1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Көнерген сөздер және олардың түрлері



бет51/53
Дата21.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#120026
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
лекция 2

Көнерген сөздер және олардың түрлері. Тілдегі сөздің көнеруі не біржолата жоғалуы – күрделі құбылыс, ол өте ұзақ уақытты қажет етеді. Белгілі бір ұғымның көнеленуіне байланысты оны аңғартатын сөздің де қолданысы сирей бастайды, демек актив қабаттан пассив қабатқа көшеді деген сөз. Одан әрі бірте-бірте ұмыт болып, тілде бүтіндей қолданылудан қалады, бірақ бұл процесс әр кезде дәл осындай бірқалыппен жүре береді деуге болмайды. Кейде сирек қолданысқа түскен сөз актив қабатқа қайта оралуы да мүмкін. Мысалы: құн, әкім, кіреуке, сауыт, орда, сарбаз, кеден, оқшантай т.б. Сирек қолданылатын сөздердің бірі – кіреуке. Ертеректе батырлардың жаугершілікте жауға киетін темір сауытын кіреуке деп атаған болса, қазір медицина ғылымының стоматология саласында кіреуке (эмаль) деп – «құрамында 96,5 процент бейорганикалық заттар және гидрооксиапатит кристалдары бар, тіс сауытын жаба отырып, дентин мен ұлпаны сыртқы тітіркенуден қорғайтын, беріктігі жағынан кварц пен апатиттің аралығында болатын организмдегі ең берік ұлпаны атайды (2, 105-106 бб.).
Сөздердің көнеру процесі кенет бірден бола қоятын құбылыс емес. Бұл топтағы сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі болады:

  1. Әбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер. Бұл тәрізді архаизмдердің мән-мағынасы белгілі деректерге сүйеніп, алуға ғана болатын сөздер. Мысалы: Түмен – он мың қол.

  2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер: қаршадай (қарша), абажадай (абажа), шырадай (шыра), сүйріктей (сүйрік) т.б.

  3. Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанмен, мақал-мәтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында әлі де болса қолданылатын сөздер: түлен түрту, Таныған жерде сой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы. Торқа – жібек, азар - өкпе (3, 173 б.).

Көнерген сөздер үлкен екі топқа бөлінеді. Олар: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
Қоғам дамуының барысында көптеген ұғым ескіріп, оны аңғартатын сөз де актив лексика қатарынан қала бастайды. Бұндай сөздер негізінен тарихқа байланысты болып келеді. Мысалы: құл, бай, манап, шонжар, жалшы, күң, хан, уәзір. Бұл сөздер халқымыздың өткен өмір тарихын, қоғамдық құрылысын көрсетеді. Тарихты ол сөздерсіз білу мүмкін емес. Сондықтан да көнерген сөздердің бұл түрін тарихи сөздер деп атайды. Дегенмен тарихи сөздер кейде жаңа ұғым үшін жаңа мағынада қолданылып, актив лексикаға енуі мүмкін. Мысалы, жүгініске келгендерге төрелік айтатын әкім мағынасындағы «қазы» сөзі жюри ұғымында қолданылып жүр.
Тарихи сөз зат не ұғымның ескіруіне байланысты болса, архаизмдер ұғымның емес, атаудың ескеруіне байланысты қалыптасады. Мысалы: қол (әскер), адырна (үрмелі саз аспабы, садақтың керме қайысы), қорамсақ ( жебе салып жүруге арналған арнайы қалта), барымта, ұлыс (халық), тілмаш (аудармашы), бодан (халық) т.б.
Архаизм лексикалық және семантикалық архаизмдер болып екіге бөлінеді. Лексикалық архаизмдерге бітік (жазу, хат), будун (халық), қолаң (бел) қазіргі тілімізден ұмыт болған сөздер жатады. Ал семантикалық архаизмдерге бұрын да, қазіргі актив лексикада жиі қолданылатын, бірақ бұрынғы мағынасында емес, жаңа мағынада қолданылатын сөздер жатады. Мысалы, ару, сағын, қарындас, алып, құн, әкім сияқты сөздер қазіргі тілімізде көпшілікке толық түсінікті. Бірақ бұрынғы ару (таза, күнәсіз), сағын (ойлау, еске алу), қарындас (туысқан), алып (батыр, ер жүрек), құн (айып мал, төлем), әкім (билеп төстеуші) сөздерінің бұрынғы мағыналары ұмытылып, қазіргі тілімізде ару (сұлу), сағын (күту), қарындас (бірге туған өзінен жас қыз), алып (үлкен), құн (баға, тауар құны), әкім (жергілікті басқару) мағынасында ұғынылады.
Архаизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы үш түрлі стильдік мақсатпен жүзеге асады:
1. Ең бірінші, автор суреттеп отырған белгілі бір дәуірдің колоритін жасау, анық тарихи шындықты оқырманның көз алдында елестету үшін қолданылады. Мысалы, сол қанатта – Таң дария етегінде, оң қанатта – Үзе шоңғалдарынан төмен қазақ ұлыстары пайда болды (М.Мағауин, Аласапыран) деген сөйлемде қазіргі Дон, Днепр өзендері бұрынғы қазақша атаулармен Таң, Үзе болып беріліп отыр.
2. Архаизмдер автордың көтеріңкі стиль жасау мақсатымен де қазіргі дәуірді суреттеген шығармаларда қолданылуы мүмкін. Мысалы, Абыз бабаң, азың бабаң қолдасын, Болайық та кәдімгідей болғасын, Жанарларды бір таңғалтпай дүниеде, өмір сүріп не керек, жолдасым (Т.Молдағалиев). Қылышы емес пе едім қынаптағы. Жоғалттың неге мені, пайғамбарым (М.Мақатаев).
3. Кейде архаизмді ирония, сатира, сарказм, комедия туғызу үшін арнайы тілдік құрал ретінде жұмсайды. Мысалы, тоқтатып көр толассыз қозғалысты, Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен (М.Мақатаев) (1, 153 б.).
Тарихи сөздер мен архаизмдерді бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін анықтап саралап шықса, мынадай қорытынды жасауға болады.
1. Архаизмдер қазірде бар зат не ұғымдардың ескі атауы да, тарихи сөздер дәуірі өткен, қазір жоқ заттар мен құбылыстардың атауы.
2. Архаизмдердің актив лексикада синонимі болады, ал тарихи сөздердің синонимі болмайды.
3. Архаизм жаңа атаудың пайда болуына байланысты қалыптасса, тарихи сөздер зат пен құбылыстың қазіргі заманда жоқ болуына байланысты пайда болады.
4. Тарихи сөз әрі номинативтік, әрі стильдік бояуға ие. Сондықтан да тарихи сөз өткен дәуірді баяндау мақсатында қолданылса, архаизм сонымен бірге көркем шығармада кейіпкер тілін даралау, ойнақы-ирония туғызу үшін пайдаланылады.
Қазақ тілінде қолданылу аясы шектеулі, бірақ диалектизмнен де, кәсіби сөздерден де басқа бірсыпыра сөздер бар. Олар: сіміру-жаттап алу, сіңіру-бермей кету, алғанын білдірмеу, сызу-карта (профаранс) ойнау, ұшыру-орнына алу т.б. Арготизмдердің кәсіби сөздерден үш түрлі өзгешелігі болады:
1) Олар ешқашан негізгі сөз бола алмайды, белгілі ұғымды басқа сөзбен жарыспалы түрде аңғартады. Демек, жалпы халық тілінде олардың синонимі болады;
2) Кәсіби сөздер бейтарап стильде қолданылса, арготизмдер экспрессивтік-стильдік бояулы болып келеді;
3) Арготизмдер кәсіби сөзден гөрі жалпы халық тіліне көбірек тарап, қарапайым сөйлеу тілінде жиі қолданылады.
Арготизмдердің көпшілігі арнаулы мағынада қолданылатын жалпы халыққа тән сөздер болып келеді. Бұған жоғарыда аталған сіміру, сіңіру, сызу, ұшырау сөздерімен қатар өлді - әбден шаршады, жерлеу - масқара ету, қатардан шығу тағы басқаларды жатқызуға болады.
Арготизмдердің бірсыпырасы басқа тілден енген сөздер болуы да мүмкін. Мысалы, студенттер арасында тараған құйыршық (хвост - тапсырылмаған емтихан), құлау - емтиханды тапсыра алмау т.б.
Арготизмдер сөйлеу тілі лексикасының дамуына әсер еткенімен, әдеби тілді дамытпайды. Ол бір жағынан варваризмдерге ұқсас, сондықтан оларға қарсы күрес жүргізіліп отырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет