1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет21/53
Дата21.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#120026
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
лекция 2

Дәріс мазмұны


1. Лексикалық омонимдер деп біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа сөздер тобын айтамыз. Мұндай сөздер тобында мағына жағынан әр ұғымның өзара ұқсастығы, жақындығы сезілмейді. Керісінше бір-біріне кереғар екендігін байқауға болады. Мысалы: ен (бір нәрсенің кеңдігі, жалпақтығы; малдың құлағына тілініп, ойылып салатын белгі; мол-байлық, ен дала, ен жайлау; ішіне кіру, өту), жал (кейбір хайуандардың желкесіне өскен қалың қыл; созылып жатқан биік қыраттың ең үстіңгі жақ қырпуы; жалданып істейтін жұмыс; төлем үшін пайдалануға берілетін орын).
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Бұл екеуінің ұқсастығы олардың тұлғасында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болады да әрі бір сөз табына қатысты болады. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шыққандығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұқсастығынан танып білуге болады. Мәселен, майда тас, майда шөп дегендерден ұсақ, уақ дегенді аңғарсақ, майда ұн, майда сөз, мінезі майда (жұмсақ, биязы) деген мағына аламыз. Яғни «майда» сөзінің кейінгі көрсетілген мағыналары метафоралық тәсіл арқылы жасалып, бір негізден жасалғаны айқын көрініп тұр.
Көп мағыналы сөздер омонимнің бір ғана түрімен байланысты. Сөз семантикалық жақтан үздіксіз дами келе, мағыналық шеңберін кеңейтіп, әр мағына бір-бірінен алшақтай береді. Келе-келе ол мағыналардың бір негізден шыққандығы мүлде ұмытылып, тұлғасы бірдей, бірақ мағыналары үйлеспейтін омоним сөздер сияқты дербес өмір сүреді. Міне, осындай шығу тегі, жасалу жолдары жағынан байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөздермен ұштасып, бір-бірінен ажыратарда қиындық туғызады. Мәселен, малдың көктемде қырқылатын жүнін - жабағы; алты айдан асып, қысқа іліккен құлынды да жабағы дейді. Шығу тегін іздесек, бір байланысты табуға болады. Қазіргі таңда мұндай байланыс үзілген. Полисемантизмді омонимдерден ажыратудың бірден-бір жолы семантикалық байланыстың сақталуы мен сақталмауын негізгі тірек ету болып саналады. Егер мағыналар арасында қандай да бір семантикалық байланыс үзілмей, қалайда сақталып тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің әр түрлі мағынасы ретінде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады. Егер мағыналарында ешқандай байланыс сезілмесе, онда омонимдер қатарынан орын алады. Осы уақытқа дейін ай сөзінің бірде көп мағыналы, бірде омоним ретінде танылуына бір сөз табына тән бірліктің «жердің табиғи серігі, аспан денесі; отыз күндік мерзім) мағыналарының әлі де болса тиянақталмағанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет