1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет11/53
Дата21.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#120026
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
лекция 2

Метонимия - өзара іргелес, шектес бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыспалы мағына метонимия болып табылады. Метонимиялар мынадай іргелестік, шектестік негізінде жасалады:
1) қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі: бояу, егеу, сайлау, жайлау, ою, жабу т.б.;
2) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі: шәйнек қайнады, қазан асты;
3) материал мен одан жасалған заттың шектестігі, алмас – қатты, асыл металл, өткір қару ретінде қылыш мағынасын береді. Сол сияқты, хрусталь, фарфор – материал атауы және сол материалдан өндірілетін бұйымдар атауы. Құндыз - өзен-көлде тіршілік ететін аң және аңның бағалы терісін айтамыз;
4) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы: қара - түс, қарайып тұрған нәрсе; арамдық, зұлымдық; қара жамылды; ірі қара мал т.б. Сол сияқты, ақ, қызыл, көк (түс, аспан, шөп) түстерін айтуға болады;
5) автор мен оның шығармасының, шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы: Құрманғазыны тартты, Абайды оқыды деген тіркестерден олардың шығармаларының тартылғаны және оқылғаны белгілі болады;
6) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі: алтыбақан - ұлттық атау, ойын; үкі – құс, мамық, үлпілдек қауырсын;
7) жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі: Абылай хан мен Төле бидің қиылысқан жерінде «Балалар әлемі» орналасқан. Абай (аудан) қайдасың деп тартып кеттік;
8) жалқы есімдердің жалпы есімге айналып, дербес мағыналы сөз ретінде қолданысқа түсуі: Алдар көсе – «айлакер, қу», Мырқымбай – «кім көрінген жай адам» ұғымын, Асан қайғы – «уайымшыл», Шық бермес Шығайбай «сараң» деген ұғымдарды аңғартады;
9) кейбір заттар мен бұйымдар алғаш рет қай жерде өндірілсе, сол жердің атымен аталады: қаракөл (елтірі) Бұқардағы Қаракөл алқабының аты; шампан (ішімдік) – Париж қаласының маңындағы провинцияның атауы;
10) кейде жалқы есімдер, оның ішінде, кісі аттары метонимияға айналады: маузер, наган, калашников (әскери қару); френч, галифе (әскери киім) осы аттас генералдардың есімімен аталып, термин сөзге айналған (6, 81-83).
Синекдоха - сөздерді ауыстырып, қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі – синекдоха. Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып ауысып қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға жақын тұрады. Мұндағы басты белгі - бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше алмасып айтылады. Мысалы: ақ жаулық, орамал тартқандар; бөрік кигендер.
Бүтіннің бөлшегі ретінде қолданылатын сөздер де бірнеше контексте жұмсала келіп, полисемияға айналатындары болады. Мәселен, тұяқ деген сөзден синекдоха тәсілімен ауысып қолдану арқылы мынадай мағыналар пайда болған:
1. Ұсақ мал, қой, ешкі деген мағына;
2. Малдың жалпы есебі;
3. Ұрпақ, тұқым, бала;
Көз:
1) туған, туысқан, ет жақын;
2) тұқым, ұрпақ;
3) не нәрсенің нақ өзі, өз басы;
4) жалпы көпшілік адамдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет