1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым - Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатындағы басты мәселелер (25 10.2014 жыл)



бет52/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
97. Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым - Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатындағы басты мәселелер (25 10.2014 жыл).
Ұлытау – халқымыздың ерекше қастерлейтін мекені, ұлтымыздың ежелгі ұясы. Елімізді бірлікке, ынтымаққа ұйыстырудағы Ұлытау ұлағатының алар орны зор. Терең тамырлы тарихымыз осы қасиетті өңірмен өзектес. Ұлытаудың терең тарихы мен тағылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та талай мәрте кеңінен тоқталғаны белгілі.

«Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады…


Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа».


Нұрсұлтан Назарбаев

Иә, тарихи тамыры тереңге кететін қазақ халқының көне ордасы Ұлытау жайлы тебіренбей сөз қозғау мүмкін емес. Қазақ мемлекеттігінің алғашқы қалыптасу кезеңі де осы өңірмен тығыз ұштасып жатыр. Барлық қазақ хандарының түпкі аталарының бірі Жошы хан да ұлысын осы аймақта құрғаны белгілі. Тарихшылардың айтуынша, Ақ Орданың орталығы да Ұлытауда болған көрінеді. Соның көрінісіндей, Кеңгір өзенінің жағасында осыдан 8 ғасыр бұрын бой көтеріп, барлық кескін-келбетін сақтаған Жошыхан кесенесі асқақтайды. Жанында көне орталық Ордабазар қаласының орны жатыр. Керей мен Жәнібектің Жошыдан тарайтын Орыс ханның ұрпақтары екенін еске алар бол­сақ, Қазақ хандығының қаз тұрып, қалыптасуын да Алтын орда мен Ақ орда заманынан жеке-дара алып қарау қисынсыз болар. Керей мен Жәнібектің талай жыл Дешті қыпшақты билеген Әбілқайыр ұлысынан жеке шығып, қайта орда құруы қазақ пен өзбектің айрылған кезеңі деп бағалайтын тарихшылар да бар. Қалай дегенмен, қазақ атаулы ел оған дейін де болғаны анық. «Ноғайлы» атанған заман да өткен. Сондықтан да мың жылдыққа бастайтын Ұлытау тарихы тым тереңде. Ең қуаныштысы, бүгінде қасиетті өңірдің өткенін саралап, шежіресін салмақтауға жаңаша бетбұрыстар жасалып жатыр.


Ұлытау – ұлтымыздың ұраны, бірлігіміздің – түп қазығы. Өйткені Алаштың ханы – Алашадан бастап, ең соңғы дала ханы Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының көбісі осында ұлықталып, ордасын осы өңірде тіккен. Баба таудың баурайынан елін ұйытар сөз айтып, осы арадан жауға аттанған. Бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы ұлан-ғайыр әскери күшке ие болған Әз Жәнібектің тоғыз ұлының бірі Қасым ханның 1510 жылы Ұлытауды қыс­тап шығып, Шайбаниға қатты соққы бергені тарихтан белгілі. Мәшһүр Жүсіп өзінің шежіре қолжазбасында: «Ол тақты Сарайшықтан көшіріп, Ұлытауға орнатыпты. Қазақты ел қатарына қосып кеткен осы – Қасым хан. Қазақтың ішінде «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз үлгі-өсиет болып қалды» деп жазғаны бар. Қазақтың ұлы ханы Абылай да ордасын Ұлытауда тіккен кезең болған. Қазақтың кең даласын ат тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыз айналшақтап Бабатау­ға ат басын қайта-қайта тіреп, елдік іске бел байлауы да тегін емес қой.


Жоңғар шапқыншылығы кезінде үш жүздің беткеұстар билері – Төле, Қаздауысты Қазыбек және Әйтеке билер қазақтың басын біріктіре отырып, осы өңірдегі Арғанаты баурайындағы Балбұлақтың басындағы келелі кеңесте ел тағдырын шешкені де айтылып жүр. Қазақтың Бөгенбай, Қабанбай бастаған батырлары мен үш жүзден құ­ралған жауынгерлері 1727 жы­лы Бұланты-Білеуті өзенде­рінің бойындағы Қарасиыр деген жер­де жоңғарларды күйрете жеңіп, халқымыздың болашағын сақтап қалғаны да тарихымыздың айшықты беттерінің біріне айналған. Халқымыздың бірлікке, елдікке пәтуаласқан қасиетті мекені бұл. Әз Тәукеден бастап қазақ хандарын ақ киізге салып ұлықтаған ұлағатты ордамыз да осы жер. Сол заманның куәсіндей «Хан ордасы» ескерткіші қасиетті өңірде қасқайып тұр.


Еліміз Тәуелсіздікке қолы жеткен соң ежелгі мекен, ескі жұрттың сыр-сипаты бұрынғыдан да айқын ашыла түсті. Толғамды тарихи шығармалар жазыла бастады. Қасиетті өңірді аңсап, іздеп келушілер көбейді. Әлі есімде, 1992 жылдың қоңыр күзінде Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайына қатысуға келген қандастарымыздың бір тобы арнайы Ұлытауға ат басын бұрып, бабалар ізі қалған жерді ағыл-тегіл сағынышпен құшып, құшақтарына ерекше тебіреніспен құшырлана басқан еді. Ел аза­маттары арасында қазақ хал­қының бірлігін айшықтайтын Ұлытауда бір белгі қою туралы орынды ой да сол жолы қозғалған болатын. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендейін, көп кешікпей-ақ ұлт ұясы Ұлытауға Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы ат басын бұруы айтулы тарихи оқиға болды.


Елбасының 1993 жылдың 15 қыркүйегіндегі Ұлытауға алғашқы сапары Тәуелсіздігіміздің үшінші жылына қадам басқан елең-алаң кезеңмен тұспа-тұс келген еді. Арнайы сапар барысында Нұрсұлтан Әбішұлы қасиетті өңірдің тарихи орындарын аралап көрді. Ел бірлігін сақтау туралы осы жолы тебірене әңгімеледі. «Біз Тәуелсіздігімізді жарияладық. Саяси тәуелсіздігіміз бар, ал енді аяғымыздан тік тұрып нағыз Тәуелсіз мемлекет болуға бірталай жағдай керек. Біраз жылдар керек. Көп жұмыстар істелуге тиіс» дей келіп Елбасы ең алдымен өз халқымыздың бірлік пен ынтымақта болуына айрықша тоқталған-тын.


Ұлытау – халқымыздың ел болып қалыптасуының, береке-бірлігінің алтын діңгегі. Елбасының екінші сапары да осыны айғақтағандай еді. Арада 21 жыл өткен соң 2014 жылғы тамыз айында Мемлекет басшысының Ұлытауға қайта ат басын бұруы да тегін емес қой. Жезқазғанда «ғасыр жолы» аталған Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржол магистральдарының тұсауын кесіп, одан Ұлытаудың төріне келіп сұхбат беруі тек аймақ тұрғындары үшін емес, жалпы қазақ халқы үшін айтулы оқиға болды. Әулие­тау баурайындағы Әулиебұлақ басындағы Елбасының тебірене айтқан әңгімесінің мазмұны терең, тағылымы зор болды. Ұлытау ұлағатына бүкіл ел назарын аударған осы тарихи толғаныс туралы әлі де талай толғамды ой өрбітсе артық емес.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлытау тө­ріндегі сұхбаты» ел назарын қатпар-қатпар тарихымыздың терең тұңғиығына аударды. Кеше ғана болған ел емеспіз, тамырымыз тереңде екенін сыпайылап отырып сырт елге де ұқтырды. «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек» деді Елбасы.


Ұлытау сұхбатынан кейін көп кешікпей-ақ, келесі жылында Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын атап өту туралы шешім жасалуы да осы тағылымды әңгіменің бір түйіні деп бағалаған жөн. Ал енді биылғы жылдың үлкен бір сілкінісі Ұлт Көшбасшысы Болашаққа бағдар етіп халқы­мыз­дың Рухани жаңғыру міндетін алға қойды. Халықтың санасына жалпыұлттық қасиет­ті орындар ұғымын сіңіру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жоба­сын әзірлеу қажеттігі алға тартылып, қасиетті жерлер желісі қатарында Ұлытаудың да өзіндік орны бар екендігі айрықша атап айтылды. Қазір бұл жоба бойынша біршама жұмыстар атқарылу үстінде. «Рухани жаң­­ғыру» бағдарламасы аясында визит-орталығы мен этноауыл салу жоспарға енді.


Киелі жерлер картасына енгі­зілетін тарихи ескерткіштер қатары да анықталды.


Тарих тұңғиығынан тартылған терең тамырлар біздің ойымызды тағы да үш жүздің басын қосқан ұлы орданың тәлім-тағылымына бастағандай. Ордабасы – халқымыздың ежелгі астанасы болса, Ұлытау саяси астанасы болған. Ұлытау төріндегі сұхбатында: «Керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды әлемге таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері Ұлытау» дей келіп Ұлт Көшбасшысы: «Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ, ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол. Мәңгілік Елдің жолы!» деп түйген еді ойын. Иә, солай! Мәңгілік Елді бетке алған Нұрлы жолда ұлт ұясы Ұлытау ұлағаты халқымызды әлі талай ұлы істерге ұйыстыра беретіндігі ақиқат.




98. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы: басымдықтары мен маңызды кешенді міндеттерін айқындаңыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының таныстырылғанына көп бола қойған жоқ. Құжатта экономиканы құрылымдық жаңартудың негізгі бағыттары дәл, әрі жан-жақты көрініс тапқан. Сонымен бірге, озық елдердің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстандағы білім саласын дамыту, руханиятты жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, әлемді алаңдатып отырған діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне басымдық берілген. Осыған орай, құзырлы орындар тарапынан құжаттың негізгі тетіктерін жұртшылыққа таныстыру, түіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Халық қалаулылары бастамашылық танытқан мұндай іргелі істер сот құрылымдарында да жалғасын тауып жатыр. Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында да Елбасы жолдауын насихаттауға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әртүрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек» деген Елбасы өз жолдауында үшінші жаңғыруға негіз болатын бес жолды атап өтті.


Мұндағы бірінші басымдық экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын көздейді. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді перспективалы салаларды дамытуды тапсырған Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» деген атпен жеке бағдарлама әзірлеуді міндеттеді. Осыған орай заңнамаларды да жаңа жағдайға бейімдеу қажеттілігі атап өтілді. Жолдаудағы екінші басымдық бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуді мақсат етеді. Ал, шағын және орта кәсіпкерлікке кедергі келтірмеу, кәсібін өркендетуге кесірін тигізетін кедергілерді жою осы сала өкілдеріне ғана тиесілі мәселе болмауы керек. Олардың қауіпсіз ортада, еркін жұмыс істеуіне заңнамалық тұрғыдан да, мемлекет тарапынан да қамқорлық қажет. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылықты қалыптастыруды көздесе, жолдаудағы төртінші басымдық адами капиталдың сапасын жақсартуға негіз қалайды. Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты жасалып отыр. Жоғарыда көрсетілген бесбасымдықтыңда көрсетілген межеде сапалы орындалуына еліміздің әрбір азаматы мүдделі. Біз осыған дейінгі екі жаңғыру кезінде де діттеген жерден табылдық. Мұның барлығы елдің Елбасына сенгенінің, жолдауда берілген тапсырмаларды көп болып атқаруының жемісі деп бағалағанымыз дұрыс. «Көп ізденген көмбе үстінен шығады» дейді дана халқымыз. Сол айтпақшы, бүгінгі ізденісіміз ертеңгі ірі істерге негіз боларына сенеміз.




99. «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң. Жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін шаралар барысы. 2019 жыл «Жастар жылы»: маңызын баяндаңыз.

Жастар саясаты


Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген.


Мемлекеттік жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделген.
2019 жылғы оқу маусымы «Болашаққа жол әрқайсымыздан басталады» тақырыбында жоспарланды. Іс жүзінде пікір-таласқа, интерактивті сұхбаттарға айналып кететін дәрістер «Индустрия 4.0» немесе төртінші өнеркәсіптік революция, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы өзекті мәселелерге байланысты өрбитін болады.

Біздегі оқытылатын семинар-тренингтердің ерекшелігіне тоқталатын болсам, бұл – мемлекеттің бағдарламалық құжаттарының негізгі ережелерін оқып үйрену деген сөз емес. Елбасының Жолдауы немесе оның мақаласы болсын, олардың әрбір тезисінде теориялық-әдістемелік негізі болады. Біз тыңдаушылар аудиториясын талдау жасауға дайындаймыз, әрі қарай олар семинар қорытындысы бойынша өздерінің жобалық жұмыстары арқылы ұсынатын болады. Осылайша, студенттер мен оқушыларда тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне деген ортақтастық сезімі туындайды.


Семинарлар арқылы өскелең ұрпақ санасына Елбасы айтып жүрген діліміздегі ерекшеліктер мен ұлттық сәйкестікті жеткізіп, бойларына сіңіруге күш саламыз. Жастар, жаңа буын еліміздің ілгерілемелі жүйелік даму үдерісінде екенін, ал кездесетін қиындықтар – өсу жолындағы кедергілер екенін көрсететін дәлелді дәйектемелер алады. Екі күндік дәрістен кейін жастардың қазіргі Қазақстанды бағалап, оның болашағын көріп, осы елдің азаматы, тұлғасы ретінде өз орындарын тапқанда, біз керемет күш-қуат алып, алдағы жұмысымызға ерекше шабытпен кірісеміз. Бұл бізді қанаттандырады. Сондай-ақ, әрбір семинарда олар еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесу мүмкіндігіне ие болады. Жастарды, әсіресе «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздары қызықтырады.


20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар өздерінің өмір жолдары туралы әңгімелеп, тәжірибе алмасып, кеңестерін береді. Олардың арасында – жас ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялардың өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, журналистер және тағы басқалар. Осылайша, Елбасы кітапханасының қызметкерлері Мемлекет басшысының идеялары мен бастамаларын ілгерілету бойынша маңызды ақпараттық жұмыс пен қазақстандық жастар ортасында тұлғаны дамытуды жүргізеді.


Бұл жастардың бойында шешендік өнер, ұйымдастырушылық қабілетті дамытып, коммуникативтік құзыреттерді қалыптастыратын өзінше бір сұхбат алаңы десе болады. Әрі жас, әрі өршіл, әрі талапты қатысушылар Тұңғыш Президент кітапханасының ауыспалы кубогы үшін интеллектуалды жарыстар ұйымдастырады. Кездесулер қыста, көктемде және күзде өткізіледі. Дәл қазіргі уақытта олар жаңа жылдағы алғашқы турнирге дайындалуда.


2017 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтың бастамасымен» ауқымды жоба - Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасын іске асыруды бастады. Жоба аясында Алматы қаласы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында Мемлекет басшысының өте сирек архивтік суреттерін, құжаттарын, қолжазбаларын, марапаттары мен мантияларын 350 мыңнан астам адам тамашалады.


Жастар тарапынан туындаған көрмеге деген қызығушылық бізге ерекше шабыт сыйлайды. Көшпелі көрменің бір ерекшелігі – жәдігерлердің сиректілігінде. Өңірлерде жұртшылықтың назарына ұсынылатын жәдіргерлерді Астана қаласындағы келушілердің өзі күнделікті көре бермеуі мүмкін.


Студенттер мен жалпы білім беретін орта мектептердің қатысушылары ел тәуелсіздігінің тарихы, Президенттің өмірбаяны туралы толыққанды ақпарат алатындықтан тақырыптық экскурсияларды білім беру бағдарламасымен теңестіруге болады. Жоба мәні жағынан тәуелсіз Қазақстан тағдырындағы Елбасының рөлін жан-жақты көрсетеді.


Біз жәдігерлерді тек облыс орталықтарында ғана көрсетумен шектелмей, көрмелер мен дәрістер, семинар-тренингтер сынды көптеген іс-шараларды аудандарда да өткіздік. Мұндағы басты идея – әрбір ауыл тұрғынына, жастарға жас мемлекетіміздің дамуындағы қиындығы мол жолы туралы, яғни 90 жылдардағы бос тұрған сөрелер мен жұмыссыздықтан бастап, бүгінгі тұрақты әлеуметтік-экономикалық өркендеуге дейінгі кезеңді баяндап, жеткізу еді.


Тоқсаныншы жылдары белгісіз Қазақстан – бүгінде халықаралық аренада өз орнын белгілеген, әлемдік деңгейдегі көреген саясаткер ретінде беделге ие болған дана көшбасшысы бар болашағы жарқын мемлекет. «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі өз жұмысын ағымдағы жылғы сәуір айында Қызылорда облысында жалғастырмақ.


2019 жылғы 25 қаңтарда Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтың төрағалығымен кеңес өтіп, Елбасы кітапханасының қызмет басшылары мұрағат, музей, ғылыми-зерттеу, білім беру, мәдени-ағартушылық және басқа да бағыттар бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Есепке щолу жасағанда, Елбасы кітапханасындағы жобалардың басым бөлігі жастар аудиториясына бағытталғанын аңғаруға болады.


2018 жылы 50 көрме, атап айтқанда «Мәдениет арқылы үнқатысу», «Балалық шақтан көзқарас», шығармашыл жастарды қолдау мақсатындағы «Үміт сәулесі» жобалары аясында Елбасы кітапханасы алаңында және көшпелі түрде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Әлем таныған Елбасы», «Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы», «Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Тәуелсіздік бастауында», «Қазақстанның спорттық даңқы», «Әлем халықтарының музыка аспаптары» аты сегіз жаңа экспозиция ашылды.


Заман талабына сай экскурсия қызметкерлерінің жұмысы жаңа квест ойынымен толықты. Мектеп оқушылары мен студенттерді, әсіресе «Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы» залында өткізілетін ойын түрі қызықтырады екен. Өйткені бұл залда еліміздің танымал спорт саңлақтары – Г.Головкин, В.Жиров, М.Мәзімбаевтың белдіктері, С.Сәпиевтің қолғабы, Б.Артаевтың гүлдестесі, Денис Теннің сахналық спорттық костюмі, А.Винокуровтың велосипеді, тағы да басқа құнды заттар қойылған. Жалпы 2018 жылы Елбасы кітапханасында он мыңнан астам экскурсия ұйымдастырылды.


Өткен жылы «Тұңғыш» жобасы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған көшпелі көрменің он күндігі – жастармен жұмыстың жарқын көрінісі болды. Аталған шарада 60-тан аса жәдігер қойылып, 30-дан астам кітапхана қызметкерлері жұмылдырылып, оған елорданың 3 мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.


Украинаның Днепропетровск облысы Каменское (бұрыңғы Днепродзержинск) қаласынан Елбасы кітапханасы мамандары әкелген баға жетпес мұрағаттық құжаттар – болашаққа ұмтылған жас ұрпақ үшін маңызды тәрбиелік құрал дер едім. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сонау Украинада оқыған жылдарынан сыр шертетін құнды құжаттарда студент Назарбаевтың оқудағы озаттығы, күрес спортындағы жеңістері және Днепр металлургия комбинатындағы домна пешінде өндірістік тәжірибеден өткен кездері туралы мол мәлімет қамтылған. Мұндай қызықты да құнды құжаттардың өскелең ұрпақтың қалыптасуына, білім көкжиегінің кеңеюіне әсері мол деп ойлаймын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет