1. Қазақтың мерзімді баспа сөзінің пайда болуы қазақ жеріндегі революциялық тақуалар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз (1870-1917 ж/р). 3 сағат



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата26.01.2017
өлшемі437,15 Kb.
#2765
1   2   3   4   5

          “Суворовшы”  -  2-Прибалтика  майданының  органы.  Газеттің  редакторы  Н.Бубнов, 

орынбасары Т.Мүұсакұлов. Мұнда әр кездері Қ.Шәріпов, Қ.Сүлейменов, Ж.Жұмақановтар 

қызмет атқарған.  

          Осы газеттің 1944 жылғы 29 раурыз күнгі санында “Қазақ халқының аманаты” атты 

екінші бір бас мақала жарияланған. Онда, “Отанды сүю,жауды жек көру, ерлік, батырлық, 

халқымызға  тән  қасиет.Бұл  ұлы  бабаларымыз–С.Датов,И.Тайманов,К.Қасымов,А.Иманов 

сияқты  боздақтардан  мұра  болып  келеді”,-деп  бүкіл  қазақ  халқы  Отанын  қорғап  жүрген 

боздақтарынан үлкен үміт күтетіндігі айтылды. 

          “Сталиндік  жауынгер”  және  “Суворовшы  қыспақ”  газеттері.  Алғашқы  басылым 

Приморье тобы әскерлерінің органы. Аптасына екі рет, “Советтік Отанымыз үшін!” деген 

ұранмен,4 бет көлеммен шығып тұрған.Бас редакторы Перов орынбасары Н.Қасымов.1945 

жылғы қазан айына дейін 80 нөмері жарық көрген. Екінші “Суворовшы қыспақ” газеті За- 

байкал-Амур  әкери  округының  органы.  Редакторы  М.Мельянцев,  ал  орынбасарлары  әр 

кездері А.Зәкарин, Ж.Айтмұратов, Ә.Қартаңбаевтар болған.  

          Соңғы  майдандық  басылым  “Қызыл  әскер  ақиқаты”  –  Батыс  майданның  органы 

болған. 1945 жылғы нөмерлері “Неміс оккупанттары құртылсын!” деген ұранмен шыққан. 



Редакторы  Я.Форменко,  Б.Юнусалиев,  әдеби  қыхметкерлері  Ғ.Әшібаев,  Т.Мұқанов, 

Қ.Нұрмұқановтар. 

          Сөйтіп, майдандағы қазақ газеттері жауынгерлердің ерліктері мен қатар, тылдағылар 

-дың жанқиярлық еңбектерін кеңінен жазды. Көпшіліктің жеңіске деген сенімін шыңдады. 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары? 

1.

 



“Социалисттік Қазақстан”,  “Казахстанская правда” газеттерінің жұмысын қайта құру 

туралы қандай қаулылар  жарияланды? 

2.

 

Өлкелік, облыстық және аудандық газеттерде қандай мәселелер қарастырылған? 



3.

 

Соғыс жылдарындағы республикалық, облыстық, аудандық қандай басылымдар жарық 



көрген? 

4.

 



ҰОС жылдарындағы қазақ баспасөзінің тарихы және қандай қазақ тіліндегі майдандық 

газеттер жарыққа шығарылып тұрған? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 6.Халық  шарушылығын  қалпына  келтіру,  ұлтшылдық  сарынға  қарсы  күрес  ж/е 



тың игеру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі (1946-1960 ж/р). 2сағат 

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы баспасөз.  

2.1946-1953 жылдардағы «Ұлтшылдықпен» күрес науқаны 

 

Соғыстан кейінгі жылдардағы баспасөз. Слғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін халық 

шаруа- шылығын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту проблемалары күн тәртібіне 

қойылды. Баспасөз 1945 жылы Қазақ КСР-нің 25жылдығы құрметіне арналған социалист- 

тік жа-рысты кең насихаттай отырып, өзінің жұмысын бейбітшілік жағдай да соғыс кезін- 

дегідей  қарқынмен  жүргізуге  тырысты.Ол  кезде  үкімет  тарапынан  газеттердің  жұмысын 

жақсарту -ға жағдай жасайтын елеулі шаралар жасалды.  

          ВКП(б) Орталық Комитеті 1945 жылы 29 шілдеде“Республикалық, өлкелік және об- 

лыстық газеттердің сапасын арттыру және көлемін кеңейту туралы”арнаулы шешім қабыл 

-дады.  Сол  жылдың  15  шілдесінен  Республикалық  және  облыстық  газеттер  4  бет  болып 

шығатын болды. Сонымен қатар олардлың штаты және қаламақы қоры көбейді. 

          Соғыстан кейінгі жылдарда республикалық және облыстық газеттердің мазмұны өз- 

герді, жергілікті өмірді жан-жақты жақсы жазатын мәселелеріне баса көңіл аударылды.Га-

зет беттерінде очерк пен фельетон, баспасөзге шолу жанрлары жиі көрінді.Сөйтіп,респуб- 

ликамыздың газеттері өзінің жұмысын бейбітшілік дәуірге бейімдеп қайта құра бастады.  

          Төртінші бесжылдық жоспарды орындауға еліміз 1945 жылы кірісті. Сол жылы нау- 

рыздаКСРОдағыЖоғарғыКеңесі қабылдаған заң,ҚазақКСР Жоғарғы КеңесініңХІ сессиясы 

бекіткен Қазақ КСР Халық шаруашылығын қалпына келтірудің және өркендетудің 1946-

1950  жылдарға  арналған  5  жылдық  жоспары  туралы  заң  республика  еңбекшілерінің  ең 

таяу уақыттың ішінде жүзеге асыруға тиісті игілікті жұмыстарының бағдарламасы болып 

табылады.  

          Қазақстанның  баспасөз  беттерінде  “Жаңа  бес  жылдық  жоспарды  мерзімінен  бұрын 

орындау және асыра орындау жолындағы Бүкілодақтық социолисттік жарыс”, “Бес жыл- 

дықты – төрт жылда!”, “Озаттар тәжірибесі – көпке ортақ” деген айдарлар арқылы топтас- 

тырылып берілген материялдар жиі көрінді.  

          Сондай-ақ,  баспасөз  арқылы  ауыл  шаруашылығын    жаппай  электрлендіру  жөнінде 

социалисттік  жарысты  ұйымдастырудың  үлкен  маңызы  болды.  Газеттер  1948  жылы  рес- 

публикада  ауыл-селолық  400  электорстанциялық  салу  туралы  ұран  көтерді.  Осындай 

айдармен  аға  басылым  бір  материялында  “Талдықорған  облысында  үстіміздегі  жылы  32 

электр станциясы салынбақ, олардың жалпы қуаты 6995 киловатт”,-деп жазса, екіншщі бір 

хабарында  “Жамбыл  облысының  Мерке  ауданының  орталығынан  электр  станциясы 

салынып, тез арада пайдадалануға берілгендігін” айтты.  

          “Социалистік  Қазақстан”  газеті  1949  жылғы  29  сәуірдегі  нөміріндегі  “Соғыстан 

кейінгі бесжылдықты мерзімімінен бұрын орындау жолындағы социалистік жарысты кең 

өрістетейік!”  деген  ұранмен  арнаулы  бет  берді.  Мұнда  Алматы  қаласы  еңбекшілерінің, 

Қарағанды шахтерлерінің, Гурьев мұнайшыларының және бірнеше облыс еңбекшілерінің 

социалисттік  алған  міндеттемелерін  қалай  орындап  отырғаны  сөз  болды.  Беттің  төменгі 

жағынан  “Социалисттік  еңбек  ерлерінің  тәжірибелерінен”  деген  айдармен  Талдықорған 

облысы, Сарқант ауданы “Красное Знамя” колхозының звено жетекшісі Социалисттік Ең- 

бек  Ері  М.Г.Леснаяның  “Бидайдың  гектарынан  100  пұт  өнімді  қалай  алдық”  деген 

әңгімесін берді.  



          Республикалық және облыстық газеттер Социалисттік Еңбек Ерлері Ыбырай Жақаев 

-тың,  Ким  Ман  Самның  тәжірибелерін  насихаттауды,  озат  шопан  Естемісовтың,Ма- 

хатова мен Әлімбаеваның өнегелі, жемісті еңбектерін көрсетті. 

          Соғыстан кейінгі бесжылдықтың ақырғы жылында республиканың колхоздары жос- 

парды  мерзімінен  бұрын  орындады,  мал  басы  1940  жылға  қарағанда  едәуір  артты, 

халықтың материялдық әл-ауқаты өсті.  

          Партияның  Орталық  Комитетінің  идеология  мәселелері  жөніндегі  қаулыларына 

байланысты республика баспасөзі 1946-1948 жылдары мәдениет пен ғылымның көптеген 

салаларының жайына назар аударды. 

          1946 жылғы27наурыздағыВКП(б)Орталық Комитетінің1946-1950жылдардағы КСРО 

халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі заңының қаулысына сәй- 

кес Қазақстан партия ұйымдары көп жұмыс істеді. Насихат, үгіт және мәдени-ағарту жұ- 

мыстары мәселелері жөнінде республикалық Кеңес өткіліді. Бұл кеңесте республикалық, 

облыстық және аудандық газеттердің редакторлары да қатысты. Олар газеттің идеология- 

лық-саяси мазмұны мен мәдени дәрежесін жақсарту жөнінде сөйледі.  

          Соғыстан кейінгі 4-ші бесжылдықта республикамыздың мәдени өмірінде елеулі оқи- 

ғалар болды. “Социалисттік Қазақстан” газеті 1946 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде “Евге- 

ний Онегин қазақ сахнасында” деген тақырыпта арнаулы бет берді.Бұл бетте операны қою 

–шы  Қазақ  КСР  халық  артисті  Қанабек  Байсейітовтың,  Татьянаның  рөлін  ойнаушы  КСР 

Одағы Хадық артисті Күлаш Байсейітованың және басқаларының сөздері басылды. Соны- 

мен бірге Төлеген Тәжібаевтың, Ахмет Жұбановтың мақалалары да сол беттен орын алды.   

          Соғыстан кейінгі бесжылдықта Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы респуб- 

ликамыздың өміріндегі аса ірі оқиға болды. Осы науқан қарсаңында баспасөз Қазақ КСР 

Ғылым академиясының мүшелігіне астанамыздың ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоға -

ры дәрежелері оқу орындарынан ұсынылып жатқан көптеген ғалымдардың өмір баяндары 

-мен таныстырып, олардың ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттады.    

          1946жылдың1масымы.Бұл күн қазақ халқының тарихы бетіне алтын әріппен жазыл- 

ды. Тап сол күні Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Тап сол күні Қазақ КСР Ғылым 

академиясы құрылды. Республикалық газеттер сол күнгі нөмірлерінде Қазақ КСР Минис- 

трлер  Советінің  төрағасы  Н.Оңдасыновтың  “Қазақ  халқы  өзінің  академиясын  құруда” 

деген көлемде мақаласын жариялады.  

          Республикалық  газеттер1946  жылдың  қыркүцегінде  Алматы  да  өткен  әдебиет  пен 

өнер  қызметкерлерінің  жиналысы  туралы  есеп  жариялады.  Бұл  жиналыста  ВКП(б) 

Орталық Комитетінің “Звезда” мен “Ленинград” журналдары туралы, “Драма театрының 

репертуары және оны жақсартудың шаралары туралы” қаулыларына байланысты Алматы 

қаласындағы әдебиет пен өнер қызметкерлерінің міндеттері туралы мәселе толқылағанды 

ғы айтылды. 

          Соғыстан кейінгі жылдар – очерк жанрының едәуір алға басқан кезеңі. Ұлы Отан со- 

ғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін публицистеріміз бен очерктеріміз республика еңбекші- 

лерінің бейбіт еңбек әуенін,4-ші бесжылдық жоспарды орындау жолындағы күресін көрсе 

-туге шұғыл бет бұрды. Республикалық облыстық газеттердің, “Әдебиет және искусство” 

журналының бетінде бейбіт күндердің еңбек ардагерлері туралы портреттік очерктер жиі 

көріне бастады. Мәселен, 1946-1950 жылдары бір ғана “Әдебиет және искусство” журна- 

лында 40 шамалы очерк жарық көріпті. 

          Газет,  журнал  очерктері  Түсіп  Күзембаев,  Қартабай  Атшабаров,  Ольга  Гоноженко, 

Қашақбай Пірімов,Нұрмолда Алдабергенов,Ыбырай Жақаев,Мұхтар Қаптағаев,Бәшір Нұр 



-мағамбетов,Нәйлә  Базанова  сияқты  соғыстан  кейінгі  жылдарда  еңбегімен  ел  құрметіне 

бқөленген елеулі жанрды мадақтады.  

          Амал не, сөз болып отырған жылдары республика баспасөзі беттерінде әдебиет пен 

өнер тақырыбына жазылған кейбір мақалаларда, шығармаларда салиқалы және объективті 

түрде талдаудың орнына үркіту және негізсіз кінәлау сияқты әуендерге жол берілді.   

1946-1953 жылдардағы «Ұлтшылдықпен» күрес науқаны 

           «Өткен күнде белгі бар», - дейді халық даналығы. Санада қалған қазақ баспасөзінің 

тарихы  –  ел  тарихы,  халқымыздың  басынан  өткен  кезеңдерін  ұрпақтан  –  ұрпаққа 

жеткізген  қазыналардың  бірі.  Сондықтан  оқырманның  ой  мәйегіне  айналған  газет 

тарихының  сарғайған  парақтарына  көз  жүгірте  отырып,  қоғам  дамуына  байланысты 

өмірлік көзқарастарын кездестіреміз. 

           XYIII – XX ғасырлардағы Ресей империясының отарлық және одан кейінгі «Қызыл 

империяның»  саясаты  сол  кезеңнің  өзінде  шет  мемлекеттерде  төртінші  билік  болып 

есептелетін  баспасөз,  яғни  бұқаралық  ақпарат  –  құралдарына  әсерін  тигізді.    Соның  бір 

көрінісі төртінші бесжылдық соңында 1949 жылы қайта жаңғырған «Ұлтшылдық сарынға 

қарсы күрес» болып табылады. 

          Бұл – турасын айтсақ, 1937 – 1938 жылғы нәубеттің жалғасы. Ұлтщылдыққа қатысы 

бар деген адамдарды жазалаудың түрлі жолдары қолданылады. Алдымен 1950 жылдардың 

басында қазақ тарихы, әдеиеті мен мәдениеті сынға алынады. 

           Мәселен,  1951  жылы  28  қыркүйекте  «Казахстанская  правда»  газетінде  Мұқан 

Төлебаевтың  «Қазақстан  музыкасындағы  бұрыс  бағыт  туралы»,  деген  мақаласы 

жариялаенды.  Бұл  сын  ахмет  Жұбановтың  «Қазақ  сазгерлерінің    өмірі  мен 

шығармашылығы»  атты  тұңғыш  зерттеу  –  монографиясына  қарсы  бағытталды.  Мұнда, 

бұрынғы  сынау  шегінен  асқан  автор    А.Жұбановты  буржуазияшыл  –  ұлтшылдығы, 

панисламист және пантюркистігі үшін айыптады. 

          Осыған  орай  Ахмет  Жұбановтың  мәселесә  ғана  қаралып,  оған  әр  шешен  өз  атынан 

жаңа  теңдеу  табуға  тырысқан.  Ал  келесі  кезек  қазақ  әдебиетінің  мақтанышы  –  Мұхтар 

Әуезовқа келді. Бұл науқан қазақ мәдениетінің, оның өкілдерін жоққа шығапуға бағыттал- 

ды.  Олар  М.Әуезов  ірге  тасын  қалаған“Абайдың  поэтикалық  мектебін”,  осы  тақырыпқа 

алғаш  диссертация  қорғаған  Қайым  Мұхаммедовтың  еңбегін  жоққа  шығарып,Шәкә  рім, 

Тұрағұлдары буржуазияшыл-ұлтшылдардың қатарына қосты

.

  

          1951жылы11қазанда  идеология“қайраткерлері”  тағы  да  “Казахстанская  правданың” 



беделіне сүйеніп, жаңа бір бастаманың ұштығын шығарды. “Қазақ батырлық эпосын зерт- 

теудегі қателіктерге қарап”, деп аталатын мақалада газет “біртұтас ағым” теориясын сы -

нап, ауыз әдебиетін “таптық күрес” тұрғысынан қарастыруды талап етті. Оған 1944 жылы 

ВКП(б) Орталық Комитеті Татарстанда феодалдық пиғылда “Едіге” жырын әшкере- леген 

қаулы негіз болды.Сөйтіп,газет оқырмандар арасында қазақ эпостарына қарсы идеология- 

лық ой-пікір туғызуға тырысты. Ал фальклор зерттеушілері М.Әуезов,Қ.Жұмалиев,М.Ғаб- 

дуллин, буржуазияшыл-ұлтшылдықтары үшін сыналады.    

           1950  жылы  26  желтоқсанда  “Правда”  газеті  кқтерген  ұлтшылдыққа  қарсы  науқан- 

дардың төресі 1951 жылдың 16-17 қазанда Қазақстан Орталық КомитетініңҮІІІ пленумын- 

да хатшы Ж.Шаяхметовтың баяндамасы болды. Ол өзінің 1944 жылы Абылай,Кенесары, 

Наурызбайларды қазақ батырлары санатына қосқанына өкініш білдірді.Бірақ қанша ақтал- 

ғанымен хатшының өзі де сыналды.Себебі,тізімі таяз болса да сол кездегі обком хатшыла- 

рының  бірі  Жанбаев  қоғамның  ағымын,  партияның  бағытын  түсінетін  көреген  саясаткер 

әрі ғалымдар мен Орталық Комитет хатшыларының үлкен сыншысы болып шықты.  



         Бұдан кейін қазақ антеллегенциясының көрнекті өкілдерінің үстінен жеке іс қозғал- 

ды.  Енді  нысанаға  республика  ғылымының  мақтанышы  акадкмик  Қаныш  Сәтбаев  ілікті. 

Жоғарыда айтылған ҮІІІ пленумда Ж.Шаяхметов, одан бұрынғы Орталық Комитетінің 10 

тамыздағы  “Вестник”  және  “Известия”  журналдарына  байланысты  қаулысында  Ғылым 

академиясының президенті Қ.Сәтпаев тарихшы Бекмахановқа қамқорлығы үшін, буржуа- 

зияшыл-ұлтшылдары  уақытында  әшкерелемегені  үшін  айыпталды.  Ал,  “Казахстанская 

правда”  газеті  болса,  мұны  “партия  мүшелерінің  халықтың  үніне  құлақ  аспауы”,  деп 

тұжырымдары. Сондай-ақ, белгілі ғылым, педогог, психолог, Қазақ мемлекеттік Универ- 

ситетінің  редакторы  Т.Тәжібаев  та  бұрын  саяси  айыптар  тағылып  академиядан  қуылған 

адамдарды  университетке  қызметке  алғаны  үшін,  әсіресе  Бекмахановты  қолдағаны  үшін 

сыналды.  Тек,1954 жылдың көктеміне  кейін ғана Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне 

төн- ген қара төнектің бұлты ыдырап, саяси науқан бәсеңси бастады.  



 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары? 

1.

 



Халық  шарушылығын  қалпына  келтіру  жылдары  қазақ  мерзімді  баспасөзінің 

тарихы? 


2.

 

1946-1960  жылдары  ұлтшылдық  сарынға  қарсы  күрес  ж/е  тың  игеру  жылдарында 



қандай  қазақ мерзімді баспасөзідері жарыққа шығарылған?  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



7.Қайта  қурадан  өтпелі  кезеңге  дейінгі  аралықтағы  қазақ  баспасөзі  (1960-95  ж/р). 

2сағат 

1.

 



Бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы. 

2.

 



Қазақстандағы орыс тілді басылымдар 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы.  

          КОКП ХХVII съезінен соң Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары  партия ба- 

ғытының мемелекеттегі қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа салаларды қайта құру 

жұмысына белсене қатысты.  

          Қайта құру кезеңінде халықтың мүддесі мен тілегіне қажетті әрі оқырмандарын қы- 

ықтыратын  көптеген  материялдар  республикалық  “Социалисттік  Қазақстан”,  “Лениншіл 

жас”,облыстық“Орталық Қазақстан”,“Ақ жол”,“Жетісу”,“Оңтүстік Қазақстан”газеттерін - 

де  молынан  басылды.  Бұл  басылымдарында  көкейкесті  тақырыптарды  қозғап,  жұрттың 

көкейінде  жүрген  ой-пікірлер  ашық  жарияыланды.  Тұрғын  пәтерлер  бөлу,  азық-түлік 

мәселелерін көтеріп, пара алушылық пен тамыр-таныстық сияқты әрекеттерге жол бермеу 

проблемалары  қозғалды.  Осы  кезеңде  газет  беттерінде  жаңа  айдарлардың  пайда  болуы 

назар аудартады. Ол айдарлар:“Партия комитеті және қайта құру ”,“Қайта құру және біз”, 

“Депутат және өмір”, “Еңбек эстафетасын жалғастыра берейік” және т.б. деп аталды.  

          КОКП Орталық Комитеті 1987 жылдың қаңтар және қазан Пленумдарының шешім- 

дері бойынша Қазан төңкерісінің 70жылдығына жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргі- 

зутуралы қаулы қабылдаған болатын. Бұл істі жүзеге асырып, халыққа жеткізу сол тұста 

республика  журналисттерінің  басты  міндетіне  айналды.  Сонымен  қатар  газет  беттерінде 

халықтардың  тарихи  тұп-тамыр  достығы,мектептер-  дегі  тіл  үйрету,  от  басылардың 

әртүрлі тағдыры жайлы очерктер беріліп отырды. 

          1988  жылғы  есеп  бойынша  Қазақстан  көлемінде  500  республикалық,  республика 

аралық, облыстық, қалалық, аудандық және көп тиражды газеттер, жиырма миллион дана-

мен журналдар жәнежурнал тектес басылымдар шығып тұрды.  

          Енді, 1988-1991 жылдар аралығында жоғарыда аталған газет-журналдардың қатары- 

на тағы да қазақ тілінде шығатын бірнеше жаңа басылымдар келіп қосылды. Оларға жеке-

жеке тоқталып өтетін болсақ, оның алғашқысы “Алматы ақшамы” газеті.  

          Бұл  газет  1988  жылдың  1  шілдесінен  бастап  шыға  бастады.  Ол  Қазақстан  компар- 

тиясы  Алматы  қалалық  комитеті  мен  Халық  депуттары  қалалық  кеңесінің  газеті  болып 

есептелді. Тиражы – 36000. Бөлімдері: партия тұрмысы және коммунисттік тәрбие, кеңес- 

тер  және  әлеуметтік  мәселелер,  спорт  хабарлары,  әскери-патриоттық  тәрбие  және  жедел 

хабар, экономика және социалисттік жарыс, хаттарды тіркеу. Негізгі айдарлары: “Еліміз- 

де”,  “Жаңалықтар”,  “Шетел  телетайпынан”,  “Партия  тұрмысы”,  “Кеңестер  және  қайта 

құру”, “Қайта құру және біз”,“Театр, кино,жарнама” деп аталады.   

          Келесі басылым -“Өркен” деп аталады.Ол кезінде сенбі күндері шығып тұратын ап- 

талық газет болды. 1988 жылдың қаңтар айынан бастап шыққан. Құрылтайшылары баспа- 

сөз  министрліші  мен  редакция  ұжымы.А3  форматымен  12  бет  көлемінде.  Екі  тілде 

жазылған.  

          Алғашқыда бұл студенттердің газеті ретінде шығарылды.Көп ұзамай-ақ газет жастар 

-дың іздеп оқитын қызықты да жан ашыр басылымына айналды.Әдепкі сандарынан бастап 

ақ “Өркен” батылдығымен, көтерген мәселелерінің тереңдігімен,принципшілдігімен ауыз- 

ға ілікті. Бұл оның бас редакторы Алтынбек Сәрсенбаев бастаған редакция коллективінің 


ізденімпаздығы мен алғырлығының арқасында жүзеге асты.“Әлеуметтік көзқарас”,“Сту –

дент және нарықтық экономика”,“Демократия тағылымдары”,“Музыкалық коллаж” сияқ- 

ты айдарлары болған.Кейде оқырмандар“Өркен жайында”деген айдармен де материялдар 

беріліп тұрған.Бұлардың көшілігі ұлттық дәстүр,мәдениет,тіл проблемаларына арналған.   

          1989  жылдың  мамыр  айында  Қазақстан  кәсіподақтарының  “Әділет”  деп  аталатын 

апталық газеті жарық көрді. Бұл басылым қазақ және орыс тілдерінде шығарылған. Тира- 

жы – 14342дана. Редакторы – Сағыныш Сариев. Газеттің басты міндеті  – ақпарат, жаңа- 

лықтарды тарату. Дәлірек айтсақ “Әділет” өз оқырмандарын кәсіподақ өмірімен, олардың 

жұмыс  бағдарламаларымен  жоғарғы  Кеңес  жаңалықтарымен  жақынырақ  таныстыруға 

тырысты. Айдарлары: “Нарық және халық”, “Кәсіп одаз-еңбек қорғау”, “Ресми ақпарат”, 

“Болашақ  маман  үшін”,  “Үндемеуге  қақым  жоқ”,  “Шет  елдік  әріатестер  тәжірибесінен”- 

деп аталады. Жарнама басылымның соңғы бетінде беріледі. 

          1990  жылдың  22  наурызынан  жарық  көре  бастаған  3-ші  бір  басылым  “Ана  тілі” 

газеті. Құрылтайшысы: “Қазақ тілі”қоғамы мен “Қазақстан” баспасы. Газет 16 бет көлем- 

мен аптасына 1 рет шығады. Бұл біздің егеменді еліміздің тарихында қазақ тілін Қазақстан 

территориясын  мекендейтін  барлық  халық  өкілдеріне  бірдей  оқыту  проблемасын  алғаш 

көтерген және ұлттық әдет-ғұрып, дәстүр, тарихтың “ақтаңдақтары” жайлы мазмұнды да 

салихалы материялдар жариялайтын бірден бір басылым болып саналады.Тек, қазақ тілін- 

де  ғана  шығатын “Ана тілінің” 20шақты айдарлары бар.Оның кейбіреулері  “Жергілік- ті 

ұйымдарда”, “Құбыламызды түгелдейік”, “Серке сөз”,“Тәржімелік тәжірибелер” және т.б 

деп аталды. Бұл газет бетінде жарнама берілмейді. Бас редакторы талантты журналист  – 

Жарылғап Бейсенбайұлы. 

          Келесі  бір  осындай  басылым  “Халық  кеңесі”деп  аталады.  Бұл  газет  1990  жылдың 

24 сәуірінен бастап шығып келеді. Құрылтайшысы: Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Прези- 

диумы болған. Оның алғашқы редакторы Сарбаз Ақтаев кезінде: “Біз бұл газетті Жоғарға 

кеңес  пен  шеткі  аудандардағы  депутаттардың  демократизация  жолында  өз  ойын  ашық 

айталатын мімбесіне айналдыруды көздейміз”,-деп жазған болатын.  

          Сондай-ақ,  бұл  газетте  республикамыздағы  саяси  жаңалықтар  мен  шет  ел  өмірінен 

де  хабарлар  жиі  көрініс  табады.  Оқырмандар  аудиториясы  өте  кең.  Қазақ  және  орыс 

тілдерінде аптасына 2 рет шығарылады.  

          1991 жылдың желтоқсан айынан бастап “Азия” газеті шыға бастады. Құрылтайшы- 

лары: Министрлер кабинеті мен редакция ұжымы.Редакторы Нұрмахан Оразбеков. “Азия” 

халықаралық газет. Мұнда Қазақстан, Тәжікістан, Қырғызстан, Өзбекистан, Туркменистан 

сияқты көршілес мемлекеттердің қоғамдық-саяси өмірлерінен хабарлар беріледі. Айдарла- 

ры:  “Бүгінгі  күн  тынысы”,  “Әлем  жаңалықтары”,  “Пікір  сайыс”  және  т.б.  Бұл  2  тілде   

шығарылады. 

          1991  жылдың  7  ақпанынан  бастап,  Қазақстан  мұсылман  әйелдер  одағы  өздерінің 

“Ақ босаға” деп аталатын газетін шығара бастады. 4 бет көлемімен айына 1 рет шығары 

лады.  Редакторы  –  Шолпан  Ұғыбай  қызы.  Бұл  қазақ  әйелдері  мен  қыз-келіншектердің 

жағдайына көп көңіл бөлетін басылым.  

          Оның “Өз пікірім”, “Сыр сұхбат”, “Ұят та болса сұрайын”, “Әдеп пен әдет” және т.б. 

тұрақты айдарлары болды. 

          1991 жылы Невада-Семей антиядролық қозғалысының “Аманат”газеті жарық көрді. 

Бас редакторы - С.Айнақұлов. Бұл басылым Семей полигоны, оның зардаптары төңірегін- 

дегі  проблемаларды  көтерді.Көлемі  8  бет.  Айдарлары:  “Полигон”,  “Эпицентр”,  “Жаралы 

жер”, “Редакцияға хат” және т.б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет