95. Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы (2010 ж.). Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады
Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды
ЕҚЫҰ-ның тарихында алғаш рет басқару посткеңестік республикаға өтті. Қазақстан Азия мұсылман және түркітілдес әлем елдері тарихында бірінші болып, ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында алғаш рет еуразиялық кеңістіктегі ең беделді ұйымдардың бірі ретінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.
1999 жылы Ыстамбұлда өткен жоғары деңгейдегі кездесуден кейінгі 11 жылдық үзілістен кейін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында ХХІ ғасырда тұңғыш рет 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшыларын қабылдады.
Саммитке 56 елдің мемлекет және үкімет басшылары, саяси қайраткерлері, 600-ге жуық халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. 1500 журналист форум жұмысын жария етті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің алғы сөзінде «біздің халықтарымыздың қауіпсіз болашағы үшін бірге әрекет етуді жалғастыруға саналы ойдың салтанат құру» маңыздылығын атап өтіп, сонымен қатар Қазақстан алдында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымын дағдарыстан алып шығу міндеті тұрғанын жеткізді