед Хайдар Дулати, Жалайри Қосынұлы (ХV-ХVI ғғ.)

29. Орта ғасырларда Қазақстанда басқа да көптеген ғалымдар болған. Бұған бір ғана Отырарда Әбу-Насыр әл Фарабиден басқа да онға жуық әл-Фарабилер болғаны дәлел

30. XVI ғасырдың соңынан бастап 1755 жылға дейін қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық, тәуелсіздік үшін шайқасты. 1755-жылы Жоңғар мемлекеті біржола жеңілді, тарихтан аты өшті.

31. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар: хандар – Тәуке, Әбілқайыр (Кіші жүз ханы), Абылай; билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке; батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай.

32. 1731-1917 жылдар аралығында Қазақстан Ресей империясы қоластында болды. Кіші жүз «еркімен» қосылды, қалған жердің бәрін жаулап алды.

33. Ресей империясы Қазақстанда екі жүз жылдай отарлау саясатының барлық қитұрқы әдіс, тәсілдерін қолданды, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің дамуына барынша кедергі жасады.

34. Қазақ халқы Ресей отаршылдарына қарсы, азаттық алу үшін үш жүздей рет қозғалыстар, көтерілістер, наразылықтар ұйымдастырды. Олардың ең ірілері ХІХ – ХХ ғасырларда болды.

35. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы 1836-1838 жылдары Исатай мен Махамбет, 1837-1847 жылдары Кенесары хан, 1916 жылы А. Иманов, Ә. Жангелдин, Ә. Жанбосынов т.б. басшылық еткен, ұлт азаттық қозғалыстар болды.

36. ХІХ ғасырдағы қазақтың белгілі ағартушы ғалымдары: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904)

37. 1917 жылы Қазанда Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнады, ол өкімет 1990 жылға дейін өмір сүрді.

38. ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бақытты келешегі, ұлттық тәуелсіздігі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты. Олардың басшылары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рұсқылов, Мұхамеджан Тынышбаев т.б. болды.

39. 1920-жылы Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы, ал 1936-жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы құрылды.

40. 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткені үшін 500-дей Қазақстан Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл жоғары атақты Л. И. Беда, С. Д. Луганский, Т. Ж. Бигелдинов, И. Ф. Павлов екі мәрте алды. Әлия мен Мәншүк Кеңестік Шығыс Қыздарынан алғаш реет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

41. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзін Егеменді Республика деп жариялады.

42. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президент сайлауы болды. Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

43. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін тәуелсіз Республика деп жариялады.

44. 1992 жылы Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті.

45. 1995 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы

7. М.Хрохтын улттык козгалыс концециясы.

Концепция нации, национализма и национальных движений, созданная современным чешским историком М. Грохом, прошла несколько этапов становления и развития. Начало ее разработки относится к 1961 г.1; первые итоги были подведены в монографиях 1968 и 1971 гг.2, и, наконец проблема "национальные движения и буржуазные революции" рассматривалась в монографии 1981 г.3 В наиболее полном и развернутом виде эта концепция предстала в 1985 г.4 в исправленной, переработанной и дополненной

публикации, обобщающей аналитический и статистический материал из книги 1968 г. и фактические сведения по истории отдельных наций - из исследования 1971 г. По выражению Э. Хобсбаума, именно монография 1985 г. открыла "новую эру в изучении национально-освободительных движений"5.

Все перечисленные труды основаны на компаративном принципе; во всех были широко использованы биографический и количественный методы, в первую очередь - для макроанализа социальной структуры6. Эти книги вызывали обширные отклики, как правило, дискуссионного характера. При этом позиции критиков7, бесспорно признававших фундаментальный характер и стимулирующую роль исследований Гроха, варьировались в довольно широком диапазоне - от "ортодоксально-марксистской» ставившей в вину Гроху недостаток марксизма8, до "государственнокультурологической", упрекавшей его в попытке сочетать Два "великих мифа XIX и XX веков" — марксизм и национализм9.

Основу концепции Гроха составляет трактовка нации как "компонента социальной действительности, имеющего историческое происхождение"10. Это объективистское понимание расходится с позицией многих крупных теоретиков национализма, в частности Х.Кона и его последователей, считающих национализм первичным, формирующим фактором, а нацию - его производной, продуктом национального сознания, национализма, национальной воли и национального духа11. Большая открытость другим факторам общественного и экономического развития отличает работу немецкого историка Е.Лемберга, хотя основная посылка остается той же, что и у Кона. По Лембергу, объективные отношения играли определенную роль в формировании нации, занимая при этом второе место после национализма, "идей, которые создали нацию"12. Эта теория в 60-70-е годы была поддержана рядом историков из Восточной Европы13.

Интерпретация нации как "реально существующего феномена, выражающего себя в националистических движениях", в корне расходится также с концепцией другого теоретика национализма - Э.Геллнера, считающего, что нации не существуют "в реальности", а возникают как особая форма соединения культуры и государства, возможная при определенных исторических условиях14.

Итак, Грох определяет нацию как "большую социальную группу, характеризуемую комбинацией различных типов отношений (экономических, территориальных, политических, религиозных, культурных, лингвистических и т.п.), которые возникают, с одной стороны, из решения фундаментального противоречия между человеком и природой на определенной компактной территории, с Другой стороны, - из отражения этих отношений в сознании людей"15.

Признавая важнейшую роль экономических отношений в процессе формирования нации, Грох а то же время предостерегает от трактовки "развития отношений обмена и национального рынка" в качестве единственной причины формирования современной нации. По его мнению, "экономическое развитие определило скорее природу составных частей, из которых сформировалась нация; Форма же ее, с другой стороны, была обусловлена ТеРриториальными, лингвистическими и политическими

№8. Жадидшілдік Ресейлік мұсылмандардың ағартушылық идеологиясы

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс. Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И.Гаспралы, Ш.Маржани, А.Ибрагимов, М.Абдурашидханов, М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев, т.б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдад оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды.

№9 9.Қазақстандағы Жадидшілдік мектептер мен медреселер

Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды. [2]

№10 XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары

шығыс елдерінде интеграциялық процестердің күшеюімен қатар біртіндеп діни-реформаторлық қозғалыстар да жандана түсті. Шығыстағы қалыптасқан революциялық ахуалдың, Үндістанда отаршылдыққа қарсы революциямен (1905-1908 ж.ж.), Иранда конституциялық қозғалыспен (1905-1911 ж.ж.), Түркияда (1908) және Қытайда (1911-1911 ж.ж.) революциямен аяқталуы мұсылман әлемінде қоғамдық-саяси және діни ой-пікірдің даму процесіне қосымша коррективалар енгізді. «Шығыстың оянуы», әрине, патшалы Ресейдің ресми топтарын селсоқ қалдырмады, «орыс» Түркістанына «зиянды», азаттық идеяларының ену мүмкіндігі оларды алаңдатты. Патша үкіметінің және Ресей қоғамының Шығыста болып жатқан оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдіргендігіне барлық дерлік ірі орыс газет және журналдарының тілшілерінің жіберілуі дәлел болады.

Жәдидтер цензура садағына қарамастан ресей империясының шығыс аудандарынан ұдайы әртүрлі газет-журналдар алып отырды. Ондаған жәдидтер осы әдебиеттерді қолдарына алып өлкені аралады, барлық қыстақтарда, қалаларда, шайханаларда және үй жиындарында оқыды. Бұл басылымдарда басылған мағлұматтар, оқушыға мынадай қазіргі заманғы ғылымдар, философия, саяси экономия, халықаралық құқық туралы мынадай институттар, қалалық өзін-өзі басқару: ационерлік қоғамдар, олардың мәні туралы және т.б. жалпы түсінік берді. Шығыстың прогресшіл баспасы Ресейдің мұсылмандық аудандарындағы ұлттық интеллигенцияның көңіл-күйіне зор ықпалы, әрине, патша аналитиктерінің назарына ілікпей қалмады.

№11. Ұлттық интеллигенция және оның XXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі



Философ А.Қасабековтың түсігінше: «XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды»(36). XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын тигізді. Негізінде түрікшілдік идея «Айқап» журналының айналасында топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше: «…пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері «Айқаптың» айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде болды» Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен үш негізден бастау алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік мәдениетіне, оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлы далада үлкен, күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік тарихта із қалдырған ұлы Түрік қағанатының батырлық еріктік істеріне қанық болды да, солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай тарихи аталар дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру арқылы отарлық саясат пен ұлттық езгіге қарсы тұру санасын оятқысы келді. Екіншіден, түрікшілдік идея, қазақ зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық саясаттан тепкі көрген барлық түрік тілдес халықтарды бір ту астына біріктірер бірден-бір ортақ рухани күш ретінде танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты қанды шеңгелінде ұстап тұрған екі басты самұрық құстың тырнағынан жеке-жеке ұлт болып босанып шығулары мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден, түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі түрік тілдес халықтардың бай тілі мен мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан дінін дуние жүзілік деңгейге көтеретін сол арқылы евроцентристік көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық шовинизмді тежейтін негізгі факторлардың бірі деп саналды. Міне, осындай ұлттық маңызы зор мәселелерді жете түсінген Алаш зиялылары түрікшілдік туы астына топтасып, Орыс империясының зорлық — зомбылықты «бөліп ал да, билей бер» саясатына қарсы тұруға жан айғайымен шақырды. Орынборда болған, Бөкейхан ұлдары бастаған съездің қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш» партиясы құрылды. Оның губерния-губернияда облыстық комитеттері ашылды, уез-уездерде комитеттері ашылды. «Тіршілік» газетінен басқа газеттерде «Алаштың» жобасы жарияланды. «Алаш» партиясының жобасын эсер меньшевик партияларының, кадет партиясының жобаларынан құрастырып алды, -деген тұжырым бар. Ә.Бөкейхановұлы Сібірге, Омбыға, Семейге келіп баянадамалар жасады. Содан кейін Орынборда «Алаш» партиясынан жалпы Ресейлік Учредительный Собраниеге Қазақстан губернияларынан белгіленген адамдардың тізімдері «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 250-ші нөмірінде жарияланды:

№12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның XXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.



Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Әлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де және осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Ә. Бөкейханов пен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік және саяси бостандық еді.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінің бірі – идеялық-саяси күреске байланысты мәселелер. Бұлар туралы материалдар нақ сол кезеңде жазылған, Қазақстанда орныға бастаған саяси науқаншылдық пен сталиншілдіктің нақты көрінісі болып табылатын еңбектер [3-4] жарық көрді.Бұл еңбектерде Алаш азаматы Ә.Бөкейхановты, және Алашорданы жамандаудан аспады,оның тарихының әр түрлі кезеңдерімен қызыметіне объективті баға бере алмады.Осы жылдардан бастап Алаш пен Алашорда тақырыбына қалам тарту іс жүзінде тоқтатылды да, Алаш қозғалысын жан-жақты зерттеуге ресми түрде тиым салынды. 1911 ж. алғашқы қазақ журналы “Айқапты” шығару қолға алынды. Ол “Қазақ” (1913 – 18) газеті мен бірге қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігін жаза бастады. Ішкі Ресейдегі демокр. ой-пікірлердің әсерімен 20 ғ-дың бас кезінен бастап Қ. и-ның екінші буыны (Ә.Бөкейхан, Б.Қаратаев, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, т.б.) өздерінің саяси бағыттарын айқын танытты. 1905 ж. қазанда олар Орал қ-нда 5 қазақ облысы делегаттары съезін өткізіп, ұлттық мүддені көздейтін партия құруды көздеді. Онда кадет партиясының бағдарламасы мақұлданды, оған қоса қазақ жерін тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, қазақ тілін басқа тілдермен теңестіру, ұлттық мектептер ашу, дін еркіндігін жариялау, мешіттер салу, т.б. талаптар қойылды. Қ. и-ның беделі өсті, олардың арасынан 1-Мемл. думаға 4-депутат, ІІ-Мемл. думаға 5 депутат сайланды. Ол депутаттар кадет және мұсылман фракцияларына кіріп, қазақ халқының мүддесін қорғады. Бүкілодақтық ОАК 1919 ж. 4 сәуірде “Алаш” партиясының және “Алашорда” үкіметінің жетекшілеріне кешірім жариялады. Ескі интеллигенцияның өз мамандықтары бойынша жұмысқа қайта кірісуі ұзақ уақыт бойы аңсаған бейбітшіліктің орнауына, жаңа экон. саясаттың енгізілуіне, екі соғыстың салдарын ойдағыдай жеңуге игі ықпал жасады. Өлкелік партия ұйымының басшылығына 1925 ж. Қазақстанға арнаулы нұсқаулар алып келген Ф.И. Голощекин саяси қуғын-сүргінді тіпті асқынтып жіберді. Өйткені оның дем берушісі де, қолдаушысы да большевизм көсемдері еді. Бұдан И.В. Сталиннің БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті бюро мүшелеріне 1925 ж. 29 мамырда жолдаған хаты толық дәлел болады. Хатта: “Менің жақында “Ақжол” журналымен танысуыма мүмкіндік туды. Осыған байланысты мен ақгвардияшылар баспасөзіндегі Шоқаевтың мақалаларын еске түсірдім де, осы мақалалар мен “Ақжол” журналының рухани “бірлігін” көргенімде төбе шашым тік тұрды... Советтер елінде мұндай сынға жол берілмеуі керек. Дереу шара қолданылсын!..”. Мен партияда жоқ интеллигенттердің саяси және идеологиялық майдандағы күреске араласуына біржолата қарсымын” делінген. Осы талапқа орай 1926 ж. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің ІІІ пленумында басшылық қызметтердегі қазақ коммунистері дөрекі сынға алынды. Кешікпей бұл сын жалпы қазақ зиялы қауымына қарсы ашықтан-ашық қудалау мен айыптауға ұласты. 20 – 30 ж. жоғары мектептің сан жағынан өсуі мамандар қатарының толығуы мен Қ. и-ның қалыптасуына шешуші ықпалын тигізе алмады. Өйткені, біріншіден, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары әлі шағын болатын, екіншіден, мамандарға сұраныс оларды даярлап шығару дәрежесінен көп артық еді. Соның салдарынан мамандар істейтін қызметке жұмысшылар мен шаруалар ұсынылды. Олар үшін көптеген қысқа мерзімді курстар ашылды. Жұмысшылар мен шаруаларды жаппай ой еңбегі саласына көшіру Қ. и-ның сан жағынан өсуіне алып келді. 1926 – 39 ж. Қазақстанда ой еңбегімен шұғылданатындардың саны 7,9 есе, 54 мыңнан 429,8 мың адамға дейін өсті. Алайда бұл республикада оның өз интеллигенциясы қалыптасты деген сөз емес еді. Олардың едәуір бөлігінің тиісті білімі болмады. Маман қазақтардың үлес саны аз болды. 1939 ж. қазақтардың арасында интеллигенттердің саны 8%-ға ғана жетті. Әсіресе ауылдық-селолық жерлерде маман кадрлар жетіспеді. Ой еңбегі қызметкерлерінің арасында әйелдер мүлде аз еді. 1937 – 38 жылдардағы нәубет Қ. и-ның қалыптасуына ауыр зардабын тигізді (қ. Саяси қуғын-сүргін). 60 – 70-жылдары қазақтың ұлттық интеллигенциясы толық қалыптасты. Бұл уақытқа дейін қазақ халқының құрылымында интеллигенция ірі әлеум. қауымдастыққа айналды (1959 ж. 16% болса, 1970 ж. 25,1%-ға жетті). 70-ж. республикадағы ой еңбегі қызметкерлерінің құрамында қазақтар 30%-ға дейін өсті. 1985 ж. сәуір пленумынан кейін КСРО-да қайта құру басталды. 1986 ж. Желтоқсан оқиғалары қоғамдық сананың оянуына үлкен әсер етті. 80-жылдардың аяқ кезінен бастап Қ. и. өзінің саяси қызметін жандандырды. Репрессияға ұшыраған интеллигенция өкілдері ақтала бастады. Тарихтағы “ақтаңдақтарды” зерттеп, насихаттау (“Әділет” тарихи-ағарту қоғамы) қолға алынды. Қазақ тілін қайта түлету көкейтесті мәселеге (“Қазақ тілі” халықар. қоғамы) айналды. Қ. и. экология мәселелерімен (“Семей-Невада”, “Арал мен Балқашты қорғау”, т.б. қоғамдар) белсенді түрде айналысты. 1991 ж. желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ақын-жазушылардың, ғалымдардың талабымен қазақ тілі конституциялық мәртебе алып, мемл. тіл деп жарияланды. Қазақтардың дүниежүз. конгресінің шақырылуы республиканың мәдени өміріндегі аса ірі оқиға болды. Шет елдердегі белгілі қазақ ақын-жазушылары, ғалымдар, суретшілер, саясаткерлер, іс адамдары, т.б. өз атажұртымен тығыз байланыс орната бастады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы барысында Қ. и. қоғамда жетекші рөл атқарып отыр.

Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.

Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады.

13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы

1914 жылы маусымда Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде мұсылман халықтарының рухани істерін ретке келтіру мәселесі талқыға түседі. Съезде қазақтар орталық орыс өкіметінен қазақтардың мүфтилік мәселесін шешуді өтініп жеделхат жолдады. Съезде қазақтар арасындағы рухани істер жөнінде баяндама жасаған Б.Қаратаев: «қазақтар бұрын Орынбор мүфтилігіне қарайтын, өткен ғасырдың 60-шы жылдары үкімет орындары оларды Орынбор мүфтилігінен шығарып тастағанда, қазақтар енді православиеге өтеді деп үміттенді. Сондықтан әр болысқа бір мешіттен артық мешіт салуға рұқсат бермеді. Алайда қазақтар бір мешіттің орнына ондаған мешіттер салып, жасырын әрекет етті» дей отырып, қазақтарды ендігі жерде Орынбор мүфтилігіне қайта қосу керектігін айтқан. Жергілікті мұсылман халқының мақсат-мүддесін қорғауға ұмтылған бұл жаңа мемлекеттік құрылым 1918 жылдың көктемінде өлкеде орныққан большевиктік күштердің қарулы шабуылының нәтижесінде құлатылды. Оның жетекшілері, үкімет мүшелері қуғындалып, М.Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.

1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерсін Мұсылман халықтары қуанышпен қарсы алды. Бірақ ол қуаныштары ұзаққа созылған жоқ.(1) Бұл аласапыран жағдайды тиімді пайдаланғысы келген Мұсылмандар, Думадағы Мұсылман фракциясының бюросына келіп, Ресейдегі Мұсылман халықтарының ахуалына мән беруді және Мұсылмандар үшін жаңа стратегияның жасалуын талап етті (2).

Бұдан кейін іле-шала Думаның Мұсылман фракциясының бюросы 15-17 Наурызда Петроградта болған алқалы жиында 1-11 Мамыр 1917 жылы Мәскеуде Бүкіл Ресей Мұсылмандар конгресінің болатынын жариялады(3).

Ресей Мұсылман қайраткерлері өздерінің Уақытша Орталық Бюросын құрып оның құрамына Ахмед Салихов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Заки Валиди, Сәлімкерей Жантөрин, Несіп Құрбанғалиев, Исмайл Лимановтар сайланды. Уақытша Орталық Бюро өз жұмысын тиянақты жариялап отыратын ақпараттық басылым ашуға шешім қабылдады (4).

Петроградта болған бұл алқалы басқосу, Мұсылмандардың отаршылдыққа қарсы бірігіп күресе алатынын көрсеткен мен, Мұсылман қайраткерлерінің саяси ұстанымында, қарама-қайшылықтар орын алды. Фракция мүшелерінің арасындағы пікір айырмашылығы, жәй жүрдім-бардым қарайтын мәселеле емес, болашақ Мұсылман қауымы үшін шешуші рол атқаратын маңызды мәселе болатын. Бюро төрағасы Ахмед Салихов пен Ибрагим Ахтямов, Исмайл Лиманов, Мұстафа Шоқай Ресейдің демократиялық Республика болғандығын қалады (5).

Федерациялық жүйеге қарсы шығушы тарап Мамырдың 1-ші жұлдызында болатын Ресей Мұсылмандарының Конгресінде федерациялық жүйені жақтаушылардың пікірінің қабылдауынан сескеніп, өз аймақтарынан конгреске делегаттардың көп қатысуын қалады. Федерациялық жүйені жақтаушылар қарсыластарының әрбір шабуылын еңсеріп тастауға әрекет жасап бақты. Әзербайжан, Башқұртстан, Түркістан, Қазақ даласынан келген федерациялық жүйені жақтаушы өкілдер өз пікірлері басымдыққа ие болу үшін Ташкент және Мәскеу Конгрестеріне қызу дайындық жүргізді (7).

Мұсылман зиялылары әртүрлі орыс партияларының құрамында, Мәселен Мұстафа Шоқай-Кадет, Санжар Аспандияров-Социал- Демократ, адвокат Серәлі Лапин-Монархист, Заки Валиди-Эсер болатын. Орыс партиясына мүше болудан зәрезап болған жергілікті ұлт өкілдері «Түркістан Ұлттық Партиясын» құру жөнінде әрекет етті.Алайда олар кейбір мәселелерде ымырасыздық танытты(19).

Ұлттық орталық өздерінің мүшелерін әр түрлі ұйымдар мен конгрестерге жіберіп мәлім бола бастады. Түркістан уәләят бөліміне Мустафа Шоқай, Убейдулла Қоджат,Нарбутабеков және А.З. Вәлиді өкіл ретінде жіберілді (27). 1-11 мамырда Мәскеуде өтетін Ресей Мұсылмандары Конгресіне он екі адамдық делегация қатысты (28).

Бірінші Түркістан Мұсылмандар Конгресі жер және көші-қон мәселесін талқылады. Уақытша үкіметтен жергілікті халықтан тартып алынған жерлердің иелеріне қайтарылуы талдап етілді Өкінішке орай, тартып алынған жерлер иелеріне берілмеді (29).

14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы

Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.

Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен кұрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясыныц құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді. Үкіметтің аграрлық және отаршыл саясатын сынға алған бұл Дума депутаттары құрамы жағынан да, күн тәртібіне қойылған талқылау жағынан да Бірінші мемлекеттік Думадан төрі солшыл болып шықты. Думаның 39-пленарлық отырысында қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты Егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқармасының бастығы князь Васильченко мен Министр Кеңесінің төрағасы Столыпиннің қазақ жеріне қатысты жүргізіп отырған қанаушылық, озбырлық істерін дәлелді фактілер келтіре отырып сынға алып, "қоныстандыру" саясаты қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды .

15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен Б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.

16.Қазақ депутаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы.

Мұсылман фракциясы – Мемлекеттік думадағы мұсылман халықтары өкілдерінің парламенттік фракциясы (1906 – 1917 жылы).

Бірінші Мемлекеттік думадағы 436 депутаттың 36-сы мұсылман депутаттары еді. Олар бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау мақсатында парламенттік фракция құрды. Төрағалыққа белгілі Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.З. Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов және С.Жантөриндер бір ауыздан ұсынылды. Мұсылман фракциясы депутаттары Мемлекеттік думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы комиссияларының құрамына еніп, мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында қызмет етті. Онда қазақ депуттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов қазақ халқының мүддесін көздеді. Мұсылман фракциясы елдегі оппозициялық саяси күштермен бірікті. Олармен бірге Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның құқын кеңейте түсуді, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Мемлекеттік дума қолына тапсыруды талап етті. 1907 жылы ашылған Екінші Мемлекеттік думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман халықтарының өкілдері болды. Бірақ онда мұсылман депуттары бір фракция төңірегіне топтаспады. Олар “Ресей мұсылмандары одағы” және “Еңбек партиясы” бағдарламасын қолдаушылар болып екіге бөлінді. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының бағдарламасын қолдаушылар МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫна бірікті. Оның төрағасы болып Мұхаммедкәрім Биглов сайланды. Ал бюросы құрамында Б.Қаратаев, Қ.Тевкелев, ұ.Маһдиев, Х.Хасмамедов, Ф. Хан-Хойский кірді. Олар әзірлеген бағдарламада Мұсылман фракциясының мақсатына сай саяси, экономикалық, діни, т.б. бірқатар реформаларды жүзеге асыру жолында Ресейдің мұсылман азаматтары іс-әрекеттерін біріктіруі керектігі атап көрсетілді. Үшінші Мемлекеттік думаға Қазақстан және Орта Азия халықтары қатыстырылмады. Сондықтан ондағы 442 депутаттың 10-ы ғана мұсылман халықтарының өкілдері болды. Олар Мемлекеттік дума мәжілістерінде Түркістан өлкесі мен дала облыстарына өз алдына діни басқарма құру қажеттігін, мұсылман дінбасылары құқықтарын христиан-православие дінбасылары құқықтарымен теңестіру мәселесін көтерді. Төртінші Мемлекеттік думадағы 442 депутаттың 6-уы ғана мұсылман халықтарының өкілі болды. Солардың ұйымдастыруымен 1914 жылы 15 – 20 маусым аралығында Бүкілресейлік мұсылман съезі өтті. Төртінші Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы мүшелерінің аз болуы себепті, 1916 жылы оған көмек көрсететін бюро құру қажеттігі туды. Ресей патшасының 1916 жылы 25 маусымдағы “бұратаналарды” майданның тылдағы қара жұмысына алу туралы жарлығына МҰСЫЛМАН ФРАКЦИЯСЫ наразылық танытты. Жалпы бірінші және екінші Мемлекеттік думаға сайланған қазақ депутаттары (Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейханов, А.Бірімжанов, Мұхамеджан Тынышбаев, т.б.) Мұсылман фракциясы жиындарында сот ісі, ағарту, діни істер, т.б. мәселелерге белсене араласты.

Бақытжан Қаратаевтың 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзі

Депутат мырзалар!



Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ: соған қа¬рамастан, мемлекетіміздегі шиеленісіп отырған аграрлық мәселені шаруаларды Далалық облыстар территориясына, Семей және Жетісу облыстарының территориясына қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар. Әсіресе оң жақ қатарда отырған ағайындарымыз аграрлық дағдарысты шаруаларды Орта Азияға көшірту жолымен жоюға құштар. Олардың көзқарастарын Пар¬ламентке егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиков, сондай-ақ Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпин таратып отыр. Алайда осы уақытқа дейін Мемлекеттік Дума деле¬гаттарының бірде-бірі дәл қазір азиялық облыстар ішінде шаруаларды қоныстан¬дыратын басы артық жер бар ма, басымызды қатыра-қатыра шаруаларды қоныс аударуға тәуекел ете алатындай Далалық облыстардың барлық бөліктері жараты¬лыстық-тарихи, шаруашылық-статистика, топырағы мен ауа райы жағдайлары тұрғы¬сынан зерттеліп болды ма деп сұраған жоқ, ол туралы біле де қоймас. Жергілікті халық¬тың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділет¬сіздік болып табылуға тиіс. Ол қашанда күш¬тінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар - әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Россияда қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап етенінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырлары¬мыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз. Ал мәселенің түйіні Далалық облыстар территориясының әлі күнге дейін жаратылыстық-тарихи, шаруашылық-ста-тистикалық тұрғыда жете зерттелмегендігінде. Бүгін біздің жолдасымызға депутат Темеренков Азияда ұшы-қиырсыз жер бар, шаруаларды сонда қоныс аудартып, осылайша жер жетімсіздігін жоюға болады дегенді айтты. Шын мәнінде, белгілі ғалым Щербина Далалық облыстардың солтүстік уездерін, атап айтқанда, Тоғай, Ақмола және Семей облыстарының жері құнарлы уездерін ғана зерттеген, бірақ Щербина олардың оңтүстігіндегі уездерін барлай алмады. Егер ауа райы мен топырақ жағдай¬ларының барлығы тұтастай зерттелген болса, онда Далалық облыстардың оңтүстік уездерінде топырақ сорлы, құмды, кеуіп қалған сор дала болғандықтан, басы артық жердің өте аз екені жайында ешқандай күмәнсіз қорытынды жасаған болар едік. Осы кезге дейін бәрі қырғыздар көшіп-қонып жүрді-міс деген түсінікпен келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпелілері де, отырықшылары да бар. Далалық облыс¬тардың солтүстіктегі құнарлы уездерін, міне, ондаған жылдардан бері отырықшы қыр¬ғыздар жайлап, егін егіп келеді. Олардың кей¬біреулері шымнан, енді біреулері кірпіш¬тен, үшіншілері қызыл кірпіштен үй салып алған, бір сөзбен айтқанда, олардың өз тұр¬мыстарына сай тұрғын үй мен қора-қопсылары бар. Осынау отырықшы қыр¬ғыздар үшін егін егу - тұрмыс түзеудің ең негізгі көзі, ал олар мал өсірумен де айналысады десек, ол тұрмыс түзеудің қосымша көзі болып табылады. Далалық облыстарға қоныс аудара отырып, іс жүзінде осы қыр¬ғыз¬дарды өздері мекендеген жақсы жерлерінен, жылы ұяларынан қуып шығумен айналысуда.

Думаның төрағасы:

- Шешен мырза, он минут уақытыңыз бітті.

Қаратаев:

- Мырзалар, осыған дейін сіздердің ешқайсыларыңыз Далалық облыстарға қо¬ныс аудару жайы туралы ауыз ашқан жоқ¬сыздар. Бәлкім, Мемлекеттік Дума дар¬хандық танытып, менің сөзімді ақырына дейін тыңдар. Мырзалар, менің шаруаларды Дала¬лық облыстарға қоныс аудартудың жай-күйі жайындағы баяндамамды аяқ¬тауы¬ма мүмкіндігім қалмады, дегенмен менің айтарым - Мемлекеттік Дума өздері Ішкі Рос¬сиядағы помещиктер мүдделерін, осынау 130 мың помещиктің мүддесін қор¬ғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың әрдайым шаруалардың жерге деген мұқ¬тажын қана-ғаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракция¬ларға аянышпен қарайтынын есте ұстайтын болсын. Дегенмен бүгінгі таңда шаруаларға орын босату үшін қырғыздарды жерлерінен ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен көші¬ріп, қуып шығып жатқанын түсініңіздер. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қоса, үйінен, қора-қоп¬сысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қол ұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ, өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым («Орал өңірі», 1990, 8 желтоқсан).

17. XX ғ. басындағы қазақ басылымдары.

XX ғасырдың басы – қазақ мерзімдік басылымдарының даму кезеңі. XIX ғасырдың аяғында екі ғана басылым болса – «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902), 1905ж. кейін бір қатар жаңа-жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907ж. Петербургте бір топ қазақ интеллигенциясы «Серке» газетін шығара бастады, ол газеттің редакторы Абдурашид Ибрагимұлы болды. Сол газеттің екінші нөмірінде М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкімет органдары мен олардың өкілдеріне қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. «Казақ» газетінің қөзқарасына Ақмолада жарияланған «Tipшiлiк» газеті жақын тұрды [1, б.28-30].

1911 ж. Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен рух берушісі көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуы зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті; «Айқап» Исмаил бей Гаспралы шығармашылығына көңіл бөлді, қазақ даласында жаңа мектептер мен медреселер салынсын, ескілері жаңартылсын деп пікір айтты. Журнал беттерінде түрік және парсы тілдерінен аударылған жарияланымдар, мысалы Фирдоусидың «Шахнаме» жыры, басылып шықты. 1911ж. Сағынкерей Бөкей «Қазақстан» газетін шығара бастады, бұл газетте саяси мақалалардан басқа, қазақ пен ноғай елдерінің халық ауыз әдебиеттері бойынша зерттеулер жарық көрді. Ұлттық баспасөзінің даму жолында 1913-1918жж. Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А.Бөкейханұлының фольклорға және А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.

Петропавл қаласында 1913ж. қыркүйегінде қазақ және татар екі қос тілдерінде «Есіл даласы» газеті жариялана бастады, бірақ сол жылдың аяғында оған «революциялық ойларды таратқаны үшін» тыйым салынды. бастап 1917ж. аяғына дейін Ташкентте Күлбай Тоғысов апта сайын «Алаш» газетін бастырып шығарды. Газет социалистік бағытта болса да, оның панисламдық және орыстыққа қарсы көңілі басым болды.

1917ж. Ақпан революциясынан кейін бір қатар әр түрлі жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. Маусымайынан Семейде шығармашылық бағыты жағынан «Айқап» журналына үндес «Сарыарқа апталық басылым шыға бастады, Оралда – қалалық мұсылмандық бюросының органы «Ұран» газеті. Семей қаласында жазда «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті басылып шығатын болды. Ташкентте пантүрктік пен жәдід бағыттағы екі басылым шығарылып тұрды: Мұстафа Шоқай бас редакторы болған «Бiрлiк туы» мен «Жас Алаш».

Қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірінің шиеленісуіне байланысты алғашқы марксистік басылымдар пайда болды. Лениндік «Искра», «Вперед», «Пролетарии», «Социал-демократ» және тағы да басқа басылымдар қазақ жұртшылығының саяси-әлеуметтік өмірінің жаңа бағытының жаршысы болды. Ел арасында айқын антиколониалдық көңіл-күйдегі үгіт-қағаздар таратылды. Қазақ интеллигенциясының жоғары саяси белсенділігін «Қазақ» (1907), «Серке» (1907), «Орал» (1907) газеттері көрсетеді. Осы басылымдар Ресейдің орталық аймақтарында 1905-1907 жж. болған көтерілістерге үн қосты [2, б.164].

Бұл кезеңде шыққан газеттердің басты тақырыбы – патшалық көшіп-қону саясаты, қазақ ауылындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, үкіметке бой ұсынбауға шақыру. Қазақ жұртшылығына арналған М.Дулатұлы мақаласының символикалық мәні бар. Онда өздерінің құқықтары үшін күреске шақыру және патшаның зорлау отаршылдық саясаты жайлы сөз қозғалды. Патшалық атқа мінерлердің жасайтын заңсыздықтары мен жұрттың қиын жағдайы жөнінде қазақ еңбешілері атынан жарияланған ашық хаттың айтарлықтай маңызы болды. 1-ші, 2-ші Мемлекеттік Думаның жұмысы туралы материалдары, қазақ депутаттарының сөз сөйлегендері қазақ халқының саяси мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.

Отар елдерінің саяси бірігуінің алғашқы белгілері антиколониалдық бағыттағы «Мұсылмандық қозғалыс» сияқты газет пен журналдардың басты тақырыбына айналды. Үкіметке қарсы жарияланымдарды Қазақстандағы кәсіподақтың тұңғыш баспа органы «Еңбек өмірі» журналын шығарды (Семей, 1907). В.В.Куйбышев жетекшілігімен алғашқы жария баспасөз «Дала газеті» жарық көрді (Петропавл,1907).

Азаттық қозғалыстардың өсу жылдары қазақ демократиялық пресса дүниеге келді. «Қазақстан» газеті (1911-1913жж.) прогресшіл интеллигенциясының органы. Бұл басылым жалпыдемократиялық және ағартушылық бағытта болды. Газетте Қазақстанның әлеуметтік, экономиялық, мәдени өмірінің өзекті мәселелері анықталды [3, б.32]. Қазақ журналистикасы шежіресінің асулы кезеңі – озық қазақ интеллигенцисының саяси орталығына айналған «Қазақ» газетінің шығуы (1913-1918жж.). Бұл газет қазақ халқының пікірін білдіре тұрып, оның әділетшісі мен саяси майданы деп бағаланды. 1916 жылдағы ұлттық көтеріліс шағында ол бірлік пен ынтымақтыққа жетуге жағдай жасады. Дәл осы газет озық қазақ интеллигенцисының саяси қызметінің ұйымдастырушысы ретінде болды. Сол саяси қызметтің нәтижесінде тәуелсіздік үшін күрестің тактикасы мен стратегиясы жасалды.

18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.

“Қазақ” газеті

“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орын- борда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражды 3000, кейбір мағлұматтарда 8000 ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам қарыт- кері Ахмет Байрұрсынов, екінші редакторы – қоғам қайраткері, жазешы Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін “Азамат” серіктігі болған. Газеттің басы- лып шығуына алғаш жинастырып, әрі қалтасынан қаражат шығарған Ахметишан Оразаев болған. Ахаң газетке автор ретінде де қатысып“Қызылқұм елінде” деген сияқты мақалалар да жарияланып отырған. Хусаинов — Каримов баспахагасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзық Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түй- інді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қаты- насына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б. Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің даму шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалары туралы сын-мақалалар мен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген.“Қазақтың” басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас-көз болды.

«Айқап» және оның редакторы сол кездегі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы-жер мәселесі екенін жақсы түсінді. Мұны олар бектік-феодалдық қалдықтарына қарсы күрес барысында батыл көтере білді.

1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде уақытша ереже» шықты. 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларының қырлық облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Барлық жер мемлекет меншігі, тек хан тұқымдарына патша «сыйлаған» жер ғана жекеменшік болып танылды. 1895 жылдан 1906 жылға дейін «Щербина экспедициясы» патшаға қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін мәлімдеп отырды. 1870-1890 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Осыған байланысты ұлт араздығы да күшейе түсті. Түтін, мал, егін, т.б. салықтар және тасымал саудасы бұрынғыдан да артты. 15 тиындық ұстара бір қойға, 6-7 сомдық самауырын 20-25 сомға дейін сатылды.

«Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жайды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдарда жарияланды.

М.Сералин патшаның отарлау саясатының түпкі мақсатын дәл тани біліп, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен оның мына пікіріне құлақ түрелік: «Соңғы он жыл ішінде үкімет … қырғыз-қазақтарды отырықшы қылып өнер үйрететін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шеккенше отырықшы болып жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып, 12-15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ» деген корреспонденцияда Бақытжан Қаратаев: «Қара шекпендер қырық тоғыз қала салдырып алды. Қара шекпендерге ең жақсы бірінші дәрежелі жерлер кетті. Жеті руға ең жаман жерлер қалды»,- дей келіп, «көшпелі халық – қабір ұлы» деген сөз бар, көшпелі болмақ бағилық емес, сәбилік белгісі дейді ,- деп қазақ халқын отырықшы болуға шақырады.

М.Сералин «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген мақаласында «Жаңа болыстық соттардың қазақы дау-жанжалдары шешуге икемсіз болып отырғанын мысалдармен дәлелдеп, болыс сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ арасындағы жесір дауларының құны 300 сомнан асып кететіндіктен дау-дамай қалай шешіледі?»,- деп жұртқа сұрақ қояды, ол үшін «Қазақ әдеттері»- деген кітап шығару қажет дегенді айтады. Мақаланың екінші бөлімі отырықшы өмірдің артықшылығына арналған. «Түпкілікті қоныс болуға жарайтұғын жерлер шетке кетіп білетұғын. Қазаққа қолайсыз жерлер қалатұғын. Түбінде мұндай жерде бытырап жүріп оңбаспыз»,- деп автор басына төнген қатерден қоықпай, халық қамқоры дәрежесінде сөйлейді.

19. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері

1914 жылы 1 тамызда басталған. Оған тайпалық Ресейде қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Империяның отар аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық- зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлерімен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн десятинаға жетті. Соғыс Қазақстан экономикасына құлдырауына әкеп соқты. Соғыс шикізатты, азық түлікті, малдың және басқа да материалдық орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты иығына жаңа ауыртпалықтар түсті. Міндетті түрде ет тапсырылды. Мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды. Әр үйден жаңа соғыс салығын алу т.б.салықтардың мөлшері артты. Салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есе өсті. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп- жетілу процессін тездете түсті. Соның жарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж ұлт азаттық көтерілісі болды.

Көтерілістің шығуының басты себебі: Әлеуметтік- экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерiлістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымында армияның тыл жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19-дан- 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның қалалық облыстарынан- 100 мың , Жетісудан - 87 мың адам еріксіз алынуға тиіс болды. Стихиялы қозғалыс бірте- бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары- Жетісу мен Торғайда пайда болды. Бүкіл Қазақстанды қамтыды.

Көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы, қазақ халқының барлық тап өкілдері (байлар, болыстар, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың өкілдеріне қатысты.

Көтерілістің ірі ошақтары: Жетісу және Торғай өңірлері

Жетісудағы көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қонаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар болды.

Жетісудағы көтеріліс тарихының барысы:

1. 1916 ж. шілдесі – стихиялық, наразылық көріністері.

2. Тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы.

3. Қыркүйек – қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңілуі деген кезеңдерге бөлуге болады:

17 – шілдеден бастап Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларына қарсы ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауы, Жаркент, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Самсы станциясы маңы, Лепсі оязында, Садыр-Матай болысында т.б.жерлерде болды.

Қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілер табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Жетісудағы көтерілісшілерді басу үшін 8750 найзалы 95 рота, 3900 қылышты, 24 жүздік, 16 зеңбірек, 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ ауылдары жойылды, бейбіт тұрғындар аяусыз қудалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкіметі соңдарына түскен 300 мың қазақтар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1\4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Жетісудағы ұлт - азаттық көтерілістің қанды қырғынмен аяусыз басып жаншылды. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери горнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, Соттың үкімі облыстың әскери губернаторы Фольбаум сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, 1916 ж. 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде дарға асып, өлтірілді. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімі мен Түркістан өлкесінде 1917 жылы ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.

Торғай көтерілісі:

Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып жаншылған кезде Торғай даласында көтерілісшілер күш алып, күннен- күнге өрістей түскен еді. Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қойдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, арғындар мекендеген Тосын, Майқорау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтеріліс барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланды. Ал арғын көтерілісшілерінің ханы болып Шолақ Оспанов сайланды. Кейін 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс ( 6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында атақта Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды. Құрылтайда Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерелісшілердің сардарбегі болып тағайындалды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Көтерілісшілерге Орталық Ресейден келген, осы жерде туып өскен Әліби Жангелдин қосылған. Ә.Жангелдин көтерілісшілердің « рухани көсемі» болды. Көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Әр жасақты басқаруға онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. 1916 жылдың 22 қазанында Амангелді Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды, қоршау кезінде генерал лейтенант А.Ловрентьевтің жазалаушы корпусы қалаға үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасады. Қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп, Бетпаққара ауданына шоғырланды. 1916 ж қарашаның екінші жартысынан 1917 жылдың ақпанының ортасына дейін жазалушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте, Бетпаққарада ірі шайқастар болды. Шайқас 1917 жылдың екінщі жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. Торғай көтерілісшілеріне қарсы патша үкіметі 17 атқыштар ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты әскер эскадрасы, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды төкті. Осыған қарамастан Торғай облысындағы көтеріліс патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. Ал, Семей және Ақмола облыстарындағы көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады. Осылайша қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып жаншылды.

Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ:а) қазақ интеллегенциясының радикалды батыл іс- қимылға бейім өкілдері : Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангельдин,С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов тағы басқа халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. б) «Қазақ» газетіне топтасқан либерал- демократиялық зиялылар өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов , М.Дулатов т.б. Халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, қазақтар қатты қан төгіске ұшырауы мүмкін деп, осы алмағайым заманда халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде халықты аман сақтауға тырысты. Қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.

Көтерілістің маңызы:

1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. К.Қасымов бастаған ұлт- азаттық қозғалыстан кейін 1916 ж. көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған , бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, Шығыстың отар халықтарының империалистік езгігеқарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт -азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1960 жылдары орыстың белгілі тарихшысы А.В.Пястковский «Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың ( Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) империалистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен, революциялық күрестердің бір буыны болғандығы сөзсіз», - деген пікір айтқан еді.

20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі

Жәдеитшілік- араб жаңа.19 ғасырдың екінші бөлігінде пайда болған.20 ғ басында кең тараған қоғамдық саяси және дңни қозғалыс.Мұсылман әлемінде әсіресе ресей-түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үрдісіне және жалпы халықтардың дамуына үлкен тарихи рөлі ойнаған.

Жәдеиітшіл қозғалыстың көш басында мұсылман халықтарының өркениетке тартып, оларға еуропалық білім мен озық идеяларды тартуды көздеген И.Гаспринский тұрды.Оның 1881 ж Ресей мұсылмандарыоасында ұлт бостандығы туралы идеяныңтаралуына түрткіә болған РУССКОЕ МУСУЛЬМАНСТВО атты саяси памфлет жарық көрді.Онда патша өкіметінің орыстандыру саясаты білім беру жүйесі батыл сынға алынып,мұсылмандардың рухани һсуіне мүмкіндік беру талап етілді.Түркістан семинариясының қазақ шәкірті қолынан аталмыш памфлеттің табылуы, оның сол кезден ақ мұсылман халық арасында кеңінен таралғанын дәлелдейді.

21.Қарқаралы петициясы

Петиция - (лат. petitio - өтініш) - билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш.

Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.

Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»

Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.

Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».

Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.

1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.

23. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері

1916 ж көтеріліс шетелдік тарихшылардың назарын бәрінен де көп аударды. М.Э.Чаплика 1918 ж Оксфордта жарияланған ОРТА АЗИЯ ТҮРІКТЕРІ деген кітабында былай жазады:Самарқан обл Жызақта және Жетісуда мейлінше кескіленген қақтығыстар болды.Соның салдарынан жергілікті әкімшілік байырғы халықтың барлық жері мен мүлкін тәркеледі,әскер жасындағы барлық еркектер мобилизацияланды,әйелдерді аштан қыру үшін шөл далаға айдады.

Неміс тарихшысы А.Каппелер 1916 ж көтерілістің негізгі себебі патша өкіметінің отаршылдық үстемдігі, оның Қаз-дағы жер мәселесінде түгелңмен словянқоныстанушыларының мүдделерін көздеп жүргізілген саясаты деп санайды. Каппелердің есептеуі бойынша көтеріліс барысында 100 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар қаза тауып,кқптеген адамдар шығыс Түркістанға эммиграцияға кетуге мәжбүр болды.

24 Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның Қ-станның демократияландыруына әсері

Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкіметбиліктен тайдырылды.[1]

25. Қазақстандағы қосүкімет. Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.

Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.

27. «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған.[2] Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

• 1) Мемлекет билеу түрі;

• 2) Қазақ облыстарында автономия;

• 3) Жер мәселесі;

• 4) Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7]. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.

28. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публи­цист, ғалым, аудармашы.

Өмірбаяны

1866 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданын­дағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә. Н. Бөкейханов есімі берілді. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей — Батыр — Мырзатай — Нұрмұхамед — Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітірген­нен кейін 1879–1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886–1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890–1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен да­муы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарай­тын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молда­дан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жа­сында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясының елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің са­яси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясы­ның қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәде­ниет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.



Қоғамдық-саяси әрекеттері

Оңнан солға қарай: Халел Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Әлихан Бөкейханов Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ да­ласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әле­уметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси бел­сенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қай­раткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерек­ше ықпал етеді. 1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Се­мейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петици­ясын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә. Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен тараты­лып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә. Н. Бөкейханов да солардың арты­нан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньше­виктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды. 1909–17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911–14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау ке­рек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік ду­масының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.

Алаш Орда Ә. Бөкейхановтың Жаза кесіміОл Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасы­ның құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдасты­руға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республи­касының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық на­мыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәске­уге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы та­мызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі. 1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

29. Ахмет Байтұрсынов — қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.

1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.

Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.

1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.

1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.

Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.

1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.

Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.

Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.

1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады.

І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады.

1920 жылы ол басында «Ұшқын» газетінің, кейіннен аты «Еңбек туы» боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге «Қазақстан» мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен.

1909 жылы шыққан «Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.

30. Үш жүз» саяси партия .1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.

31. "Алаш" және "Үш жүз" ұлттық саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері.

Ресейде 1917 жылдың күзінде Кеңестер мен Уақытша үкіметтің арасындағы саяси қарсылық тереңдей түскен жағдайда қазақ қоғамының социалистік бағыттағы өкілдері ұлттық бужуазиялық ұйымдардан іргесін бөліп алды және сонымен қоса олармен күрес жүргізе бастады. Бұл процесс Қазақстанда да орын алды, ол қазақ интеллигенциясының арасында өзіне деген «солшылдардың» көзқарасын нығайта түсуге тырысқан «Үш жүз» партиясының тәжірибесінен айқын көрінеді. «Үш жүз» алғашында «Алаш» партиясымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіргенімен, қазақ қоғамының қоғамдық саяси дамуының аса маңызды мәселелері бойынша келісе алмағандықтан іргесін бөлек салып, оның тұрақты қарсыластарының біріне айналған еді. «Үш жүз» партиясының көсемдері адвокат, журналист әрі драматург Қолбай Тоғысов , фельдшер және аудармашы Шаймерден Әлжанов, оқушы Әбілқайыр Досов, жүк тиеуші Исак Қобеков, журналист Мұқан Әйтпенов болды. Ш. Әлжанов, М. Әйтпенов және К. Тоғысов 1912-1915 жылдары «Айқап» журналымен тығыз байланыста болып, оның беттерінде мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, аграрлық мәселелер бойынша мақалалары жарияланып тұрды. К. Тоғысовқа келер болсақ, ол 1907-1912 жылдары патша әкімшілігі тарапынан қуғынға ұшыраған еді. 1916 жылы ол Ташкентте «Алаш» газетін шығара бастаған.

32."Шура-и-Ислами","Шура-и-Улема" мұсылмандық партиясы

Ақпан оқиғалары түркістандық қоғамды тез саясаттандырып, ұлттық өзіндік сананың және ұлттық бірігудің өсуіне жәрдем берді.

Бірақ, әрине, бұл толық бірігуді білдірмеді және бәрінде де баламалардың жоқ болуынан еді. Көрсете кету ләзім, жас ұлттық ұйымдардың өкілдері өздерінің іс-әрекеттерінің бас кезінде ұлттық қозғалыстың өзінде де және одан сыртқары түрлі ағымдардың қарама-қарсы мүдделерімен қақтығысады.

Анық бола бастағанындай, өлкенің жағдайында жергілікті прогресшілдердің бағдарламалық ережелерін іс жүзінде іске асыруы орыс ұлыдержавашылдарының тарапынан ғана емес, және де жергілікті халықтың бірқатар консервативтік, дәстүршіл топтарының қарсылығына ұшырады. Әйтсе де, 1917 жылдың жазында өлкеде саяси күштердің орналасуы тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың қарқынына, дәрежесіне және сипатына қатысты; әйелдердің эмансипациясы; соғысқа қатысты; Ресейдің және Түркістанның болашақ мемлекеттік-саяси құрылымына; Уақытша үкіметке және оның жүргізіп жатқан ұлттық саясатына және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша ой-пікірлердің түйіспеуінен туындаған табиғи алшақтау процесі тоқталмады.

Жаңа ұйымның бағдарламалық ережелерінің негізгі авторларының бірі ташкенттік «Шуро-и-Улеманың» басшысы Серәлі Лапин болды.

Мұстафа Шоқай атап көрсеткендей, Серәлі Лапиннің «Шура-и-ислам» өкілдерімен арада айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды. Дегенмен, ол сөзсіз, Түркістандағы ірі саяси тұлға және ұлттық қозғалыстың белсенді қатысушысы болып табылады.

Көбінесе оның күш-жігерінің арқасында «Шура-и-ислам» ұйымының іс-әрекетінің өрісі Түркістанның басқа да аймақтарына тарады, онда оның бөлімшелері құрылды.

Көрсете кету ләзім, «Шуро-и-Улема» ұйымының идеялық нұсқаулары, сол «Шура-и-ислам» сияқты Түркістан халықтарының саяси өзін-өзі анықтауы қажеттігін мойындауға негізделді. Сонымен қатар, исламдық принциптерге және құндылықтарға ерекше, артықшылықты мән берді.

«Шуро-и-Улема» өкілдерінің пікірінше, түркістандық қоғамды алдағы қайта ұйымдастыру тек Шариғат заңдары бойынша қатаң орындалуы тиіс болды.Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді.

33.1917 жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы.

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Петроградтағы Қазан төңкерісі.1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:

1) Монархияның ауыр мұрасы

2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.

3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.

34.Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі

Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.

Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.

Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.

35. 1917 жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға

XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін, Қазан төңкерісінің Ресей империясының орыс емес халықтарының тарихи тағдырындағы рөлі мен орнын бағамдаумен, жергілікті мұсылман қауымының өздеріне сырттай танылған әлеуметтік-саяси және экономикалық институттар мен құндылық бағдарларына қарым-қатынасымен, XX ғасырдың 20—30-жылдарындағы қазақ қоғамы көшбасшыларының тағдырына байланысты проблемаларды зерттеу батыс тарихнамасының дәстүрлі бағыты болды.

Ұлттық шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да Кеңес өкіметінің орнау тақырыбындағы шетелдік тарихнама АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттердің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сан алуан материалдардан, XX ғасырдың 20-жылдарындағы Ресейде болған оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастар алуандығы көрініс тапқан мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің сөздерінен өз бастауын алады.

Ол жылдар жарияланымдарының . елеулі бөлігі баяндаушылық, сезімдік-тәжірибелік сипатта еді, бірақ дегенмен де олардың ішінен проблеманың тарихнамалық тұғырнамасын қалыптастыруда белгілі бір рөл атқарған жекелеген сәттер мен бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл айтылғандар бірінші кезекте америкалық публицист Уильям Чемберлиннің «Орыс революциясы» (2 томдық), «Кеңестік Ресей», «Ресейдің темір ғасыры» жұмыстарына . қатысты, бұл еңбектер деректерді кең көлемде пайдалануымен, халық бұқарасының төңкеріске қатысуы тақырыбына дең қоюымен ерекшеленеді. 1917 жылдың ақпанынан қазан айына дейінгі кезеңдегі Ресейдегі оқиғаларға талдау жасай келе, ол патшалық тәртіпті де, ақпаннан кейінгі режимді де біржолата күйретуге жеткізген қуатты төрт қозғалысты алғаш рет атап көрсетеді: бұлар — армиядағы аса зор сапырылыс; шаруалардың жер алуға құлшынысы; жұмысшылардың жалақыны көбейту және жұмыс күнін қысқарту, өндіріске бақылау орнату жолындағы күресі; орыс емес ұлттардың автономия алуға ұмтылысы. Чемберлин, 20—30-жылдар оқиғасының куәгері ретінде, мәселенің елеулі жағын атап өтеді: егер кеңес тарихшылары «шетелдік интернационалистер» деп атаған австрия-венгерлік және басқа да соғыс тұтқындарының шешуші рөлі болмағанда, Кеңес өкіметін Орта Азия мен Қазақстанда орнату және нығайту, басмашылықты талқандау мүмкін болмас еді деген түжырым жасайды; ол Қазан төңкерісінен кейінгі алғашкы екі онжылдыктағы пролетариаттың «азаттық әперушілік міндеті», аймактағы саяси күштерді қайта орналастырудың таптық сипаты туралы мәлімдемелерді теріске шығарды. Сонымен бірге француз тарихшысы Ж. Кастаньеден . кейін іле-шала, Чемберлин, ұлттық аймақтардағы Кеңес өкіметінің антидемократиялық табиғаты мен мәні, 1917-1920 жылдарда Ресейде болған революциялық үрдістің шынайы болмысы туралы тезистерін негіздей алды.

36. Ресей халықтарының құқықтық декларациясы - ұлттық мәселелер бойынша кеңестік үкіметтің бірінші заңды актісі. ешегі келмеске кеткен КСРО-да бір ғана коммунистік идеология болғаны, атеизмнің айды аспанға шығарғаны біз айтпасақ та мәлім. Бірақ бұл КСРО-да Ислам болған жоқ деген сөз емес.

Мәселен, КСРО кезінде Ал¬матыда қазіргі Орталық мешіт тұрған орында тауықтың күрке¬сіндей бір ғана мешіт болғаны мәлім. Бірде КСРО басшысы Леонид Брежнев Дінмұхамед Қо¬наевқа телефон соғып, Алматыны көргісі келген атақты боксшы Мұхамед Әлиді қабылдауын өті¬неді. Мұхамед Әлидің намазхан екенін білетін Қонаев Брежневке: «Құрметті, Леонид Ильич! Мұ¬ха¬мед Әлидің намаз оқитынын біле¬мін, ал Алматыдағы мешітіміз тауықтың күркесіндей ғана шап-шағын әрі өте жұпыны, құрметті қонаққа көрсетуге өте ұят. Сон¬дықтан Мұхамед Әлидің Таш¬кент-ке барғаны дұрыс» депті. Осы¬лайша, атақты боксшы Таш¬кентке барып, намаз оқыған.

Бұл – Қазақстандағы Ислам¬ның сол кезде қаншалықты құл¬дырағанына бір ғана мысал.

Қожа-молдаларды қамшымен қойдай қуған кешегі қызыл өкі¬мет алғаш құрылған кезінде, мо¬ма¬қандық танытып, қой терісін жамылған қасқырдың кейпінде болыпты. Оған 1917 жылы қара¬шада Кеңес билігінің «Шығыс пен Ресейдің барлық еңбекші мұ¬сылмандарына» жолдаған төмен¬дегі жолдауы дәлел болады:

«Жолдастар! Бауырлар! Ресей¬де ұлы өзгерістер орын алуда! Осы ұлы өзгерістер қарсаңында біз Ресей мен Шығыстың барлық жұмысшылары мен күйсіз, кәріп мұсылмандарына үндеуімізді жол¬даймыз.

Ресейдің мұсылмандары, Қы¬рым мен Еділ бойындағы татар¬лар, Сібір мен Түркістанның қыр¬ғыздары мен сарттары, Кав¬каз¬дың шешендері мен тау халық-тары, барлық мешіттері мен ғи¬бадатханалары бұзылғандар, Р嬬сей¬дің қанаушылары мен пат¬шалары тарапынан діни наным-сенімдері мен дәстүрлері қорлауға ұшыра-ғандар! Бұдан былай сіз¬дердің діни наным-сенімдеріңіз бен дәс¬түрлеріңіз, ұлттық және мәдени ошақтарыңыз еркін және оған қол сұғылмайды деп жария¬ланады». Осылайша, кеңес билігі осы жолдау арқылы мұсылмандар тарапынан үлкен қолдау тапқан. Сол кезде «күн көсем» Ленин КСРО үшін ислам факторының маңыздылығын жоғары атап көр¬сетіп, «Бұл – әлемдік мәселе, мұнымен қалжыңдауға болмайды, бұл істе мың мәрте мұқият бо¬луымыз керек» деген екен.

40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі

Алаш Автономиясы. «Алаш» қозғалысы 1917жылыдың соңында партиялық құрылыс проблемасынан ұлттық автономия құру әрекетіне көшті. 1917жылы желтоқсанда ОРынборда «Алаш» партиясының Екінші Жалпықазақ съезі болып өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Негізгі мәселе автономия мен оның үкіметін құру жайныда болды. Съезде «Алаш» атауымен қазақ автономиялық үкіметінің құрылғаны жөнінде мәлімдеді. «Алашорда» деген атпен уақытша халықтық кеңес – үкімет құрылғанын жариялады. Қазақ зиялылары үкіметтің атауын ұлт тарихындағы «Алтын Орда » »Ақ Орда» »Көк Орда» нұсқасымен ұқсас қойды. Съезде қазақ автономиясының құрамына Бөкей Ордасы, ОРал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облысы мен Алтай губерниясының қазақтар мекендейтін аудандары енуге тиіс екені жөнінде де қабылданды. Алашорда автономиясының орталығы СЕмей қаласы болып жарияланды. Алашорда үкіметін Әлихан Бөкейханов басқарды. Алашордаға «қазақ тұрғындарының атқарушы билігін қолға алу» міндеттелді.192 1 жылы күзде «бұрынғы алашордалардың контрреволюциялық ұйымның анықталғаны» жайлы хабарлар жайында. Партияның көпке танылған басшысы Ә.Бөкейханов жұмыстан бостылды. М.Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Оның себебі Большевиктер партиясы өз позицияларының күшеюіне қарай басқа қозғалыс өкілдерін жоққа шығару оларды қудалау тактикасына көшті.

Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі- 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.

Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.

Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:

Сібір автономиясы;

Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;

Қазақ-қырғыз автономиясы;

Милиция туралы;

Ұлт кеңесі;

Ұлт қазынасы;

Мүфтилік мәселесі;

Халық соты;

Ауылды басқару және

азық-түлік мәселесі.

Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.

41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі

Кеңес өкіметі де барлық ұлттардың теңдігін жариялады, бірақ ол оның әлеуметтік негізін шектеді. Қанаушыларға жатқызылған, бұрынғы құрылысқа қызмет еткен адамдар, сондай-ақ діни ұйымдардың қайраткерлері барлық құқықтарынан айырылды. Алашорданын бағдарламасы қазақ халқының өмір сүруінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдістерін күрт,

тез арада қиратпай, экономикалык, әлеуметтік, құқылык өмірдің тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамды демократиялық жолмен кайта құру бағдарламасы ретінде кептеген жылдар бойы іріктеліп, калыптасқан еді. Ұлттык қозғалыс идеологтарының бірі М. Дулатов сонау 1911 жылдың өзінде былай деп жазды: «Бір халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі (көшпенділіктен отырықшылыққа. отырықшылықтан көшпенділікке шыккан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешугеде сонша білім керек. Өлгенді тірілту мүмкін болмаған кесілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірмен болса, түзетуге болмайды.»

Алашорда қайраткерлері сепаратистер болған жоқ. Олар реалистік тұрғыдан ойлайтын, сол бір жағдайдағы Ресейдің қазақ халқы үшін рөлі мен маңызын түсінетін адамдар еді. Ресеймен бірлік бағытын Алашорда қайраткерлері берік те дәйекті жүргізді. Алашорда большевиктік идеологияға негізделген жоқ, оның алғашқы кезде Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны табиғи нәрсе болатын. Егер Алашорда қайраткерлері Кеңес өкіметіне қарсы шыкса, бұл ешбір жағдайда да олар революцияның жаулары болды деген сөз емес.

Бұл олардың өз партиясының, өз пікірі бойынша, өз халқының игілігіне бағытталған бағдарламасына адал берілгендігін білдіреді. Партия мен әлеуметтік топтарға бөлмей, өз халқының мүдделерін қорғады. Сондықтан олар өз халқына жау бола алмайтын еді, ал оларды большевиктер солай етіп көрсетуге тырысты. Мұның өзі кейіннен Кеңес өкіметінің бұрынғы Алашорда қайраткерлерін жазалауының басты себептерінің бірі болды. 1920 жылы Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін, Алаш көсемі Ә. Бөкейханов өз жақтастарына арнап үндеу тастайды. «Біз жеңілдік, бірақ ұлттың санасын оятып, мүддесін қорғауымызды бір сәтке де тоқтатпауымыз керек . Ол үшін, большевикттер партиясының қатарына өтіп Кеңес органдарына жұмысқа кіріп, күресімізді астыртын жүргізуіміз керек»,- дейді. Осыдан кейін Алаш Орда үкіметінің мүшелері мен олардың ұстанымын қолдайтын жақтастары Кеңес үкіметіне түрлі қызметке кіреді. Ал оларды осы қызметтерге тартқан Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сынды Қазақстандағы Кеңес үкіметінің басшылығындағы ұлт қайраткерлері, жаңа толқын саясаткерлері болатын.

Қазақ зиялыларының сол кезеңде Қызыл империя орталығының саясаты кесірінен ұлттық мемлекет құру жолында Алаш Орда үкіметі мен партиясын құрғандар және большевиктік партия мен социализм идеясына сенген қайраткерлер арасында саяси көзқарастарына қарай екі жікке бөлінген еді.

42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры Кеңес одағының құрылуы -1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты . Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және Слтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

2.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

Алаш Орда үкіметі- Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. Ұлт зиялысы Алаш Орда басшысы Ә. Бөкейхановты жұмысынан шығарып жіберіпа,ауыр жаза қолданды. Ұлт қайпһраткерлері ақын жазушыларға «хал

Түкістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым.. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсеті. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді М. Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.

43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері 45.ЖЭС кезіндегі Қазақстан 1921-1922 жж, жер-су реформалары

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт¬азаттық көтерілістің түрлі өңірлеріндегі ошақтарына қатысты түрлі мазмұндағы айтылған тарих материалдары дерек ретінде әлі күнге дейін кең түрде ғылыми айналымға тартылған жоқ. Ал көтеріліске қатысқан, оны көзімен көріп куә болған адамдардың айтқан естелік¬әңгімелері мәселеге жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға қажет тың мәліметтер береді. Бұл деректерді талдай отырып, көтерілістің шығу себептері, басталуы, барысы, оның басшылары, отарлық жүйенің көтерілісті басуға қатысты жүргізген жазалау шаралары, көтерілістің жеңілу себептері, нәтижесі мен салдары жөнінде басқа дерек көздерінде жоқ мәліметтерді алуға болады. 1916 жылғы көтеріліс туралы айтылған тарих деректері көтеріліске тікелей қатысқан және оны көзімен көрген куәгерлердің естелік¬әңгімелерінде берілген. Көтеріліс туралы естелік¬әңгімелер мен өлең¬жырларды жинақтау барысында оны жазып алған зиялылар қазіргі кездегі айтылған тарих бағытында ғылыми ұйымдастырылған сұхбаттарға қойылатын талаптарға ұқсас ақпарат беруші туралы мүмкін болғанша толық мағлұматтар береді. Сонымен қатар олар жинақталған материалдарды мұрағаттандыру ісін де ұмытпаған. Өйткені ол жиналған материалдардың біршамасы еліміздің мұрағаттарында жақсы сақталған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекттік мұрағатының № 427 коллекциялық қорында, № 639 «Қазақстанды зерттеу қоғамы» деп аталатын қорында, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының № 811 коллекциялық қорларында ел арасындағы заман куәгерлерінен жазып алған естелік¬деректер молынан кездеседі.

Сондай¬ақ еліміздің түрлі кітапханалары мен мұрағаттарының, академиялық институттардың қозжазба қорларында халқымыздың ресми емес тарихынан сыр шертетін бірталай деректер қатталған. Ал ол деректерді ғылыми тұрғыдан талдау арқылы жазба деректерде кездесе бермейтін тың ақпараттар алып көтеріліс тарихын жаңа мазмұн мен сипатта баяндауға болады. Көтерілістің алғышарттарын, басталуы мен барысын, салдарын түсіндіру жеке адамдардың естелік¬әңгімелерінде, сондай¬ақ сол тұста айтылған қанатты сөздер мен өлең¬жырларға, дастандарға негізделген үлгілерінде кездеседі. Аталған дерек түрлерінің маңыздылығы өте зор. Мұндай деректік топтамалар қалыптасқан тарихи жағдайларды баяндауға бағытталған. Сонымен қатар көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарында көтерілістің басшылары, олардың бітім¬ болмысы, сол кезеңдегі халықтың тұрмыс¬тіршілігі, орыс өкіметінің өлкеде жүргізген саясаты жөнінде де құнды деректерден хабардар етеді. Сондықтан, 1916 жылғы ұлт¬азаттық көтеріліс тарихын айтылған тарих материалдары негізінде зерттеу – бұл мәселені бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарау ісін жеңілдетеді. Көтерілістің шығуына негіз болған алғышартарына байланысты да айтылған тарих материалдары жақсы мәліметтер береді. 1916 жылғы көтерілістің негізгі шығу себептерінің бірі жер мәселесі болатын. Көтеріліс қарсаңында патша үкіметі ұзақ жылдар бойы жүзеге асырған отарлық саясатының барысында орыс шаруалары мен казак¬ орыстар үшін қазақ жерлерін зорлықпен тартып алып, құнарлы егіндігінен, шұрайлы шабындығынан айырып мал шаруашылығымен айнылысатын көшпелі халықты тау¬тасты және шөлейтті жерлерге ығыстырды. Тек 1906¬1914 жылдар аралығында Жетісудағы қазақтар мен қырғыздардан өңдеуге пайдалы, ең құнарлы 2 миллион 703 мың десятина, ал 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы үш жылында Жетісу өңіріндегі қазақтардан 1800 мың десятина жер тартып алынған.

1916 жылғы көтерілістің шығуына себеп болған мәселелердің қатарында алым¬салықтың көбеюі, соғысқа қажет халықтан алынған түрлі соғыс салықтары еді. 1914 жылы Ресейдің қатысуымен басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс ішкі Ресей халқының да, шет аймақтардағы «бұратана» халықтың да жағдайына қатты әсер еткен. Шаруашылық күйзеліп, егіс көлемі азайып, оның өнімі күрт төмендеді, мал саны кеміді. Соғыс қисапсыз көп шикізатты, азық¬ түлікті, малды, тағы сол сияқты материалдық игілікті қажет етті. Өлкеде жергілікті өнімдер арзан бағада қала отырып, сырттан тасымалданатын өнім қымбаттап халықтың шаруашылығы күйзеліп, әл¬ауқаты нашарлай түсті. Соғыстың алғашқы үш жылында Түркістан өлкесінен өте көп мөлшерде мақта мен мақта майы, 474 мың балық, 299 мың пұт сабын, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 38 пұт мың шаршы кез киіз, 441 киіз үй соғыс қажетіне жинап алынған. Соғысқа қажетті деп саналған мұндай материалдық игіліктер халықтың еркінен тыс, күштеп алынған болатын. Халықтың мойнына ауыртпалық түсіріп жиналған бұл жағдайлар көтеріліске байланысты айтылған тарих естеліктерінде де кездеседі. Ол жайында 1885 жылы туылған, Кеген ауданы Қызылту колхозының мүшесі Алдаберген Қойшыбеков өзінің 1916 жылғы көтеріліс туралы айтқан естелігінде: «Мен болсам Жәйшібек Бектеновтың атын, су жұмысын істейтін малайы, інім Батырхан қойын жайған малайы. Сонда «31 жас, 19 жастағы балаларды солдатқа алады» дегенді естідім. Алдабергеннің жасы 31 де, Батырхан жасы 19¬да болып шықтық.

44. 1916 жылңы ұлт-азаттық көтерілісі қазіргі заманғы тарихнамада. Өлеңмен өрілген тарихи мәтіндер арасында қара сөз сақталса да, оны мүмкіндігінше қарапайым сөз үлгісіне немесе белгілі нұсқадағы айтылған факті түріне айналдырады. Мәселен, көтеріліс тарихы өлең ретінде берілген айтылған тарих материалдарындағы мына бір ерекшеліктерге назар аударайық. «Елге хат» деген өлеңде: «Бақтыбайға жазып берген Нұғман хаты. Екеуі де Қапал уезі, Сарытау болысынан майданға алынған жігіттер»¬делінген. Бұл өлең тіркелген жинақтың мазмұнында «Нұғман Сартайға жазып берген хаты (1916 жыл туралы)» деп көрсетілген. Сол кезде тылдың қара жұмысына аттанған жігіттердің көңіл¬күйі хатта былайша сипатталған: Ағамыз сәлем айттым Зәкірбайға, Бұрынғы Жетісуың бізге қайда? Алысқа сапар тартып біздер кеттік, Құлдилап түскендей боп терең сайға. Тағы да сәлем жаздым Есембайға, Кез болдым заманымда мұндай жайға. Осы кеткен боз баланы ойлап тұрсам, Бағасы жетпей кетті жалғыз тайға, – деп, одан әрі қара жұмыстан алып қала алмағаны үшін туыстарына өкпесін білдіре баяндағаны байқалады. Сондай¬ақ, «1916 жылы окопке алынған жігіт жыры» деген өлеңінде: Күшті ағайын алалап, Шығарып бердің бір бізді, Сыртымнан тіркеп өштікпен, Іспескіге кіргізді. Аталасым ағайын Туғандығын ұмытып, Сары солдатқа ұрғызды. Мойынға бұғау салдырып, Туған елді шулатып, Туған елді қалдырды…, – деп қара жұмысқа алынатындардың тізімін жасауда жол берілген әділетсіздіктерді, ауқатты топ өкілдерінің өз жақындарын қара жұмысқа жібермей алып қалып, қарапайым адамдардың, кедей¬кепшіктің балаларын тізімге кіргізіп жібергеніне өкінішін білдіріп былай дейді: Есебін тапқан ауқатты, Бай баласы мырзалар Күлгендей болды табалап, Момынның жасы¬кәрісі Тізімге түскен алалап Ар¬ұятын ұмытып Ауылнай, болыс, билердің Бұзылған діні қарасы, Қыршын жасты қолынан Қосақтап ұстап бергенде, Кеңейді ме жеріңіз? Алды¬артыңа қарашы?… Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт¬азаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдары арасында осы мазмұндас өлеңдер көптеп кездеседі.

Барлығында патша жарлығын жүзеге асыру барысында қазақ ауылдарында орын алған әділетсіздіктер, малы бар ауқатты адамдар балаларын, аға¬інісін пара беріп алып қалып, ондай мүмкіндігі жоқ адамдар тізімге ілініп, соғыс тылындағы қара жұмысқа жіберілгені баяндалған. 1916 жылғы ұлт¬азаттық көтеріліс туралы айтқан естелік¬ әңгімелерді жазып алып жинауға қатысқан зиялыларымыз туралы да құнды тарихи деректерді кездестіреміз. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың 1916 жылғы көтеріліс мәселелеріне арналған «Қилы заман» повесінің жазылуы жөнінде қоғам қайраткері Ыдырыс Көшкіновтің інісі Әуезхан Көшкінов көтерілістің 10 жылдығына орай 1926 жылы болған жағдайларды өз көзімен көрген куәгер ретінде былай суреттейді: «Сол жылы ел Қарқара жазығына жиналды. Жиынға Ыдырыспен бірге Ораз Жандосов келді. Ереуілтөбені үйгенде мен он төрттемін. Төбеге үйілетін тастарды көпшілікпен бірге Ораз бен Ыдырыстың өздері де тасыған еді… Ораз бен Ыдырыс біздің ауылда, Шырғанақтың бойындағы ақбоз үйде жатты. Ыдырысқа жеке үй тігілген еді. Мен сол үйге қымыз тасып беріп жүрдім. Әртістер, өнерлі адамдар қатарында Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, Иса Байзақов жүрді. Ал Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов бұлардан кейінірек келді. Жергілікті азамат Сәрсенбай Бейсембетов келген қонақтармен бірге жүрді. Сол кезде Әубәкір Солтанбекұлы 1916 жылғы көтеріліс жөнінде Мұхаңа бірталай әңгіме айтып берген болатын. Ал, сол әңгімелер заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесінің жазылуына арқау болды» – деп көрсетеді. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт¬азаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарын пәнаралық тұрғыдан кешенді түрде қарастыру әдебиеттану, мәдениеттану, психология салаларының мамандары үшін де маңызды болып табылады. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт¬азаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарын дәйекті түрде зерттеу ісі сол кездегі қазақ халқының әлеуметтік¬мәдени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси әрекеттерді, әлеуметтік¬ тұрмыстық, т.б. жағдайларды дұрыс түсініп, ғылыми объективті баға беруге қызмет етеді.

45.ЖЭС кезіндегі Қазақстан 1921-1922 жж, жер-су реформалары

1.Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген эконмикалық және мәдени арта қалушылықпен байланыста еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары 50,3, орыстары 31,1, украиндары 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауылшаруашылығында еңбек етті. Ал, ауылшаруашылығы мешеу жете дамыған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, малшаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемімен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914ж. 3,6 млн десятина болса, 1922ж. 1,6 млн десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығыда ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млнға, жылқы 2 млнға, қой-ешкі 6,5 млндай, түйе 0,3 млнға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн басқа кеміді.

Жеті жылға созылған (бірінші дүние жүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқада аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскермен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік не ғұрлым көп және қайрымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Мұндай наразылықтың күшейуі кеңес өкіметін салғырттан, яғни “әскери коммунизм” саясатынан /салғырт кейде солай аталатын/ бас тартуға,жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару коммитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария обылыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн. пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатан ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селоларын қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар баса артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

2.Жаңа экономикалық саясат

1 - Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері - 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты, ауыр жағдай қалыптасты, 1921 жылғы наурызда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды, ЖЭС-тің белгілері - Азық-түлік салығы, Сауда еркіндігі, Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу, Ауылшаруашылығы несиесі, тұтыну кооперациясын дамыту, Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру, Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану

2 - ЖЭС-тің мәні - салғыртты салықпен ауыстыру, 1921 жылы наурыз-сәуірде өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды, Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда за болды, 1921 жылы маусымда Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды, 1921 жылы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының 1 сьезі өтті, Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді, 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80 пайызы қырылды, Елде аштық басталды, Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды, 1921 жылғы қарашада 1 млн 508 мың адам, 1922 жылғы наурызда 2 млн 303200 адам, Мамыр, маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары - аштық жайлаған аудандар, Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны 82 пайызға жетті, Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді, 1921 жылғы 14 маусымда Нақты ет салығы туралы декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды, 1922 жылы егістіктің 60 пайызына Кеңес үкіметі берген дән себілді, Кеңес өкіметі органдарынан өлкенін 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөніндегі төтенше шаралар қолданды

3-Жер-суреформасы

Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

Жер-суреформасы.

Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

• 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде:

- Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.

- Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

• 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді.

- Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.

- 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.

• 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы»

атанды).


Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды.

Міндеттері:

-Еңбек артельдерін құру.

- Кедейлерге жер беру.

- Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:

• Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол

атқарады.

• Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

• Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті.

• Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.

46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.

Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен Владимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.

47 ҚазАКСРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАКСРнің құрамына біріктірілуі.

Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.

Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

1.Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.

2.Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.

3.Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.

4.Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.

5.Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.

6.Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.



"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды. Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды. Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді. ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы құрамына Казревком өкілдері ендірілді. 1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын» қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді.Құрылтай съезі «Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстандағы жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады. Автономды халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дың халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай айтылған деректер бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды..

Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында Мәскеудің бір жақты шешімімен 1932 жылы өзбек КСР-нің құрамына көшті. Осылай Қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шекаралары белгіленді. Осы кезеңде Қазақстанның жер көлемі 2.927.614 кв. км, халқы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3 %-і орыстар, 9 %-і украиндар, 3,7%-і өзбектер, қалғандар басқа халықтар болды. 924 жылы өзбек, Түркімен республикалары, 1929 жылы Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып қала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомның) басшылары В.Нанейшвили, С.Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә.Жанкельдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп қайта құруды негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың ұлттар бөлімінің меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазаөстанның одақтас республика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.

48. Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»

1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы » жарияланып, кеңестік негізде құрылған қазақ автономиясының заңдық негізін қалаған еді. Және осы декларацияда: «ҚАКСР-і депутаттарының жергілікті Кеңестері, Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлар Кеңесі автономиялы республиканың басқару органдары болып табылатындығы» айтылып, автономиялы мемлекеттің билік тармақтары айқындалды, сондай-ақ, бүкіл заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы өкімет бүтіндей тек қана еңбекші халықтың қолында болуға тиіс екендігі көрсетілді.

Жарияланған декларацияға сәйкес автономиядағы ең жоғарғы билік. Кеңестердің Жалпықазақтық сиезінің қолында болды. Әр жылда бір рет шақырылатын сиездер аралығында жоғары билік Орталық Атқару Комитетінің қолында болды. Орталық Атқару Комитетінің мүшелері және мүшелегіне кандидаттарды Кеңестердің Жалпы Қазақтық сиезі сайлады. Бірінші құрылтай сиезінің шешімі бойынша Орталық Атқару Комитетінің президиумына 10 мүше мен 5 кандидат: С.Меңдешев төраға, В.Радус-Зенькович, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, И.Киселев және басқалар кірді.Орталық Атқару Комитеті Республиканың Халық Комиссарлары Кеңесін құрды, оның төрағасы болып Ресейдегі революциялық қозғалысқа белсене қатысушы В.Радус-Зенькович сайланды. Уақытша орган бөліп келген Қазақ революциялық комитеті өзінің барлық өкілеттіктерін Қазақ АКСР-інің үкіметіне берді.

49. Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазССРнің құрылуы.

1920 жылы 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының декларациясын қабылдайды, ол декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз. АКСР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы С. Меңдешовты және Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) басшысы В. Радус-Зеньковичті сайлады. Астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. 1925 жылы Қырғыз АССР аты РСФСР құрамындағы Қазақ АССР деп өзгертілді.

50. Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.

Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мәселе Қазақстан пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11 сәуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мәселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9 сәуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық республикаларға бөлуге әзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте РК(б)П Қазақ облысы комитетінің (Қазобком) II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Орта Азиялық Бюросының (Средазбюро) мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары тыңдалып, талқыланды. 1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес КСРО ОАК-нің екінші сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулысы бекітілді. Межелеу нәтижесінде Орта Азия аумағының 45,7%-ы, яғни 797,9 мың км² жері Қазақ АКСР-іне қосылды (оның ішінде 112 мың км² Қарақалпақ автономиялық округі бар, ол 1930 жылы шілдеде РКСФР-ге берілгенге дейін Қазақстанның құрамында болды).

51. Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазССР-нің Конституциясының қабылдануы.

1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы. Бүкілқазақ Кеңестерінің Х съезінде 1937 жылғы 26 наурызда қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 тараудан және 125 баптан тұрды. Онда «КСРО Конституциясының 14-бабының шегінен тыс Қазақ КСР-і өзінің егенмендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті дербес жүзеге асырады», — деп жазылған еді.

1937 жылғы Конституцияда бiрiн бiрiне экономикалық, политикалық қорғау бойынша көмек беру мақсатымен өз еркiнмен басқа республикалармен бiрлесуi, КазҚСР рұқсатысыз аумағының өзгермеуi, республика жүргiзу сұрақтары бекiтiлген, оларға сәйкес жоғары республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк өкiл органдары құрастырылды, заңдылықыты орындау бақылауы, азаматтардың құқықтары және қоғамдық және мемлекеттiк ретiн қорғау, салық жинау және т.б. бекiтiлген. Және де прокуратура мен сот органдарының жүйесi құрылды. Халықтық соттар аудан азаматтармен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқық негiзiнде құпия дауыс берiп сайланатын, сот отырыс қазақ тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлген, ал қөп ұлтты аудандарда — олардың тiлiнде.

1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы. ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.

52. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы мәдени құрылыс.

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.

XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған “Қалың мал” романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров “Айқап” журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде “Қамар сұлу” романын жаза бастады.

Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары “Топжарған”, “Гүлкашима” поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің “Шахнамасынан” “Рұстем-Зұхраб” поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол “Айқап” журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.

XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — “Қырық мысал” болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда “Маса” атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.

А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз “Қазақ” газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.

Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - “Бақытсыз Жамалдың” авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.

XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде “Абай” журналының жұмысына да араласты.

Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің “Шолпан” атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.

53. Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.

Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 жылдың аяғына қарай өндірістік өнімді өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғыстың алдындағы деңгейге 2/3 жуық мәнге ие болды. 1921 жылғы 17% өндіріс мекемесіне қарсы 60%-дан астамы іске қосылды. Республиканың ауыл шаруашылығының дамуының жағымды жақтары біліне бастады. Егін егу алқабы 3 млн га-ға жетті, астық жинаудың соғыс кезіне дейінгі деңгейі қалпына келтірілді. Мал өсіру саласы дағдарыстан шыға бастады. 1922 жылмен салыстырғанда мал басының саны 1925 жылы екі есе көбейді. Теміржол магистралінің жұмысы қалыпқа келді. Қайтадан теміржол тармақтары іске қосылды: Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар және басқалары. Өзен транспорты қалпына келтірілді.

1920 жылдардың ортасында ССР-де социализмді құрудың доктринасын жүзеге асыруға кірісті. Ол өзіне 3 маңызды буынды біріктірді: индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени революция.

Маңызды приоритет болып индустрияландыру болып жарияланды. Қазақстандағы индустрияландырудың негізгі принциптері мен әдістері негізінен бұрынғыдай бүкіл ел үшін бірдей болды. Бірақ басынан бастап Қазақстанның шикізаттық дамуының бағыты анықталды. Негізгі міндеті Қазақстанның табиғи ресурстарын геологиялық зерттеу, теміржолдардың құрылысы, ауыр индустрияның дамуы, ең бастысы оны өндіретін тармақтары: жанармай, көмір, мұнай, қара және түсті металлургия. Пайдалы қазбалардың жеке базаларында соғыс жылдарына дейінгі бесжылдық алдында заманға сай ірі мекемелер: Шымкент қорғасын, Ащысай полиметалл, Балхаш мыс балқыту, Ақтөбе химия комбинаты, Кенді Алтайдың түсті металл заводы, Қарағандының көмір шахталары, электр станциялар, тамақ өнеркәсібі салынды. Қазақстан түсті металл өндіру бойынша елде екінші орынға, мұнай өндірісі бойынша үшінші орынға шықты. Индустрияландырумен қатар жоғары мамандандырылған инженер-техник жұмысшыларының кадрын дайындау үрдісі жүрді. Егер 1926 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылардың саны 10,7%, 1939 жылы олардың саны 33,8% болды.

Сонымен қатар индустрияландырудың жағымсыз жақтары да болды. Ол үлкен қаржыны қажет етті, ол қаражат ауыл шаруашылығы мен ішкі заемнен алу жолымен алынды. Жоспарды сапалы көрсеткіштерге зиян көрсете отырып қандайда жолмен орындау елдің қаржы жағдайына қарсы бағытталды. Өндірістің алдыңғы еңбек озаттары, жарыс, тәртіпті қатаңдатуға күрес тек кейбір қиындықтарды жеңуге мүмкіндік берді, бірақ жалпы толқуды тоқтата алмады.

Социализмді құрудың доктринасының екінші буыны ұжымдастыру болды. Ол қазақ ауылдары мен қыстақтарды біріктіруге күрес түрінде күштеу жолымен дамыды. Қазақстан ұжымдастыруы 1932 жылдың күзінде аяқтауға міндетті аймаққа жатты. Бірақ ол тұрғылықты тұрғындардың өмірінің ерекшеліктерін есепке алмай жүргізілді, ұжымдастыруды өткізу мерзімі бұзылды, колхозшыларды жаппай маршпен құруды бастады. Егер 1928 жылы Қазақстанда қазақтардың барлығынан 2% ұжымдастырылса, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті. Күштеу шаралары заңсыз тұтқындауға ұласты, сайлау құқығынан айырды, көбісі ату жазасына кесілді. Тек 1931 жылдың өзінде Қазақстанның ОГПУ органдарымен 21 мыңнан аса адам тұтқындалды, 657 ірі байлар елден шығарылды, 1067 бай шаруашылығы жер аударылды, 145 мың мал басы тәркіленді. Мал шаруашылығының көшпелілерін күштеп көшіру болды.

Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мен көшіру өте қорқынышты жағдайда болды. Ауыл шаруашылығында шаруаларды жерден айырғаннан кейін егін түсімі күрт төмендеді. Дәстүрлі құрылымның бұзылуы мал шаруашылығы үшін апатқа айналды. Ұжымдастыру алдында Қазақстанда мал басының саны 40,5 млн болса, 1931 жылғы 1 қаңтар қарсаңында тек 4,5 млн бас қалды.

1931-1933 жылдар аралығындағы аштық кезеңінде 2 млн қазақ және 200-250 мың басқа ұлт өкілдері өлді. Аштықтан және қуғын сүргіннен 1 млн адам Қазақстаннан қашып кетті. Мемлекеттің күштеу саясаты шаруалардың наразылығын тудырды. 1929-1931 жылдарда 400-ден аса қарулы көтерілістер болды, оған 800 мыңға жуық адам қатысты. Ірі ошақтар ең қатыгез жолмен реттеуші әскермен басып – жаншылып отырды. Көтеріліске қатысқаны үшін ОГПУ органдарымен 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды.

Осылайша Кеңес үкіметі уәде берген молшылықтың орнына ел аймақтың үлкен аштық пен көптеген репрессияларға ұшырады.

30 жылдардың ортасында кеңестік ұлттық – мемлекеттік құрылысының үрдісі аяқталды және 1936 жылы желтоқсанда СССР Конституциясы бойынша Қазақ АССР құрама республикасына ауыстырылды. Республиканың формальді статусы СССР құрамында өзгертілді, бірақ суверенизация жоспары бойынша бұрынғыдай құқықсыз және орталық өкіметке бағынды.

54. Қазақстандағы индустрияландыру

Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс болды. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды.

1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары , оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырған болатын.

Қазақстанда индустрияландыру жайында қызу пікірталас болды. Олар мынандай бағыттарға қарастырылды:

Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады.

Екінші бағыт — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.

Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі.

Төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.

Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А.Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз”,— деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді.

С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С.Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет.”, — деп көрсетті.

Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.

Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды.

Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және 1928 ж. желтоқсанда БК(б)П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы мәселе талқыланды. 1929 ж. 3 мамырда КСРО ХКК Түрксіб құрылыс басқармасының есебін тыңдады. Кеңес үкіметі құрылыстың оңтүстік және солтүстік бөліктерін 1930 ж. аяқтап, 1932 ж. пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды. Соның нәтижесінде патша заманында тәулігіне орта есеппен 150 метр ғана салынатын Жетісу темір жолын салу Кеңес заманында 1500 метрге дейін жетті. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және т.б. өзендерден өтетін көпірлер де жылдам салынды. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни үш жылда салынып бітті. Құрылыстың бірінші кезеңінде солтүстікте 155 км, келесі кезеңінде — 185 км, ал 1929 ж. — 432 км ұзындыққа темір жол төселді. Бұл жұмыс жылдамдығы күніне орта есеппен 2,5 км деген сөз еді. 1927—1929 жылдары оңтүстіктен ұзындығы 506 км жол жасалды. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29 жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай — 1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы 1928 жылғы 2902 мың тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге, тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері — 2 есеге артты.

Қазақстан металлургиясы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты. Мәселен, Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9, ал Балқаш зауыты елімізде балқытылған мыстың 51, Қарағанды бассейні көмірдің 90 пайызын берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұрды. 1930 жылдың басында республикадағы екпінділер саны 10 мыңнан асты. Әсіресе Т. Күзембаев, Ә.Мұрынбаев, М.Сағымбеков, С.Өтебаев, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова, А. Сафин және тағы басқа қазақ еңбеккерлері еңбек даңқына бөленді.

55. Қазақстандағы индустриялизация жайлы пікірлер

Алғашқы екі көзқарас өміршен болмағандықтан соңғы екеуінің арасында күрес өрістей түсті. Үшінші ұстаным жақтастарының бірі К. Сарымолдаев «Қазақстан алдында да, бүкіл Одақ алдында тұрған міндеттер тұр, сондықтан ортақ міндеггерден оқшауланатындай Қазақстанның сондайлық «артықшылығы» жоқдеп есептеді. Айта кету керек, К. Сарымолдаев өлкелік партия комитеті басшылығының, оның бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің жаңсақ ұстанымы шеңберінен шыға алмады. Ф.И. Голощекин: «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын емес, бастысы - жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту», - деп мәлімдеді.

Ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды дамытудың, содан келіп, КСРО-ны индустрияландыру жағдайында республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт-бағдарын қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің және автономия үкіметінің атынан Ф.И. Голощекин, О. Исаев, К. Сарымолдаев т.б. насихаттады және мұны жүзеге асыруға әрекеттенді.

Көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың және басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар екендігіне, сондай-ақ жергілікті мекендерде республиканың аграрлық жағдайына сәйкес жұмыс күштерінің жетіп-артылатынына қарамастан, Ф.И. Голощекин: «Біздің даму сипатымыз бойынша және КСРО-ның жалпы міндеттеріне сәйкес, жергілікті ерекшеліктеріміз бен міндеттерімізге орай Қазақ АКСР-і ортақ бесжылдыққа одақтық онеркәсіптің мал және егін шаруашылығы өнімдерін дайындайтын шикізат базасыретінде кіруі керек», — деп сендірді.

Осы ұстанымға сүйене отырып, Ф.И. Голощекин: «КазАКСР-і көлеміндеті индустрияландыру дегеніміз — ауыл шаруашылығының бұдан мәдениеттірек түрлеріне, оның тауарлылығын арттыруға, ел ішінде тұтынуға және одақтық өнеркәсіпті қамтамасыз етуге арналған өнім көлемін ұлғайтуға қаржы құю. «Осы кәсіпорындар үшін біз қаржы және күш-қуат» таба аламыз», — деген тұжырым жасады.

Ірі саяси қайраткер, Қазақстан өнеркәсібін экономикалық мақсатты сара бағытпен дамыту пікірін қолдайтын басты тұлғаның бірі - С. Сәдуақасов VI партконференцияда республика индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары туралы пікірдегі Ф.И. Голощекинге қарсы шықты. Ол: «Өнеркәсіп мәселесі — қазақ кедейінің тағдыры, қазақстандық кедей тағдыры ауылмен ғана емес, қаламен де байланысты, өйткені XII съездің өзінде-ақ ұлттық шеткі аймақтарды тек шикізат аудандарына айналдыруды көздеген патшалық үкіметтің қарғыс атқан мұрасынан құтылуымыздың қажеттігі жайлы айтылды»,— деп дәлелді пікірлер айтты. С. Сәдуақасов: «Қай жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары, қай жерде жүн болса, сол жерде жүн жуу және шұға фабрикалары салынсын», — деп республика өнеркәсібін экономикалық сара жолмен дамытута шақырды.

Өз пікірін дәлелдеу үстінде С. Сәдуақасов Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту үшін бірқатар елеулі қиындықтарға қарамастан, барлық жағдайлар бар екендігін көрсетті, оның пікірінше, «шикізат қана емес, жұмыс қолдары мен отын да бар», «Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның миллиондаған кедейлері болса», сондай-ақ «Қазақстанның көпмиллиардты тас көмір және мұнай қоры бар», ал байланыс жолдарына келер болсақ, деп атап өтті ол, жаңа «теміржол құрылысы да — индустрияландыру мәселесінің бір бөлігі».

Осындай көзқарастары үшін С. Сәдуақасов Қазақстан Компартиясы мен республика үкіметінің тарапынан ғана емес, бүкілодақтық деңгейде де сыңаржақ, әділетсіз сынға ұшырады. Оның көзқарастары бұрмаланып, Қазақстанда тұйық шаруашылық құруға, республиканы КСРО-дан бөліп әкетуге ұмтылушылық ретінде бағаланды, ал өзі «ұлтшыл-уклонист» деп жарияланды.

56. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. Төтенше жағдай.

Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.

Ф. И. Голощекин орнынан алынды. Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.

Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.

Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын — бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік. Ал 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.

Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.

Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді.

Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді.Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.

57. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары

Ауыл шаруашылығын коллективтендіру , ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.

Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.

Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді.

Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.

58. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасіреті

Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).

59. 1931-1933 жж. аштық.. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.

1931—1933 жылдардағы ашаршылық

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты.



Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді: «Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы 30 жылдардың басынан басталады. Т.Омарбековтың монографиясында ХХ ғасырдың 20–90 жылдарында Қазақстандағы 1920–1930 жылдары орын алған әлеуметтік—экономикалық үрдістердің негізігі мәселелері бойынша: «кіші Қазан» саясаты, байлардың мүліктерін кәмпескелеу, көшпелі халықты отырықшыландыру және ұжымдастыру, 1931–1933 жылдардағы аштық туралы жарық көрген әдебиеттердің бірқатар кешеніне кеңінен тарихнамалық шолу жасалынған. . Сонымен қатар 30 жылдардағы Орталық Қазақстан өңіріндегі Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістері туралы мұрағат деректерімен толықтырылған біршама толыққанды деректер берілген. 2002 жылы жарық көрген Т.Алланиязовтың еңбегінде Қазақстандағы 1929–1932 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихы бойынша әдебиеттердің методологиялық және деректанулық негіздерімен қатар шаруалар көтерілістері тарихын зерттеу үрдісіне кеңейтілген сипаттама берілген. Отандық тарихнамада 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 1930 жылдардан 1980—жылдар аралығында тыйым салынған тақырып болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесінің түрлі аспектілерін қарастырғанда отандық тарихшылар осы қауіпті тақырыпты айналып өтуге тырысты. Тек 90 жылдардың басында ғана Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихын обьективті зерттеу мүмкіндігі туды. Академик М.Қ.Қозыбаев Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі, қазақ шаруаларының қарулы көтерілістерінің тарихын тарихшылар экономист, заңгер, тіл білімі мен әлеуметтанушы мамандармен бірлесе отырып кешенді түрде зерттеу қажеттігін баса атап өткен болатын. 1980 жылдардың соңындағы қоғамдық өмірді либералдандыру жағдайында қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылық арта түсті. Қазақстандағы ұжымдастыру мәселелері бойынша концептуалдық жағынан алғанда барынша жаңа болып Ж.Абылхожин, М.Қозыбаев пен М.Тәтімовтардың мақаласы табылды. Мақалада 1928–1929 және 1929–1930 жылдарда үш округ бойынша (Ақмола, Петропавл және Семей) осындай дайындау науқандарымен қатар жүрген қуғын—сүргін саясатының көлемін сипаттайтын статистикалық материал берілген. Қазақстандағы ұжымдастырудың сипаты, мазмұны және зардаптары туралы ғылыми білім 1992 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Комиссиясының Қорытындысының жарық көруімен біршама кеңейді. 1992 жылы жарық көрген «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» деген кішігірім жинақтамада «Шаруалар толқулары» деген арнайы бөлім бөліп қарастырылды. Бұл бөлімнің құндылығы сонда, 1989 және Ғылыми айналымға 1929–1931 жылдардағы Қазақстанның бірқатар аудандарында болған қарулы көтерілістердің мақсаттары мен қозғаушы күштері, сипаты туралы құнды фактілік материалдар 1929–1932 жылдардағы Қазақстандағы шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихын зерттеудің ағымдық нәтижелері автормен арнайы зерттеуде жалпыланды, онда хронологиялық бірізділікпен он бірдей барынша ірі қарулы көтерілістердің себептері, сипаты мен мазмұны берілді. Олар: Тақтайкөпір, Бостандық, Батпаққара (1929 ж.), Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Өскемен және Зырян, Шұбартау, Балқаш, Шоқпар (1930 ж.) және Адай (1931 ж.) көтерілістері. Нан және ет дайындаудың сталиндік бағытының салдары мен мәнін талдау, ірі байлардың мүлкін кәмпескелеу саясаты мен оның нәтижелері, қозғаушы күштері, күштеп ұжымдастыруға қарсылық көрсетудің сипаты мен формалары, отырықшылыққа күштеп көшіру, қаақ шаруаларының тағдыры, күштеп ұжымдастырудың демографиялық салдары—міне, негізгі сұрақтардың осындай шеңбері Т.Омарбековпен нақты қойылды және обьективті тұрғыда қарастырылды.

60. Жер – су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).

Оның міндеттері :

1) Еңбек артельдерін құру.

2) Кедейлерге жер беру.

3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

61. Саяси қуғын сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.

Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.

1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы,1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.

Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді.

Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші ретфеодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.

30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:

• саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;

• әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;

• ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».

Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.

Қазақстан мен Орта Азиядағы сталиндік лагерьлер

1. Ақтөбе лагерь пункті. Ондағылар құрылыс жұмысымен айналысқан, химия зауытын салған.

2. АЛЖИР - Ақмоладағы Отанын сатқандардың әйелдерінің лагері. Астана қаласына жақын жергеорналасқан.

3.Алматы лагерь пункті. Құрылыс жұмысын жүргізген.

4. Жамбыл лагерь пункті. Гипс және цемент өндірген.

5. ЖезқазғанЛАГ. Марганец және жез кенін өндірген, құрылыс жұмысын жүргізген. Тау-кен комбинатын салған.

6. Ырғыз лагерь пункті. Орналасқан жері белгісіз.

7. Қазалы лагерь пункті. Ондағылар кірпіш зауытында жұмыс істеген.

8. ҚамысЛАГ арнаулы лагері.

9. КАРЛАГ лагерь басқармасы Долинка елді мекенінде орналасқан. Көмір, түсті металл қазып, ауыл шаруа¬шылығымен айналысқан. 1932 жылы ашылған.

10. КеңгірЛАГ. Мұнда 1954 жылы бас көтеру болған.

11. Қызылорда лагерь пункті.

12. Көкшетау лагерь пункті.

13. Қорғантөбе лагерь пункті.

14. Қостанай лагерь пункті.

15.Петропавловск лагерь пункті.

16.Семей лагерь пункті.

17. СтепЛАГ арнаулы лагері. Тау-кен комбинатында жұмыс істеген. Басқармасы Жезқазған қаласында орналасқан.

18.Түркістан лагерь пункті.

19.Орал лагерь пункті.

20. Өскемен лагерь пункті. Қорғасын шахтасында жұмыс істеп, полиметалл кенін өндірген. Тау-кен комбинатын салған.

21. Шымкент лагерь пункті. Химия және цемент зауыттарында жұмыс істеген.

22. Екібастұз лагерь пункті. Құрылыс жұмысын жүргізген. Химия және цемент зауыттарында жұмыс істеген.

ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыптаушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.

Қарамағында 53 лагерь болды. 1930 жылы Кеңестік жүйедегі осы еңбекпен түзеу жүйелерінің пайда болуындағы тарихымыздың ақпандақ беттерінің ең ауыр кезеңіСталиндік дәуірмен тыгыз байланысты. Болашақ ГУЛАГ-тың алғашқы ошақтары КСРО территориясында 1930 жылы тікелей Сталиннің бұйрығымен пайда болып, көп ұзамай бұл лагерьлер алып азап империясына айналды. 1921-53 ж.ВЧК(БТК), ОГПУ, НКВД (ІІХК), МВД (ІІМ) органдары соттаған 4,1 миллион адам сонда қамалды. Олардың 800 мыңдайы атылды, 2,6 млн-нан артығы түрмелер мен лагерлерге қамалып, 400 мыңдайы жер аударылды. 1930-53 жылы КСРО еңбекпен түзеу лагерлерінде болған 6,5 млн адамның 1,3 млн-ы саяси тұтқындар деп есептелген. Тағы бір, 1938 жылы 1 сәуіріндегі, деректе осындай зұлмат қамытын киген 2 млн адамның көбі дерлік не саяси, не қылмыстық айыпкер емес, қарапайым еңбек адамдары, отбасы мүшелері, үй шаруасындағы әйел адамдар, бала-шағалар, 1937— 38 жылдардағы «Үлкен террордың» құрбандары еді. Олардың көбі дерлік, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардықтан, «халық жаулары» саналды. «Тәртіп бұзушылар» қатаң жазаланды. Құқықтары аяқ асты етілді. 1956 жылға дейін Гулаг лагерьлерінде жалпы саны 22 млн адам, оның ішінде - 830 мың орыс, 181 мың украин, 44 мың белорус, 25 мың татар, 24 мың өзбек, 20 мың еврей, 18 мың неміс, 17 мың қазақ, 16 мың поляк, 12 мың грузин, 17 мың армян, 9 мың түрікмен, 5 мың башқұрт, 4 мың тәжік, басқа да 100-ден астам кеңестік ұлт өкілдері осындай зұлматтан өтті. «Халық жаулары», тегін жұмыс күші ретінде, сол кездегі «үлкен» өндіріс пен халық шаруашылығының әртүрлі саласын «өркендетуге» жегілді. Тұтқындар, соноу Қиыр Шығыс, Сібірден бастап, барлық солтүстік өңірлерді қамтып, Қазақстанның да өндіріс орындарын игеруге пайдаланылды. КСРО-да мұндай жалпы саны 53 легерь болды. 1934-56 жылы барлығы бірдей жазалаушы органдардың ерекше қатаң бақылауында болды. Осындай Гулаг 20-дан астамы Қазақстан жерінде орналастырылды. Олар: 1. Шығыс Қазақстан облысы Ермаклагта - 14.05.1951 - 1.08. 1953 жылы Түркістан-Сібір темір жолы бойындағы Аврора станциясында қорғаныстық өнеркәсіп, теміржол төсеу, тиеп түсіру, бетон заводтары, құм карьері, электр жүйелері құрылыстарындағы жұмыстарда 3000 адам;

2. Павлодар. 28.05.1955- 03.09.1956 жылы комбайн (трактор) зауыты құрылысында 8700 адам; Майқайыңлаг-та (Баянауыл ауданы) 14.07.1947 - 29.04. 1953 жылыалтын өндіруде 1000 адамга дейін; Екібастұз пое, (Павлодар облысы) Дальный лагерьде (Особый лагерь №11 Особлаг №11. Дальлаг) 24.04 1952-08.04.1954 жылы көмір разрездерінде 3100 адам;

3. Ақмола, Көкшетау өңіріне қарасты Степняклагте 14.07.1947-29.04 1953 жылы Жолымбет-көмір руднигінде 1700 адам;

4. Атбасар ЕТЛ-де 10.02.1955-06.09.1956 жылы ҚазССР тың және тыңайған жерлердегі совхоздар мен астық қоймалардың құрылысында 2000 адам;

5. Ақтөбе облысы Кемпірсайлаг-те 250(1 адам, Ақтөбе ЕТЛ-де (Ақтөбелаг, Ақтөбекомбинат, Ақтөбеқұрылыс) - 15000;

6. Гурьев (Атырау қаласы) Астраханлаг-те 7900;

7. Прорвин ЕТЛ-де (Прорвлаг) - 10400;

8. Жезқазғанға қарасты Степной лагерьде (Особлаг №4. Степной ЕТЛ) - 29000; Жезқазған ЕТЛ-де - 13000;

9. Қарағандыға қарасты лагерлерде 138200 адам тұтқында әртүрлі жүмыстар істеді. Барлық лагерлерьдің аймақтық басқармасы Алматы қаласы орналастырылды.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында орналасқан ГУЛАГ жүйесінің лагері Степлаг (Далалық лагерь) деп аталды. Алғашқы тұтқындар легі 1940 жылдың көктемінде өздері салған Қарағанды – Балқаш теміржолы арқылы әкелінді. Бұл лагерде соғыс жылдары және соғыстан кейін тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін ерекше лагерлер құрылды. Қорғасын, Кеңгір бөлімшелері Далалық лагерьдің орталығына айналды. Лагерь тұтқындары ірі халықшаруашылық объектілері құрылысында ауыр дене еңбегін атқарды, жұмыс күнінің ұзақтығы 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру шаралары мүлдем болмады. Карлагтың 17 бөлімшесі тікен сым темірлермен қоршалып, биік мұнаралы күзет орнатылды.

Соғыс жылдары жаңа шахталар салу мен кен өндіруді ұлғайтуға көп көңіл бөлінді. Соғыстан кейін лагерь тұтқындары кен байыту фабрикасы, ЖЭС, Жезқазған қаласының жанында Кеңгір су қоймасының плотинасын салды. Түсті металлургия министрлігіне қарайтын Жезқазған мыс комбинатында қызмет етті. Тұтқындар еңбегі көмір шахталары мен марганец кен орындарын игеруде пайдаланылды. Лагердің өз меншігінде: тас карьерлер, кірпіш зауыты, құрылыстар және бірқатар өндірістік және ауылшаруашылық объектілері болды. Степлагтың Кеңгірдегі 3-бөлімшесінде 1954 ж. мамыр айында тұтқындар көтеріліс жасады. Басқа ерекше лагерьдегілер сияқты Далалық лагерьде Сталиннің өлімінен кейін өзгеріс болады деп күтілді. Алайда рақымшылық жайлы жарлық ерекше лагерьлер жүйесіне қатыссыз болды. 1954 жылы 25 мамырда 3-бөлімше адамдары – 4 мың жұмыскер жұмысқа шығудан бас тартты. Бүлік бір айға созылды, тұтқындар қарсылығы 26 маусымда лагерь зонасына әскер және танк енгізу арқылы әзер басылды.

1956 жылы Степлаг жойылды, бірақ оның тұтқындары еріксіз қоныстарда тұрып, милиция бөліміне уақтылы көрініп тұруға тиіс болды.

Елде жаппай террор өршіген кезде, Қарлагқа тек сотталғандар ғана емес, сонымен бірге жазаланғандардың отбасы мүшелері, тұтқын әйелдерді тиеген эшелондар да келе бастады. Олар кейін «АЛЖИР» лагеріне орналастырылды. АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников Родины). аталу себебі КСРО НКВД «ЧСИР» (отанын сатқандардың отбасы мүшесі) туралы шұғыл жарлықтың шығуымен байланысты. Ол 1938 жылдың басында (6 қаңтарда) Малиновка селосының аумағында (жергілікті атауы – Төңкеріс, Ақмоланың маңында) әйелдерге арналған лагерь Қарлагтың 26-бөлімшесі ретінде ашылды. 1939 жылдың 29 желтоқсанынан бастап ол ресми түрде Карлаг құрамындағы Еңбекпен түзеу лагері болып енді. Лагерь аумағындағы көлдің қамысы қыста барактарды жылыту үшін отын, жазда құрылыс материалы ретінде қолданылды.

Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын сөзсіз орындау. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді. Лагерь 30 мың гектар жерді иеленді. Оның 10 мыңнан аса гектарын егістік жерлер құрады. АЛЖИР егінді нарядтар бойынша жинап, сұрыпталған астықты Ақмолаға жөнелтіп отырды, сол жерде астықты Қарлаг шаруашылықтары мен ұжымшарларға бөліп-үлестірді, ал астық орнына мал азығын алды. Лагерьді ұстау үшін қажет азық-түліктің барлығын тұтқындардың өздері дайындады, дәнді дақылдарды, көкөністер өсіріп, нан пісірді. Тұтқын әйелдерді қарауылдар қыста отқа жағатын қамыс жинауға апаратын. Қамыс өңірдегі сансыз көп көлдердің жағалауларында өсетін.

Тұтқын әйелдерге мерзімін өтеудің алғашқы бір жарым жылында «ерекше лагерьлер бөлімшесі» болғандықтан хат алысуға, сәлемдеме алуға, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге қосымша шектеулер қойылды. Ұлы Отан соғысы жылдары АЛЖИР-де 8 мыңнан астам әйел қамауда отырды. Олардың ішінде маршал М.Н.Тухачевскийдің қарындасы, А.С.Енукидзенің қызы мен әйелі, Б.Майлин, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Т.Жүргенов, Н.Нұрмақов, С.Асфендияровтың әйелдері және көптеген басқа әйелдер болды. 1950 жылдардың басында лагерь жабылды.

Қазақстандағы сталиндік лагерлер тарихы – бұл адамдар тағдырының тәлкекке түсуі, жақындарынан айрылу, денсаулықты жоғалту, ақталмаған үміттер. Бұл ата-анасыз қалған жетім балалар елінің тарихы. Ол қаншама ашылмаған жаңалықтар мен жазылмаған кітаптар тарихы. Қарлаг тұтқындары өздері туралы естелік етіп, кеңшарларға айналған бай шаруашылықтарды, қалаларды қалдырды. 1956 жылы КОКП-ның ХХ съезінде сталиндік жеке басқа табынушылық әшкереленіп айыпталғаннан кейін жазықсыз адамдарды қудалау саясаты тоқтатылды.

62 Ұлы Отан соғысының басталуы. Гитлерлік Германияның жоспарындағы Қазақстан.

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.

Соғыстың басталуы.

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).

Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.

Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:

1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;

2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.

Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.

Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.

Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.

Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.

Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.

Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.

1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.

1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.

Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:

Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.

1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:

Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.

Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.

Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз – келіншек қатысты.

1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.

Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.

Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.

3. Майдандағы қазақстандықтар.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден,тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.

Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).

Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.

Москва шайқасының тарихи маңызы:

- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді,

- Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді,

- Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды.

-

Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).



Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.

Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.

Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:

1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.

2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.

3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.

4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.

Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.

1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.

Ленинград шайқасының тарихы маңызы

- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды,

- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.

Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).

1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.

1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)

1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.

Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.

Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.

Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.

Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.

116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.

Сталинград шайқасының жарығы маңызы.

Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды.

-Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты.

-Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.

-Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті.

-Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.

4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді.

Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.

1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.

1945 жылғы сәуірдің 16-ында Берлин операциясы басталды. Оған 3,5 млн.-ға жуық адам, 52 мың зеңбірек пен миномет, 7750 танкпен өздігінен жүретін зенбірек, 10800 ұрыс ұшағы қатысты. Балтық теңізінен Судет тауларына дейінгі 700 км-лік өңірде ұрыс қимылдары жүргізілді. Батыл қимылдар жасап, Кеңес әскерлері мамырдың 2-інде Германияның астанасы Берлинді толық бақылауына алды. Берлин операциясы барысында Кеңес жауынгерлері ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті.

Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.

Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.

-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.

-1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.

-1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.

1945 жылғы 9 тамыз-одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянияға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады.

Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.

Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.

1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:

1.Барлығы-11600 адам;

2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97;

3.Қазақ қыздары-2.

Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.

Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.

Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталғанқазақстандықтар-96638.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

Тарихи маңызы. 1) Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. 2) Кеңес халқы өз Отанының бастандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды. 3) Кеңес халқы өзінің ерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.

63 Ұлы Отан соғысыны басталуы. Республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру



1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ: Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды. Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий -Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Соғыс жылдыры салынған құрылыстар: Мақат — Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы — Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б. Соғыс кезеңінде ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-дың орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты. 1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды. Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықшылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті. Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды. -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды. 1945 жылғы 9 тамыз — одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады. Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды. Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды. 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы — 11600 адам; 2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97; 3.Қазақ қыздары — 2. Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі. Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар. Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды.

64 Әскери-экономиканы құру. Өдіріс пен тұрғындарды Қазақстанға эвакуациялау



1941 жылы Кеңес үкіметі неміс әскерлерінің соғыс ашу мүмкіндігін сезсе-де 22 маусымда соғыс басталған сәтте не істерін білмей қалды. Неміс әскерлері соғыстың бірінші күні КСРО территориясына 60 километр еніп, соғыстың басында екпінділігін арттырып отырды. Көптеген КСРО жерлері және экономикалық аудандары немістердің қолында қалып қойды. Тек 24 маусым күні ғана КСРО халық комиссарлары кеңесінің жанынан Н. М. Шверник басқарған «Эвакуация жөніндегі кеңес» құрылды. Бұл мекеме фашистердің басып алуы қаупі туған жерлерден өнеркәсіп орындарын, мекемелерді және тұрғындарды шығысқа қарай көшіру мәселесімен айналысты. Шындығын айту керек бұл мекеменің ұйымдастыруымен және КСРО-ның сол кездегі қатаң тәртібімен қыруар жұмыс атқарылды. 1941 жылдың шілде-қараша айларының өзінде 1523 өндіріс орны және 12 миллион адам шығысқа қарай эвакуацияланды. [1,504 бет] Өндіріс орындарының және адамдардың басым көп бөлігі Уралға, Сібірге қарай, ал 1941 жылы бір бөлігі Волга бойына көшірілді. Волга бойына көшірілгендер келесі 1942 жылы немістер өз шабуылдарын осы бағытта жүргізгенде қайтадан эвакуациялануға мәжбүр болды. Қазақстанға 1941–1942 жылдары 300-ден астам завод көшірілді, олардың 142-сі ірі өндіріс орындары болды. Бұл заводтардың көбісі кейін Қазақстан жеріндегі ірі өндіріс орындарының негізін қалады. 1941–1942 жылдары Кеңес армиясы шегініп жатқанда Қазақстанға 532,5 мың адам КСРО-ның батыс аймақтарынан көшіріліп әкелінді. Бұған қоса көшіп келген заводтар мен фабрикалардың 50 мың маман-жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметкерлері келді. Бұлардан бөлек Қазақстанға 970 мың адам күштеп көшірілгенін ескерсек, соғыстың алғашқы жылдары Қазақстандағы демографиялық жағдайдың қиын болғанын көруге болады. Ұлы Отан соғысына дейінгі жүргізілген соңғы 1939 жылғы санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда 6 151 102 адам тұрған. Олардың 120 395 адамы Ұлы Отан соғысына дейін күштеп қоныс аударылғандар болды. Бұл кезде Қызылорда облысында 328 067 тұрғын болса олардың 94 593 қала және 233 474 ауыл тұрғыны болған [2,61 бет]. Облыс халқының 18,2 пайызы қалалық жерлерде, 81,8 пайызы ауылдық жерлерде орналасты. Соғыс басталған күннен бастап КСРО-ның батыс бөлігінен көшіп келушілерді қабылдауға қатысты дайындық жұмыстары Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай Қызылорда облысындада қарқын алды. 1941 жылдың 8 шілдесінде Қызылорда облысында қарамағына 1300 адам сиятын 10 жатақхана берілген эвакуациялық пункт құрылды. Эвакуациялық пункт ұжымына келгендерді қабылдап, санитарлық тазалаудан өткізіп, жұмысқа тұрғанша жатақханамен қамтамасыз ету жұмысы тапсырылды. 1941 жылдың 23 шілдесінде эвакуацияланғандар туралы мәлімет беретін анықтама бюросы ашылды және эвакуацияланғандардың көп болуына байланысты облыстағы эвакуацияланғандарды тіркеп, орналастырып жұмысқа тұрғызу жұмысымен айналысатын облыстық кеңестің атқару комитеті жанынан эвакуацияланған халықты қабылдау бөлім құрылды [3, 186-187п.]. Эвакуациаланғандардың көбісі жолға көп жағдайда дайындықсыз шыққандықтан олардың ішінде Қызылорда облысына келгенде аштыққа душар болғандар көп болды. Солар үшін бір мезетте 600 адам тамақтанатын асханалар ашылды. Бұл жерде эвакуациаланғандар жұмысқа орналасып қоныстарын ауыстырғанша тамақтанып тұрды. 1941 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанға эвакуацияланғандар келе бастады. 1941 жылғы 5 тамыздағы эвакуациялық бөлімнің мәліметі бойынша облысқа 1273 адам келген [4, 12 б.]. Олардың 664-і ер азамат, 609 әйел, (357 балалар болды) 904 еңбекке жарамды, 12 адам еңбекке жарамсыз болды. Бірінші толқынмен келгендердің 1026-сы Қызылорда қаласында қалдырылып, 247-сі Аралға, «Арал су көлігі» мекемесіне жіберілді. Бұл адамдардың 704-і келген бойда бірінші кезекте өз мамандықтары бойынша, жұмыс болмаған жағдайда, бар мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырылды. Облыс орталығында орналастырылғандарға 4530 шаршы метрді құрайтын пәтерлер мен жатақханалардан орын берілді, адам басына шаққанда 4,4 шаршы метрден келді. Бұл әрине олардың көшіп келген үйлеріне қарағанда аз еді, алайда алғашқы қарқынмен келгендер кейінгілерге қарағанда әлдеқайда жақсы орналасты деуге болады.

65. 65 Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау

Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. 1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:

-этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»).

-әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.

-саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.

Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.

Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.

Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.

1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.

70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.

КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды.

Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды.

66. Кеңес Одағының Батыры — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары– ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер (қ. Кеңес Одағының Батыры). Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков 1938 жылы Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939 – 40 жылдары қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.

1941 – 45 жылдары Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып,

Украина үшін шайқаста 200-ге жуық,

РКСФР үшін – 70,

Белоруссияда – 50-ден астам,

Латвияда – 8,

Молдовада – 7,

Литвада – 6,

Эстонияда – 1,

Польшада – 47,

Венгрияда – 22,

Чехословакияда – 7,

Румынияда – 5,

Австрияда – 3,

Югославияда – 2,

Германияда – 63

және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды.

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған). Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. Қ. К. О. Б.

67 ,68,69 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет